Әдебиеттер
1. Иманбаева С.Т., Майғаранова Ш.М.Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық.- Алматы. – 2018 , 253 бет.
ДӘРІС -14. ОҚУШЫЛАРДА ТОЛЕРАНТТЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жоспар
Толеранттық – философиялық, мәдени, әлеуметтік, психологиялықпедагогикалық элементтер үйлестірілген көпаспектілі түсінік. Толеранттық ұғымының мазмұнына осындай қатынаста оны ең алдымен диалогқа және ой еркіндігіне ашықтық ретінде, бір мезгілде тұлғалық және қоғамдық санатты, негізсіз әлеуметтік ортаның және тұтас алғанда әлемнің көпполярлылығын сендіретін, әлемге деген көзқарастар мен қоғамның даму жолдары біркелкі емес немесе қандай да бір адам басым емес деп түсіндіруге болады [5].
М.А. Орлованың ұйғаруынша, толеранттық – бұл ең алдымен адамның басқа мәдениеттерге және ұлттарға белсенді қатынасы, бірақ қалай болғанда да оларға қатысты аяушылық немесе салғырттық емес [6]. Біздің пікірімізше, қазіргі педагогикада «толеранттық» ұғымына барынша нақты түсінік берген Б.З. Вульфовтың пікірінше «толеранттық – адамның (немесе топтың) басқа менталитет және өмір салты тән адамдармен қатар өмір сүру қабілеті» [7]. Алайда, осы әдістемелік ұсыныстар аясында толеранттық тұлғаның дербес-психологиялық ерекшеліктері кеңістігінде қарастырылады, біздің ойымызша, «толеранттық» түсінігіне М.С. Мацковский ұсынған анықтаманы қарастырған дұрыс сияқты. Оның пікірінше, толеранттық толеранттықтың субъектісі және объектісі арасындағы өзара әрекеттің белгілі сапасы, объектінің сыртқы белгілер, пікірлер, мінез-құлық ережелері және т.б. тұратын әлеуметтікмәдени айырмашылықтарын субъектінің қабылдауға даярлығымен сипатталады [8].
Психологияда «қалыптасу» термині әлеуметтік өздерінің белсенді тіршілік әрекеті үшін субъектілердің қажет тұтас, орнықты сипаттар мен қасиеттерге мақсатты және ұйымдасқан түрде ие болу процесі ретінде түсіндіріледі [9].
Б.С. Гершунскийдің пікірінше, ұлтаралық толеранттықты қалыптастыру қазіргі кезде шешімі бүгінгі күнде де өзекті болып отырған негізгі педагогикалық проблемалардың бірі болып қала береді [10]. Б.З. Вульфов толеранттық тәрбиелеу тәртібін көзқарастары мен өмірлік құндылықтары әртүрлі адамдар арасындағы қарым-қатынас үшін қандай да бір платформа қалыптастыру ретінде қарастырады [7].
Г.У. Солдатованың ойынша, толеранттық тәрбиелеу процесін тиімді және жүйелі жүзеге асыру үшін бірқатар аспектілерді қарастыру қажет: - психологиялық орнықтылық аспектісі; позитивті мақсаттар жүйесі аспектісі; - жеке қасиеттер жиынтығы аспектісі; тұлғалық және топтық құндылықтар жүйесі аспектісі [11]. Сонымен, толеранттықты қалыптастыру процесі педагогика, психология, философия, социология категорияларына жатады және бірнеше аспектіде қарастырылады. Толеранттықты қалыптастыру, соның ішінде басқа этникалық топ өкілдеріне қатысты қалыптастырудың мақсаты олармен басқа мәдениет және көзқарастағы адамдар ретінде позитивті әрекеттесу болып табылады.
Бүгін Қазақстан Республикасындағы білім беру стратегиясы білім берудің барлық деңгейлерінде білім алушылардың толеранттығын дамытуға бағдарланған, себебі қазақстандық сарапшылар жүргізілген социологиялық сауалнамалардың қорытындысына сүйене отырып, Қазақстан Республикасында этносаралық қақтығыстар туындау қаупін жоққа шығармайды. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда сұралған респонденттердің 25,1% күнделікті өмір жағдайында (дүкенде, қоғамдық көлікті пайдалануда) этносаралық шиеленіске тап болады [12]. Мысалы, Қарағанды облысында жүргізілген заманауи оқушы тұлғасын көпұлтты ортада қалыптастыру проблемасын зерттеу көрсеткендей, балалардың 10,4% - кей этнос өкілдеріне сенімсіздік танытатынын, сонымен қатар, респонденттер этномәдени айырмашылықтар кейде олардың наразылықтарын туғызатынын көрсеткен [13]. Басқа ұлт өкілдеріне осындай қатынас және мәдени айырмашылықтарды қабылдамау алдағы кезде маңызды әлеуметтік зардаптарға, қылмысқа, ұлттық негізде жаппай тәртіпсіздікке әкеліп соқтыруы мүмкін.
ҚР «Білім туралы» заңында адам құқығын және бостандығын құрметтеу принципі анықталған, оқушыларда ұлтаралық толеранттықты қалыптастыру, түрлі этнос өкілдері арасында диалог орнату үшін қажет жағдайлар тудыру міндеттері қойылған.
Этникалық толеранттықты қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған, 1996 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында» этномәдени білім берудің бағыттылығы ҚР этностарын біріктіруге ықпал етеді деп көрсетілген, эгоцентризм, ұлтшылдық және нәсілшілдік көріністерінің алдын алуға көмектеседі.
Қазақстандық мектептерде этносаралық толеранттықты қалыптастыру проблемасының қазіргі жағдайына талдау жүргізе отырып біз төмендегі қарама-қайшылықтарды анықтадық:
- әлемдік жаһандану процесі жағдайында оқушылардың ұлтаралық толеранттығын қалыптастыру маңыздылығы мен білім беру мекемелерінің осы қажеттіліктерді іске асыру дайындық деңгейі арасындағы;
- оқушылардың этносаралық толеранттығын қалыптастыру тәсілдерін және технологияларын жаңарту қажеттілігі мен осы жұмысқа мұғалімдердің жеткіліксіз психологиялық-педагогикалық даярлығы арасындағы;
- Қазақстан этностарының өмірді жаңаша көрудегі шынайы қажеттілігі және позитивті этносаралық өзара әрекеті мен білім беру саласындағы этнопедагогикалық көзқарастың пайдаланылмаған педагогикалық әлеуеті арасындағы.
Сонымен, жүргізілген талдау қазақстандық қоғам дамудың қазіргі кезеңінде көпмәдениетті тәрбиенің маңызды құрамдасы ретінде жастардың этникалық және конфессияаралық толеранттығын қалыптастыру процесін арттыруда арнайы педагогикалық жағдайлар туғызу үшін жеткілікті негіз бар деп айтуға мүмкіндік береді. З.Б. Қабылбекова және М.Б. Мансурова жалпы білім беретін мектептері оқушыларында этникалық толеранттылық қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық негіздеріне іргелі зерттеу жүргізді [14]. Бұл зерттеулер нәтижелерінің бірі – педагогикалық қызметтің негізгі бағыты оқушыларды қоғамдық және мәдениеттанулық ұйымдармен этносаралық қатынасқа, серіктестікке тарту болып табылатын ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуде этнопедагогикалық көзқарастарды іске асырудың тұжырымдамалық моделі (1-сурет).
МОТИВА
ЦИЯЛЫҚ – МАҚСАТ
ТЫ БЛОК
|
Мотивациялық-құндылықты компонент Мақсаты: Оқушыларда ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру Міндеті: Түрлі ұлт өкілдерімен қатынас процесінде құндылықтар жүйесін және әрекеттер мен іс-қимылдың жоғары адамгершілікті мотивациясын, ұлтаралық қатынасқа қызығушылық қалыптастыру, мектептің білім беру процесінде ұлтаралық қатынастың позитивті тәжірибесін ұйымдастыру
|
Тәсілдер:
мәтіндік-
-диалогтық, мәдениет
танушылық, интегративтік, мәнмәтіндік Принциптер: маңыздылық, қолжетімдік, сендірерлік, түсіуну, мәтіндегі мазмұныды баяндау құрылымының адамның танымдық қызметінің психология
лық құрылымына сәйкестігі;
тарихи және мәдени мұра басымдылығы
|
МАЗМҰН
ДЫ- ОПЕРА
ЦИЯЛЫҚ БЛОК
|
Когнитивті компонент Пәндердің оқу бағдарламалары; оқушылар үшін «Ұлтаралық қатынас мәдениетінің негіздері» және мұғалімдер үшін «Ұлтаралық қатынас мәдениеті» арнайы курстары
|
Әдістер: Мәдени-кросс, проблемалық, эмпатия әдісі, ойынтерапия әдісі
|
Формалар: проблемалық пікірталастар, сынып сағаттары, дәстүрлі емес сабақтар (саяхат-сабақ, зерттеусабақ, театрландырылған сабақ), тренингтер, ойында
|
Құралдар: мультимедиялық проектор, интерактивті тақталар, кинофильмдер, Интернет ресурстар, ұлтаралық қатынастың түрлі жағдайы сипатталған карточкалар
|
ҰЙЫМДАС
ТЫРУ
БАСҚАРУ
ШЫЛЫҚ
БЛОК
|
Іс-әрекеттік компонент Түрлі ұлт өкілдерімен ұлтаралық қатынас тәжірибесін кеңейтуге және қатынастың практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізу: ұлттық дәстүрлер, облыстық балалар фестивалі, діни мейрамдар (Ораза, Құрбан-айт, Пасха, Рождество және т.б.), көркем-эстетикалық, туристік-өлкетану бағыттары бойынша үйірме жұмысы, «Қазақстан халқы: тарих, білім беру, мәдениет» аймақтық ғылыми-практикалық конференция, қазақ тілі және әдебиеті бойынша облыстық олимпиада.
|
ДИАГ
НОС
ТИКА
ЛЫҚ
БЛОК
|
Критерийлер:
когнитивті мотивациялық құндылықты
іс-әрекеттік
|
Көрсеткіштер: өз халқының және өзге халықтардың тарихы мен мәдениетін, басқа ұлттардың ерекшеліктерін білу (тарихы, тілі, діні, салт-дәстүрі, түрлі ұлт адамдарының өзара әрекетіндегі жалпыға қабылданған нормалар мен мінезқұлық ережелері) оқушылардың басқа ұлт адамдарымен әрекеті мен қатынасының мотивациясы; ұлттық айырмашылығына қарамастан әрбір адамды құрметтеу; жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлану; эмпатия басқа ұлт өкілдерімен позитивті қатынас жасауға даяр болу, этникалық толеранттық көрініс
|
Деңгейлер: төмен, орта, жоғары
|
|
Нәтиже: этносаралық қатынастың жоғары деңгейінде оқушылардың ұлтаралық толеранттығының қалыптасқандығы
|
|
Педагогтардың тәрбие қызметінің осы саладағы тәрбие әрекеті аясының негізгі элементтері:
- түрлі ұлт өкілдерінің ерекшеліктерін зерттеу, олардың әдет-ғұрпымен, салтымен, дәстүрлерімен танысу, қандай да бір оқушыға қатысты белгілі бір этнос өкілі болғандығы үшін ғана біржақты қатынас қалыптасуына жол бермеу;
- көпұлтты сынып ұжымындағы қарым-қатынас сипатын, моральдық-психологиялық ахуалды сын тұрғысынан ұғынуы;
- соқыр нанымдарды, өзімшілдікті, ұлттық шектеулілікті жоюда дамуының әр кезеңінде көпұлтты сынып ұжымын біріктіру бойынша педагогтың қызметі;
- мектеп ұжымында ұлттық белгісі бойынша тартысты жағдайлардға жол бермеу бойынша жағдай жасау;
- ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру (дөңгелек үстелдер, ұлттық мерекелер, түрлі діндер туралы әңгімелер, интернационалдық достық клубтары).
Біздің пікірімізше, мектеп педагогикалық құрамының тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру үшін осы салада көпмәдениетті білім беру ортасында толеранттық қалыптастырумен байланысты бірқатар ұсыныстар қарастырған дұрыс:
- ұлтаралық толеранттықты қалыптастыру курсын іске асыру аясында білім беру ұйымының жұмыс жоспарына сабақта да, сыныптан тыс шараларда да көрініс табатын толеранттық және этнотолеранттық мәселелері кіргізілуі тиіс;
- педагогтер оқушылардың этникалық толеранттығының деңгейін көтеруге, сондай-ақ олардың өз ұлттық бірдейлігінің позитивтілігін арттыруына ықпал ететін кіріктірілген курстар бағдарламаларын әзірлеуі тиіс;
- зерттеушілік сипатындағы жұмыстардың тақырыптарын дайындауда ҚР ұлтаралық келісімді сақтау мәселесіне ерекше назар аудару қажет;
- этникалық толеранттық деңгейіне ықпал ететін теріс ықпалдарды төмендету үшін мәдениетаралық диалог дағдыларын әзірлеуге бағытталған мәдениетаралық қатынастардың әлеуметтік-психологиялық тренингтерін өткізу қажет;
- пән мұғалімдері гуманитарлық цикл пәндерінде түрлі халықтардың фольклорлық және әдеби дереккөздерінің көмегімен Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеуді тәжірибеге енгізулері қажет.
Бастауыш мектептегі оқу кезеңі педагогтар тарапынан болатын тәрбие ықпалына әлдеқайда сезімтал болғандықтан, осы әдістемелік ұсыныстар аясында осы жас санатындағыларда этникалық толеранттық процесін қалыптастырумен байланысты негізгі кезеңдерге нақты тоқталамыз.
Бастауыш мектеп балаларында көпмәдениетті білімді қалыптастыру үшін әдебиетті келесі бағыттар бойынша: республикалар туралы танымдық әңгімелер; түрлі ұлт адамдарының еңбегі және тұрмысы туралы әңгімелер; халықтардың ұлттық мәдениетімен таныстыратын әңгімелер; халықтардың ұлттық мәдениетімен таныстыратын әңгімелер; түрлі ұлт балаларының өмірі туралы әңгімелерді таңдау қажет.
Бүгінгі таңда бір жағынан, жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарының призмасы арқылы іріктелген, түрлі ұлт өкілдеріне сыйластық, қызығушылық және құрмет сезімін оятатын, басқа жағынан – адамгершілік руханилықтың негізін қалайтын, балаларды көпұлтты көркем әдебиетпен, үздік шығармалармен таныстыратын бастауыш сынып оқушыларына арналған арнайы хрестоматия қажет. Оны ұлттық колоритті шынайы және талантты түрде көрсететін суретшілердің ашық түсті ірі иллюстрацияларымен безендіру маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |