Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)



Pdf көрінісі
бет45/62
Дата28.03.2024
өлшемі0.62 Mb.
#496772
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   62
Саясаттану

Диссидент – үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам.
70-жылдарда КСРО-да қоғам өмірінің əр түрлі, қарсы шыққан адамдарын
айтады.
Догматизм – нақтылы жағдайда өмір жəне тəжірибелік жаңалық,
жетістіктерін ескермей, қатып қалған бір жақты қағидаларға негізделген ойлау,
дүние тану тəсілі. Саясатта ол бір кездерде қалыптасқан ой-пікірлерді, əдіс-
тəсілдерді бұлжымайтындай көріп, ескірген ережелерді, қалыптасуды,
көзқарастарды өзгертпей сақтағысы келеді. Сондықтан ол қоғамның əлеуметтік
– экономикалық, саяси өзгерістеріне ілесе алмай, көбіне оның алға жылжуына
кедергі жасайды, саяси ойдың тоқырауына əкеледі.
Е
Егемендік – мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тəуелсізідігі.
Мемлекеттік егемендік деп шетелдің араласуына жол бермейтін мемлекеттің
ішкі жəне сыртқы істері мен қатынастарындағы саяси тəуелсіздігі жəне елді
басқаруда шешімдер қабылдауда, жоғары билік жүргізудегі еркіндігін айтады.
Егемендіктің саяси, экономикалық, құқықтық жақтары болады.
Еуропарламент – Еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын
мемлекетаралық саяси мекеме. Оған кіретіндер: Бельгия, Германия, Дания,
Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия,
Ұлыбритания, Франция. Ол бес жылда бір рет осы елдер халықтарының тура
дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мəжілісінде Еуропа құрлығының
дамуына байланысты негізгі мəселелер қаралады.
Еуроцентризм − ғылым, білім, мəдениет, əдебиет, өнер жəне т.б. нағыз
жетістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дəлелдеуге тырысатын ғылыми
тұжырым.
Ж
Жалпы азаматтық құндылықтар – бүкіл адамзаттың тəжірибесінен
туған адагершілік қазыналар. Олар адамдардың адамгершілік туралы ой-
пікірлерін білдіреді. Жаңарған колониализм (цооколониализм) – бұрынғы


109
отаршы елдердің тəуелсіздігін алған мемлекеттерді экономикалық, саяси,
əскери, мəдени, идеологиялық жəне т.с.с. əдіс-тəсілдерді шебер пайдалану
арқылы өз ықпалында ұстау, ісіне араласу, қысым жасау саясаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет