Тәрбиенің кері қайтару стилі
Ата-аналар өздерінің ашық немесе жасырын іс-әрекеттерімен баланы қабылдамауын көрсетеді. Мысалы, ата-ананың баланың дүниеге келуін немесе қыз бала болғанын қалап, ұл баланың дүниеге келуін қаламауы. Бала басынан бастап ата-ананың қалауына сәйкес келмейді. Кей жағдайда бала ата-ананың қалауымен дүниеге келіп, оны мұқият қарап, оны бағып-қағады, бірақ та оның ата-анасымен рухани байланысы жоқ.
Мұндай отбасындағы балалар агрессивті немесе, тұйық, жасқаншақ, ренжігіш болып келеді. Мұндай қабылдамаушылық балада наразылық сезімін тудырады. Оның әсіресе үлкендермен қарым-қатынастағы мінез-құлқында тұрақсыздық, негативтілік байқалады.
Тәрбиенің индифферентті стилі
Ата-аналар балаларға ешқандай шектеу қоймайды, оларға немқұрайлылықпен қарайды, қарым-қатынасқа түспейді. Көбінесе олардың өз мәселелерімен бастары қатып, балаларын тәрбиелеуге уақыты болмайды. Егер ата-ананың немқұрайлылығы өшпенділікке үйлессе, бала бейсоциалды қылықтарға бейімділік танытуы мүмкін.
Тәрбиенің гиперсоциалды стилі
Ата-аналар «үлгілі» тәрбиелеуде барлық нұсқауларды тәптіште орындауға ұмтылады. Мұндай отбасындағы балалар өте тәрбиелі және ұқыпты болып келеді. Олар үнемі өздерінің эмоцияларын және қалауларын тежеуге мәжбүр болады. Осындай тәрбиелеу нәтижесі қатты қарсылыққа, баланың өзін агрессивті ұстауына, кейде аутоагрессияға алып келеді.
Тәрбиенің эгоцентрикалық стилі
Отбасындағы жалғыз немесе зарығып көрген балада көбінесе өзін өте бағалы адам деп санау пікірі қалыптасады. Ол ата-ананың табынушысына және «өмірінің мағынасына» айналады. Сонымен қатар, оның айналасындағылардың қызығушылықтары назардан тыс қалып, баланың жолында құрбандық болады.
Нәтижесінде ол бала басқалардың ой-пікірімен санаспайды, назарға алмайды, ешқандай шектеуді қабылдамайды, кез-келген шектеуді агрессивті түрде қабылдайтын болады. Мұндай бала кертартпа, тұрақсыз, мазасыз болып өседі.
Тәрбиенің беделдік стилі
Баланың үйлесімді тұлғасын дамытудағы ең тиімді, әрі жақсы тәрбиелеу стилі. Ата-аналар балаларының өсіп келе жатқан дербестігін қабылдап, қолдайды. Белгіленген тәртіп бойынша балалармен ашық түрде өздерінің талаптарын талқылайды, шешімдерін саналы деңгейге дейін өзгерте алады.
Мұндай отбасындағы балалар өте жақсы бейімделген, өздеріне сенімді, оларда өзін өзі бақылауы және әлеуметтік дағдылары қалыптасқан, олар мектепте жақсы оқиды және өз-өздерін жоғары бағалайды. Қарастырылған ата-аналық қарым-қатынас түрлері баланың әлеуметтік бейімделуіне көп ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |