Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері


ДӘРІС – 6. АТА-АНАЛАРЫМЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕСТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ



бет12/26
Дата30.03.2024
өлшемі189.96 Kb.
#497058
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
ЛЕКЦИЯ Тірбие -2024

ДӘРІС – 6. АТА-АНАЛАРЫМЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕСТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Жоспар

1. Демократиялық стиль.


2. Бақылаушы стиль.
3. Авторитарлық стиль.
4. Либералдық стиль.
5. Кері қайтару стилі.
6. Индифферентті стиль.
7. Гиперсоциалды стиль.
8. Эгоцентрикалық стиль.
9. Беделдік стиль

Осы заманғы педагогтер және психологтар тәрбиелеуді екі жақты процесс деп қарастырады. Бір жағынан, бала дайын әлеуметтік тәжірибені меңгереді, екінші жағынан ол өзі белсенді түрде әлеуметтік ортаға енеді.


Психолог О.А. Карабановтың ойынша, отбасы бала өмірінің әртүрлі деңгейлерінде, әртүрлі мағынаға ие. Отбасы баланың әлеуметтік даму жағдайына енеді. Дәл осы себепті ата-ананың өз баласына деген қарым-қатынасы, баланың жеке-дара қасиеттерінің даму ерекшеліктері мен өз-өзін ұстай білу дағдыларының қалыптасуына әсер ететін тікелей фактор болып табылады [2].
Жүргізілген бірқатар психологиялық-педагогикалық және әдістемелік жұмыстарды зерттеу нәтижесінде ата-ананың нақты типтегі баламен қарым-қатынасы мен оның нақты жеке-дара мінез-құлқының сипаттамасы арасындағы байланыс айқындалып отыр. Соңғы жылдары ата-ана қарым-қатынасының әдістемелері мен үлгілеріне көп көңіл бөлінеді.
Ата-ананың орны мен ұстанымдары – ата-ананың баламен қарым-қатынасының ең көп зерттелген қырларының бірі екенін атап көрсету қажет. Қазақстандық психологтардың ішінде осы сала бойынша А.Д. Давлетова, М. Смаилова және т.б. ғалымдар жүйелі түрде эксперименттік жұмыстар жүргізген.
Ата-ана қарым-қатынасының астарындағы балаға деген жүйелі немесе эмоционалды қарым-қатынастың бірігуін, ата-ананың баланы қабылдауы және онымен қарым-қатынас жүргізудің түрлерін аңғару қажет. Отбасылық тәрбие берудің стиліне көбінесе тән сипаттамаларды айыра білу қажеттілігі, педагогикалық әсер етудің әдіс-тәсілдерін нақты пайдалану, сөйлеу арқылы және біріккен іс-әрекетті жасау кезінде байқалады. Зерттеу көздерінен әдебиеттерде ата-ананың қарым-қатынасы жайлы кеңауқымды жайтты байқауға болады, тәрбиелеу стильдерінде, сондай-ақ олардың балаға тән жеке-дара ерекшеліктерінің қалыптасуында байқалуын көрсетеді.
«Ата-аналық стиль» немесе «тәрбие стилі» ұғымдары «позиция» ұғымының синонимі ретінде жиі қолданылады. Біз «стиль» терминін қалыптасқан ұғымдарды және талапқа сай мінез-құлықты білдіру үшін сақтауымыз дұрыс деп санаймыз, бұлар нақты баламен емес, жалпы балалармен қарым-қатынасты сипаттайды. Келесі ата-аналық тәрбие стильдерін атап көрсетуге болады: 1. Демократиялық стиль. 2. Бақылаушы стиль. 3. Авторитарлық стиль. 4. Либералдық стиль. 5. Кері қайтару стилі. 6. Индифферентті стиль. 7. Гиперсоциалды стиль. 8. Эгоцентрикалық стиль. 9. Беделдік стиль.
Отбасы тәрбие стилінің бала дамуына әсері Әдетте отбасы тәрбиесінің стилі балада әртүрлі психикалық жағдайлардың пайда болуына себеп болады. Бұл әлеуметтік қауіпсіздік немесе қорғансыздық сезімі, мейірімділік немесе қатыгездік, гиперактивтілік және т.б. болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет