Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)



Pdf көрінісі
бет41/62
Дата28.03.2024
өлшемі0.62 Mb.
#496772
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62
Саясаттану

Əлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы дамуын қамтамасыз етуге,
əлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға лайықты өмір
салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-əрекеттер жиынтығы.
Оған ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, жалақыны көтеру,
денсаулық сақтау, білімін көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз ету жəне т.б.
жатады.


105
Əмбебап партиялар – мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге
тырысқан партиялар. Сондықтан оларды сайлаушылар партиясы деп те атайды.
Мұнда əлеуметтік, этникалық, діни жəне т.б. өзгешеліктеріне мəн берілмейді.
(мұндай партиялардың саны соңғы жылдарда Еуропа мен Америка елдерінде
етек алуда).
Б
Бейсаясаттық – азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси
өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы.
Бейтараптылық – 1) екі жақтық айтыс, талас, дау-жанжалдарына
кіріспеушілік; 2) соғысқан елдерді жақтап, соғысқа кіріспеу міндетін алған
мемлекеттің халықаралық құқықтық мəртебесі жəне сол бағытта жүргізілген
саясаты.
Билеуші партиялар – қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам
дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған
партиялар.
Билль – 1) АҚШ-та Ұлыбританияда жəне т.б. елдерде парламенттің
қарауына ұсынылған заңжобасы; 2) жеке заңдардың аты, мысалы, құқықтар
туралы.
Билік – 1) адамдардың іс-əрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір
адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлық) көмегімен əсер ету мүмкіншілігі;2)
адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4)
мемлекеттік жəне əкімшілік өкілеттілігі бар адамдары, органдары.
Биліктің тармақталуы – демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін
атқару үшін жəне биліктің, субъектілеріне қарай мемлекеттік билікті заң
шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлу. Егер биліктің бір
тармағы озбырлық етсе, қандай адам болмасын оның екінші тармағына арыз
бере алады.
Блокада – өз дегендерін істету үшін қарсы жақтың жерін немесе бір
бөлігін қоршауға алып, сырт əлемнен бөліп тастау. Ол саяси, экономикалық,
əскери, дипломатиялық жəне т.с.с. түрінде болуы мүмкін.
Бойкот – 1) өзінің экономикалық немесе саяси талаптарын орындату
мақсатында жеке адаммен, ұйыммен, мемлекетпен толық немесе ішінара
қатынастарды тоқтату; 2) сол мақсатқа белгілі бір міндеттерді орындаудан бас
тарту; 3) өкіметті органдарды сайлауға қатысудан бас тарту; 4) наразылық
ретінде біреумен қарым – қатынасты үзу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет