106
Бұқаралық партиялар – үнемі жақтап
дауыс беретін сайлаушылары,
мүшелері, белсенділері көп партиялар. Олардың ресми мүшелері болмайды.
Партиялық билет алып, мүшелік жарна төлемейді.
Бұрмалаушылық – өз мақсатына жету үшін
шындықты бұрмалау,
жасандылық, жалғандық.
Бүлік – бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған
іс-əрекеті.
Бюрократ − 1) азаматтардың мүддесіне
нұқсан келтіріп, өз міндеттерді
формальды түрде
атқаратын қызмет қадамы; 2) басқарудың бюрократиялық
жүйесіне жататын ресми қызметтегі адам.
Бюрократизм – істің мəніне
немқұрайлы, формальды қарау, істі көпке
созу.
Бихевиоризм – жеке адамдар мен топтардың іс-əрекетін талдауға
негізделген əдістемелік бағыт.
В
Вето – тыйым салу; вето құқығы – заң
шығаратын адамдардың
қарқынына тыйым салу немесе заңның күшін тоқтату.
Визит – халықаралық байланыстарды дамытуға ондағы күрделі
мəселелерді шешуге бағытталған түрі. Мысалы, оған мемлекет тарапынан
үкімет басшылары, ресми делегациялардың кездесулері жатады.
Волютаризм – саяси серкелердің
қоғамдық өмір жағдайларымен
санаспай, өз бетімен күштеу əдістеріне сүйеніп жүргізілген саясаты.
Вотум – өкіметке я оның кейбір мүшелеріне сенім білдіру (вотум
доверия) немесе сенім білдірмеу (ветум недоверия) мақсатында сайлау арқылы
қабылданған шешім.
Достарыңызбен бөлісу: