Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері



бет13/26
Дата30.03.2024
өлшемі189.96 Kb.
#497058
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
ЛЕКЦИЯ Тірбие -2024

Демократиялық стиль былай анықталады:
– бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынаста вербалды қатынастың жоғары болуы;
– баланың отбасылық мәселелерге араласып, өз ойын білдіруі мен оны үлкендердің ескеруі;
– қажет болған жағдайда ата-ананың көмекке келуге дайын болуы және баланың өз бетімен жетістікке жететіндігіне деген сенім;
баланы қарастырған кезде, өзіндік субъективтілікті шектеу.
Демократиялық стильдегі отбасында тәрбиеленген балалар көшбасшылыққа деген қабілеттілік пен агрессивтілік, басқа балаларды бақылауға деген құштарлықпен сипатталады, бірақ ол балалардың өздері сырттай бақылауға әрең көнеді. Ол балалар дене дамуы тұрғысынан жақсы дамыған және өз қатарластарымен тез тіл табысып кететіндігімен ерекшеленеді.
Бақылаушы стиль – бұл:-
- Баланың іс-қимылына шектеу қою;
- Балаға шектеу сөзінің мағынасын айқындап түсіндіру;
-Тәртіп мәселесі бойынша ата-ана мен бала арасында келіспеушіліктің болмауы.
Тәрбиенің бақылаушы стилі түрінде балалар тәртіпті, ұғымтал, қорқақ, өз мақсаттарына жетуде табандылық көрсетпейді, агрессивті емес. Тәрбиенің аралас түрінде балалар ұғымтал, тәртіпті, эмоционалды сезімталдық, агрессивті емес, жаңа нәрсені білуге деген қызығушылықтың болмауы, ойлаудың бірегейлігі, ой ұшқырлығының жұтаңдығы.
Тәрбиенің авторитарлық стилі
Балалар мен ата-ана арасында қарым-қатынас мүлде жоқ, оны қатал тәртіп пен ережелер алмастырады. Ата-аналар көбінесе бұйрық беріп, оның нақты орындалатынына, талқыланбайтынына сенімді болады. Мұндай отбасыларда балалардың оқшау, тұйық, қорқақ, жалтақ болатыны заңды. Бойжеткен шаққа дейін қыз балалар әдетте пассивті және бағынышты болып өседі. Ұл балалар керісінше, басқаруға келмейтін агрессивті, шектеу қоятын талаптарға бірден қарсы шығатын қызу қанды болып өседі.
Тәрбиенің либералды стилі Балалармен қарым-қатынастағы ашықтық. Ата-аналар балалардың іс-әрекетіне тиым салмайды десек те болады. Ата-ана тарапынан аздаған басқару жүргізіліп, балаларға толық еркіндік берілген. Ешқандай шектеу қоймау құлықсыздық пен агрессивтілікке алып келеді, балалар адамдардың көзінше өздерін көбінесе дұрыс ұстамайды, өздерінің қабілетсіздіктерін алға тартып, импульсивті болып келеді.
Отбасындағы жағдай жақсы болса, мұндай отбасында тәрбиеленген балалар белсенді, сенімді шығармашыл тұлға болып өседі. Егер де жасалған бассыздыққа ата-ана тарапынан ашық түрде қарсылық болса, баланың ең бұзық ойларын жүзеге асыруына ешнәрсе кедергі болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет