Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)



Pdf көрінісі
бет39/62
Дата28.03.2024
өлшемі0.62 Mb.
#496772
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62
Саясаттану

СӨЗДІК
А
Абсентеизм – халықтың саяси өмірге немқұрайлы, селқос қарауы,
азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы.
Авантюризм – саясатқа, билік жүргізуде жəне т.с.с. белгілі бір мақсат-
мүддеге жету үшін күдікті, шүбəлі жолмен оңай олжа іздеушілік.
Автархия – елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан
оқшауландыруға бағытталған ұлттық мақсат.
Автократия – бір адамға жоғары үкімет билігін шексіз беру басқаруды
немесе осындай басқарушылық орган мемлекетті айтады. Сонымен қатар,
қазіргі саясаттануда ол саяси билікті бөліспей, тұтас басқаруға тырысқан адам,
не адам тобын атау үшін де пайдаланылады.
Автономия – бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық
берілген саяси – ұлттық құрылым.
Авторитаризм – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке
сүйенетін мемлекеттік саяси тəртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Ол
көбінесі саяси жағдайға белсене араласатын əскер күшіне сүйенеді.
Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.
Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе
шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау.
Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси –
қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі.
Адам құқықтары – белгілі бір игілік, өмір сүруді қамтамасыз ететін
адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары,
кепілдіктері.
Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамсыз ететін
қоғамның күйі. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек
қойылады. Онда адамның халықаралық дəрежеде танылған ережелерге сай
құқықтары сақталады.
Аймақтық – белгілі бір жерге, облысқа, көршілес бірнеше елге
қатынасты бір нəрсе.
Аккредитация – 1) шет мемлекетте өкілеттілікке ие болу, сенім
грамотасын тапсыру; 2) ақша алуға немесе сауда операцияларын жасауға
өкілеттілік.
Алуандық – қоғамдық өмір субъектілерінің (топтардың, тартардың,
ұлттардың жəне т.б.) экономикалық, əлеуметтік, идеологиялық, мəдени, діни,
жəне т.т. мүдделердің алуан түрлілігін білдіретін пікір сайысы, билеуші жəне
оппозициядағы партиялардың үкімет биліктің орталықтануына, бір партияның
немесе саяси күштің қолына шоғырлануына қарсы тосқауыл қояды.
Альтернатива – бірнеше мүмкіндіктің ішінен мəселенің шешімін таңдап,
бірін ғана талғап алу.


104
Альянс – ортақ мақсаттарға жету үшін келісім шарт негізінде жасалған
ұйымдардың одағы, бірлестігі. Əдетте жағымсыз, келеңсіз мағынада
пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет