Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері



бет20/26
Дата30.03.2024
өлшемі189.96 Kb.
#497058
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
ЛЕКЦИЯ Тірбие -2024

Әдебиеттер
1. Балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу бойынша ата-аналарға ақыл-кеңес. Әдістемелік ұсыныстар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 17 б.
2. Статья «Потенциальных самоубийц в Казахстане часто не воспринимают всерьез». Исследование Тенгри ньюс – // Tengrinews.kz. – 21 января, 2015. http://tengrinews.kz/kazakhstan

ДӘРІС -12. «ТӘУЕКЕЛ ТОПТАҒЫ» БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ АНЫҚТАУ, ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жоспар
Қоғамда кәмелете толмаған балалардың девиантты мінез-құлық мәселесі алаңдаушылық тудыруда. Бүгінгі таңда отбасы институттары мен мектептердің, интернаттар мен жабық мекемелердің жұмыстары әлсіреді; жоғары оқу орындарының студенттері мінез-құлқында ауытқулары бар балалармен жұмыс жасау үшін қажетті білімдер мен нақты дағдыларды меңгермеген, соның салдарынан мектептегі педагогтер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтердің жұмыстарында қиындықтар туындауда. Отбасы мұқтаждылығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері, имандылық пен адамгершіліктің болмауы, өмірге деген тұтынушылы – өзімшілдік қарым-қатынасы кәмелетке толмаған балалардың өзіне және айналасындағы адамдарға байыпсыз қарауын туғызады. Адамгершілік пен құқық туралы түсініктер тек сөз жүзінде ғана қалып, олардың мінезқұлықтарының негізгі реттеушілері бола алмады.
Нәтижесі – бақылаусыз қалған және тастанды балалардың санының өсуі, отбасы мен қоғамның мәдени-моральдық бастауларын бұрмалау мен елемеу, мінез-құлықтың қоғам тәртібіне мүлдем сай болмауы. Бұның барлығы нашақорлыққа, ішімдікке салынушылыққа, жасөспірімдердің жезөкшелікке салынуына, суицид, ұрлыққа, тонауға, буллинг, интернетке тәуелділік, кибербуллинг т.б. бұзақылыққа салыну заң бұзушылықтарына әкелді[10]. Қазақстанда «тәуекел тобындағы» балаларды ерте анықтау және балалардың девиантты мінез-құлқын алдын алу мәселелер бойынша әдістәсілдер мен ұсыныстарды қарастырмас бұрын оның ғылыми зерттеулеріне шолу жасауды жөн көрдік.
Әлеуметтік педагогикадағы профилактика ең алдымен, ғылыми негізделген және уақтылы қабылданған іс-шаралар жеке балада немесе әлеуметтік тәуекел тобына кіретін кәмелетке толмағандарда мүмкін болатын физикалық, психологиялық немесе әлеуметтік-мәдени жағдайлардың алдын алу, баланың өмірі мен денсаулығының қалыпты деңгейін сақтау, және қорғау, баланың әлеуметтік маңызды мақсаттарға жетуіне көмектесу және оның ішкі әлеуетін ашу деп түсіндіріледі.
«Девиантты мінез-құлықты ерте алдын-алу» ұғымы ХХ ғасырдың 60- жылдарының ортасында енгізілген және бұл тұжырымдаманы отбасы мен білім беру ұйымы жүзеге асыратын алдын-алудың бастапқы деңгейімен байланыстырады.
Ю.М. Антонян профилактика түрлерін сипаттай отырып, мыналарды: алдын алу (оның ерекшелігі қылмыстық мінез-құлыққа әкеп соқтыруы мүмкін сыртқы жағдайлардың өзгеруіне бағытталу), ерте профилактиканы (ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған және баланы балалар мекемесіне орналастырған жағдайларда 3-5 жастағы балаларға қатысты) бөліп көрсетеді. Ерте профилактиканың негізі – қылмыстың алдын-алу емес, алдын-ала тәрбиелеу. Ерте профилактика дегеніміз, адаммен жұмысты алдын-ала бастау. Кез-келген профилактиканы алдын-ала бастау керек.
М.В. Шакурованың пікірінше, девиантты мінез-құлықтың ерте алдыналудың негізгі міндеті – қоршаған ортаның түрлі қолайсыз факторларына, тәрбиеге, психобиологиялық ерекшеліктерге байланысты қолайсыз әлеуметтік даму – социопатогенез нәтижесінде пайда болатын балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік ауытқулары мен әлеуметтік бейімделуінің алдын алу және түзету.
С. А. Беличева ерте профилактиканы десоциализация процесінің алдыналу тұрғысынан қарастыру қажет деп санайды. Бұл кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы мінез-құлқын анықтайтын қолайсыз факторлар туралы білім шеңберін едәуір тереңдетуге және өз кезегінде отбасыларды, тәуекел балаларды әлеуметтік-педагогикалық және психоәлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға, сондай-ақ білім беру ортасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді[11].
«Тәуекел тобындағы» балалар проблемасының факторлары мен себептері Балаға өмір бойы қоршаған орта әсер етеді. Сонымен қатар, бұл орта табиғи, биологиялық әсер етуден бұрын, әлеуметтік сипатқа ие және осы әлеуметтік параметрлерден, оның ішінде тәрбиелік параметрлерден оның жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы сәттілігі немесе сәтсіздігі дамиды. Балалар «жағымсыз» әлеуметтік көрініске ие болады, өйткені олар осылай дүниеге келгендіктен емес, түрлі факторлардың, негізінен оларға тәуелді емес тәуекел факторлардың әсерінен болады. Осы факторлардың ішінде келесі негізгі топтарды бөліп қарастырсақ:
- медициналық-биологиялық (денсаулық жағдайы, тұқым қуалайтын және туа біткен қасиеттері, психикалық және физикалық дамуындағы бұзылулар, құрсақішілік даму жарақаттары және т. б.); - әлеуметтік-экономикалық (отбасының материалдық проблемалары, отбасындағы қолайсыз психологиялық ахуал, ата-аналардың өнегесіз өмір салты, қоғамдағы өмірге қабілетсіздік және т. б.);
- психологиялық (өзін-өзі қабылдамау, невротикалық реакциялар, эмоционалды тұрақсыздық, қарым-қатынас қиындықтары, құрдастарымен және ересектермен өзара әрекеттесу және т. б.); - педагогикалық (білім беру ұйымының бағдарламаларының мазмұны мен балаларды оқыту жағдайларының олардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне, балалардың психикалық дамуы мен оқыту қарқынына сәйкес келмеуі; оқуға қызығушылықтың болмауы, оң тәжірибе үшін жақындығы, оқушы бейнесіне сәйкес келмеуі және т.б.).
Дәл осы факторлардың әсерінен балалар тәуекел тобына енеді. Әдетте бұл балалардың келесі санаттарын қамтиды:
- дамуында проблемалары бар, айқын клиникалық-патологиялық сипаттамасы бар балалар;
- әр түрлі жағдайларға байланысты ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; - қолайсыз, бейәлеуметтік отбасылардан шыққан балалар;
- әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық көмекке және қолдауға мұқтаж отбасылардан шыққан балалар. Жеке тұлғаны дамыту процесі қоршаған әлеуметтік кеңістікке байланысты, оның субъектілері отбасы, мектеп, достар, құрдастар, баланың өзі және т.б. осы кеңістіктегі көп бағытты әсерлердің қатынасы (оң және теріс) көбінесе жеке тұлғаны қалыптастырудың мүмкін нұсқаларын анықтайды.
Адамгершілік, жағымды бағдарланған орта баланың жеке басының қалыптасуына жағымды әсер етеді. Алайда, маман көбінесе әлеуметтік кеңістігі көп нәрсені қалайтын балалармен, жасөспірімдермен күресуге мәжбүр. Осыдан ауытқу мінез-құлқы. Міне, осындай девианттылықтың (девиация) кейбір себептері:
- денсаулық жағдайындағы нормадан ауытқу (дене және (немесе) психикалық денсаулығының бұзылуы, дене дамуының сәйкессіздігі, бойының өсуі, мінездің акцентуациясы); - тұлғааралық қарым-қатынас саласындағы бұзушылықтар (танымал емес, ортада қабылданбайды, ешкім оны елеп-ескермейді, сынып ұжымында оқшауланады, құрбандар, шығындар бағасымен шектеседі; еркін қарымқатынас тобынан оқшауланған; жанжал, бақыланбайтын, отбасынан кеткен);
- мұғалімдердің қателіктері (педагогикалық билікті асыра пайдалану; баланы жеке ынталандырудан айыру; білім алушының жеке басын қорлау ретінде жазалау; талаптардың сәйкессіздігі; білім алушының ерекшеліктерін үстірт білу, білім алушының ата-анасы мен мұғалімдер арасындағы немесе білім алушы мен мұғалімдер арасындағы жанжал және т.б.);
- отбасылық тәрбиенің қателіктері («жасырын балалық шақ», «басылып қалған балалық шақ», «бұзылған балалық шақ», «жалғыз балалық шақ», «немқұрайлы балалық шақ»); ата-аналардың қарапайым психологиялықпедагогикалық білімінің болмауы, тәрбие туралы мәселелерді мектепке ауыстыру; жасөспірімді физикалық үй еңбегінен шеттету; отбасындағы жанжалдар және т. б.;
- әлеуметтік себептер (қоғамдағы қайшылықтар, микросоциумда);
- травматикалық жағдайлар (ата-анасының ажырасуы, туыстарының қайтыс болуы, тұрғылықты жерін өзгерту және т.б.). Көбінесе, жоғарыда аталған себептердің нәтижесінде жасөспірімдер заңға қайшы келеді. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық мінез-құлқының негізі: ұсыныс, имитация, импульсивтілік, ситуациялық сипаттағы мотивтер, жалған өзін-өзі растау, топтық мінез-құлық. Жасы ұлғайған сайын бұл мінез-құлық «ұтымды», яғни алдын-ала «әдейі» жоспарланған мінез-құлыққа жол ашады. Қызғаныштың, пайданың, мотивациясы негізгінен кек, ашулану, қызғаныш, өш алу т.б. теріс өзін-өзі растау мен батылдықпен ауыстырылады. Мұндай балалар, әдетте, дамудың қалыпты жағдайынан айырылады, бұл психологиялық және әлеуметтік сипаттағы түрлі жағымсыз салдарға әкеледі. Бұл тұжырымдама баланың басты тағдыры, оның екіұштылығы, қауіпті әлеуметтік көзқарасы ретінде ерекшеленеді. Мұндай балаға, бір жағынан, өмірлік қиын немесе әлеуметтік тәуекел жағдайды өзгертуге, екінші жағынан, олардың әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық проблемалары мен қиындықтарын кезең-кезеңімен дамыту және шешу мақсатында азайтуға бағытталған көмек қажет.
Сондықтан мұндай балаларға олардың әлеуметтік қызметі мен мінез-құлқын түзету немесе олардың кеңірек әлеуметтену процесі керек. Яғни, бұл тәсілдің басты мақсаты – оларды қоғамға бейімдеу, олардың мінез-құлқы әлеуметтік нормадан асып кетпеуі және басқалармен қалыпты қарым-қатынас орнатуға кедергі келтірмеу.
Бүгінгі таңда біздің қоғам алдында тұрған өзекті және әлеуметтік маңызды проблемалардың бірі – девиантты мінез-құлқы бар балалар санының өсуі. Кәсіби ортада «девиантты мінез-құлқы бар балалар» ұғымының маңызды негіздері туралы түрлі ғылыми көзқарастары: балалардың аталған санатына тәрбиенің (отбасылық немесе қоғамдық) кемшіліктері, онтогенездің сол немесе өзге кезеңіндегі қолайсыз даму жағдайы салдарынан және осыған байланысты педагогикалық ықпал етудің әдеттегі шараларына көнбейтін, адамгершілік, ақыл-ой, эмоциялық-еріктік дамуында проблемалары бар психикалық ауытқулары бар балаларды жатқызу керек деп пайымдайды. Енді бір ғылыми деректер девиантты мінез-құлқы бар балалар өмірлік қиын жағдайға тап болған, көмекке мұқтаж, арнайы көмексіз жағдайды жеңе алмайтын балалар деп санайды.
«Девиантты» терминімен қатар, жалпы қабылданған нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты анықтау үшін терминдер қолданылады: девиантты, асоциалды, жеткіліксіз, деструктивті мінез-құлық және балалардың өздері қиын, бейімделмеген, педагогикалық, әлеуметтік қараусыз қалған, тәртіпсіз, тәуекел балалар, қосымша психологиялықпедагогикалық назар аударуды қажет ететін балалар және т.б. деп аталады [12]. Әлеуметтік және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған бала – қарым-қатынас, белсенділік және өзін-өзі тану субъектісінің қасиеттерінің дамымауымен және басқалармен өзара әрекеттесудегі тиісті жеткіліксіз белсенділікпен сипатталады.
Көптеген авторлар «педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған бала» ұғымын баланың оқуы мен тәрбиесінің қиындығымен, ата-аналар, мұғалімдер және балалар ұжымы оған қойылатын талаптарды жеңу үшін қажетті білім мен дағдылардың жетіспеушілігімен байланыстырады. Әлеуметтік қараусыз қалған балалар мен мектеп пен әлеуметтік бейімделу қаупі бар балалар көбінесе тәуекел топтың балалары деп аталады.
Бейімсіз бала – бұл әлеуметтік рөлдерді, оқу бағдарламаларын, әлеуметтік институттардың (отбасы, білім беру ұйымдары және т.б.) нормалары мен талаптарын игеруде қиындықтарға тап болған бала.
«Оқуға бейімсіздік» ұғымын сипаттай отырып, М.А. Галагузова оның келесі кезеңдерін анықтайды: - оқу декомпенсациясы – баланың мектепке деген жалпы қызығушылығын сақтай отырып, бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиындықтардың туындауы; - мектептегі бейімсіздік – оқудағы қиындықтар, мұғалімдермен, сыныптастармен қақтығыстар түрінде көрінетін мінез-құлықтың бұзылуы, сабаққа қатыспау; - әлеуметтік бейімсіздік – оқуға деген қызығушылықтың толық 21 жоғалуы, мектеп ұжымына ене алмау, қоғамға қарсы компанияларға бару, бос уақытты криминализациялау[13].
Тәртіпке бағынбайтын бала – өз қажеттіліктерін, тілектерін, мүдделері мен іс-әрекеттерін қоғамның моральдық талаптарына қалай байланыстыру керектігін білмейтін адам. Тәртіпсіз мінез-құлықтың айқын белгілері – бұл нормаларды ұстанудан, мінез-құлық ережелерін сақтаудан бас тарту және қабілетсіздік.
Тәуекел тобындағы бала – бұл өз өмірінің белгілі бір жағдайларына байланысты қоғам мен оның қылмыстық элементтерінің теріс сыртқы әсеріне бейім, өмірге, денсаулыққа және қалыпты өмір сүру жағдайларына қауіп төндіретін бала. Осы санаттағы балалар жасайтын қоғам үшін тәуекел аспектілерді есте ұстаған жөн.
Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық құжаттарда, әдістемелік материалдарда қазіргі кезеңде бірқатар жаңа терминдер қолданылады.
Олар: Әлеуметтік тәуекел жағдайдағы бала – бұл санатқа кәмелетке толмағандар енеді:
- ата-аналары немесе олардың өзге де заңды өкілдері кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын (тиісінше орындамайтын) не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін, оларға қатыгездікпен қарайтын, қылмыстық әрекетке тартатын, спирттік ішімдіктерге, есірткіні, уытты, психотроптық және басқа да күшті әсер ететін, есеңгірететін заттарды медициналық емес пайдалануға тартатын, жезөкшелікпен, құмар ойындармен айналысуға мәжбүрлейтін отбасында тәрбиелену;
- қадағалаусыз немесе панасыз қалу салдарынан олардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін, не құқық бұзушылық немесе өзге де қоғамға жат іс-әрекеттер жасайтын, оларды тәрбиелеуге немесе күтіп-бағуға қойылатын талаптарға сай келмейтін жағдайда болу;
- күш көрсету, психикалық немесе өзге де зорлық-зомбылық түрлерінің құрбаны болу; - табиғи немесе техногендік авариялар, зілзалалар, апат салдарынан зардап шеккендер;
- басқа қолайсыз жағдайларда, төтенше жағдайларда тап болғандар[14].
Осыған сәйкес психологиялық-педагогикалық назар аударуды қажет ететін бала («ерекше педагогикалық назар аударуды қажет ететін», «әлеуметтікпедагогикалық және психологиялық көмекке мұқтаж» және т.б.). ұғымы салыстырмалы түрде жаңа болып табылады, осылайша балаға қатысты педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық көмек пен білім беру мекемесі мамандарының (әлеуметтік педагогтер, педагогпсихологтар және т.б.) қолдауының маңыздылығы атап өтіледі. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңының 3-бабының 2-тармақшасында девиантты мiнез-құлықты балаларды әлеуметтік оңалту 22 және кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөнiндегi мақсатты жұмысты қамтамасыз ету делінген[15].
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 2021-2022 оқу жылына жазылған Әдістемелік нұсқаулық хатында «Мектеп пен ата-аналар балаларды қоғамға жат мінез-құлықтан бас тарту мәдениетіне тәрбиелеуі керек» делінген.
Сонымен қатар отбасында, мектепте, қоғамдық ортада құндылықтар негізінде балаларды тәрбиелеу – қазіргі уақыттың өзекті мәселесі ретінде «Отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері мектептердің тәрбие жұмысында, балалардың бос уақытын ұйымдастыру аясында қосымша білім беруде, мәдени-бұқаралық іс-шараларда, конкурстар мен сынып сағаттарында, ата-аналар жиналыстарында, үйірме жұмыстарында, сондай-ақ еңбек тәрбиесінде, бірлесіп еңбек етуде көрініс табуы тиіс» деп атап көрсетілген[16]. Жеке басының дамуында теріс тенденциялар байқалған білім алушылар санаттарының түрлі атаулары осы балалармен жұмыс жасайтын және олардың педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік проблемалары мен қиындықтарын азайтуды қамтамасыз ететін мамандардың (мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік тәрбиешілер және т.б.) қызметін көрсетеді.
Жеке тұлғаның девиантты мінез-құлқы әлеуметтік, психологиялық және биологиялық факторлардың күрделі өзара әрекеттесуінің нәтижесі ретінде қарастырылады, олардың әрекеті өз кезегінде жеке қатынастар жүйесі арқылы бұзылады. Әлеуметтік нормалар кез-келген қоғам өмірінде баға жетпес реттеуші рөл атқарады. Олар белгілі бір уақытта белгілі бір қоғам үшін қажет нормативтікбекітілген әрекеттер өрісін жасайды, сол арқылы жеке тұлғаны оның мінезқұлқына бағыттайды; қоғам тарапынан бақылау функциясын орындайды, үлгі ретінде қызмет етеді, хабардар етеді, мінез-құлықты бағалауға, оны болжауға мүмкіндік береді.
Девиантты мінез-құлық нысандарын келесі тәсілдер аясында қарастырған жөн:
- әлеуметтік-құқықтық;
- педагогикалық;
- психологиялық.
Әлеуметтік-құқықтық тәсіл аясында – әлеуметтанулық және құқықтық бағыттар ерекшеленеді. Әлеуметтану мінез-құлық ауытқуларын бірнеше себептерге байланысты топтастырылған әлеуметтік құбылыстар ретінде қарастырады:
- масштабқа байланысты – жаппай және жеке ауытқулар болып бөлінеді;
- салдардың мәні бойынша – жағымсыз (зиянды салдарлар тудыратын және әлеуетті қауіп тудыратын) және жағымды;
- тақырып бойынша – нақты адамдардың, бейресми топтардың және т.б. ауытқуы;
- объект бойынша – экономикалық, тұрмыстық және т.б.;
- ұзақтығы бойынша – бір жолғы және ұзақ мерзімді;
- бұзылған норманың түрі бойынша – қылмыс, маскүнемдік, нашақорлық, суицид және т.б.
Құқықтық тұрғыдан алғанда, девиантты мінез-құлық қазіргі уақытта қабылданған құқықтық нормаларға қайшы келетін және жазалау қаупі бар тыйым салынған барлық нәрсені білдіреді. Жеке адамның іс-әрекетін құқықтық бағалаудың жетекші критерийі олардың әлеуметтік қауіптілігінің өлшемі. Әрекеттердің қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі бойынша олар қылмыстарға, әкімшілік және азаматтық-құқықтық қылмыстарға, тәртіптік теріс қылықтарға бөлінеді.
Педагогикалық тәсіл аясында – «девиантты мінез-құлық» ұғымы көбінесе «бейімделу» ұғымымен синоним болып келеді. Мектептегі және әлеуметтік бейімделу. Мектептегі бейімделе алмаушылық құрылымына оның сәтсіздіктері, құрдастарымен қарым-қатынастың бұзылуы, эмоционалды бұзылулар сияқты көріністерімен қатар мінез-құлық ауытқулары да кіреді. Мектеп жасындағы әлеуметтік бейімсіздіктің белгілері: оқуға деген қызығушылықтың толық жоғалуы, мектеп ұжымында болу, қоғамға қарсы компанияларға бару, алкоголь мен есірткіге деген құмарлық және т.б.
Психологиялық тәсілдің өкілдері девиантты мінез-құлықты әлеуметтікпсихологиялық және моральдық нормалардан ауытқу ретінде қарастырады. Ол әлеуметтік қабылданған нормаларды бұзуда немесе әлеуметтік әл-ауқатқа, басқаларға және өздеріне зиян келтіруде көрінетін жанжалды шешудің қоғамға қарсы теріс үлгісі ретінде байқалады.
Қосымша белгілер ретінде мінез-құлықты түзетудің қиындықтары және жеке көзқарастың қажеттілігі ерекшеленеді. Осы тәсіл аясында девиантты мінез-құлықтың түрлі типологиялары қолданылады. Мысалы, Ю.А.Клейберг мінез-құлық ауытқуларының үш негізгі тобын анықтайды: теріс (есірткіні қолдану және т.б.), оң (әлеуметтік шығармашылық және т.б.) және әлеуметтік-бейтарап[17]. Е.В. Змановская девиантты мінез-құлықты: қоғамға қарсы (заңсыз), бейәлеуметтік (азғындық), аутодеструктивті (өзін-өзі бұзатын) деп бөлуді ұсынады. - қоғамға қарсы (қылмыстық) мінез-құлық, оның көзқарасы бойынша, құқықтық нормаларға қайшы келетін, әлеуметтік тәртіпке және айналасындағы адамдардың әл-ауқатына қауіп төндіретін мінез-құлық; - қоғамға қарсы мінез-құлық дегеніміз – тұлғааралық қатынастардың әлауқатына тікелей қауіп төндіретін моральдық нормаларды орындаудан жалтару; - аутодеструктивті (өзін-өзі бұзатын) мінез-құлық – медициналық және психологиялық нормалардан ауытқып, адамның тұтастығы мен дамуына қауіп төндіретін мінез-құлық [18].
М. Э. Вайнер, И. Ф. Дементьева, Л. Я. Олиференко, И. А. Фурманов, Т. И. Шульга және т.б. ғалымдардың пікірінше кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқы бірқатар факторларға байланысты болуы мүмкін:
- баланың жеке, оның ішінде нейродинамикалық қасиеттерінің ерекшеліктері: - психикалық процестердің тұрақсыздығы, психомоторлық тежелу;
- тәрбиедегі олқылықтар – (гипопротективтілік, гиперпротективті басымдық, шамадан тыс қамқорлық, еркімен жіберу, бетінен қақпау гиперпротективтілігі және т.б.)
- баланың ата-ананың белгілі бір іс-әрекеттерін қабылдау және түсіндіру ерекшеліктері (егер бала ата-ананың іс-әрекетін қазіргі қажеттіліктерді қанағаттандыруға кедергі ретінде бағаласа, мінез-құлықтың бұзылуы пайда болады);
- баланың мектеп өмірінің қандай да бір қиындықтарына немесе баланың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасының қанағаттандырмайтын стиліне (қорғанышты) жат мінездік көрсету;
- мұғалімдердің педагогикалық қателіктері;
- отбасылық қоғамдағы стресстік жағдайлар (ата-аналардың ажырасуы және олардың жеке тәжірибелерімен айналысуы, девиантты мінез-құлық атааналардың эмоционалды немқұрайдылығына реакция ретінде, жақын адамның қайтыс болуы, жақын адамның жоғалуына реакция ретінде ауытқу, отбасында тағы бір баланың туылуы және ата-ананың назарын балаға аударуы, қызғаныш ретінде ауытқу, отбасындағы балаға қолданылатын зорлық-зомбылықтың түрлері (қорлау, ауызша қорлау, оның қажеттіліктерін елемеу), ауытқу компенсаторлық механизм ретінде, зорлық-зомбылыққа жауап ретінде және т.б.).
Бұл айтылған девиация салдарының қауіптілігі бір жағынан, баланың девианттылығы – бұл баланың мінез-құлықтың нормативтік ережелерін білмеуімен, эмоционалды жағдайы мен іс-әрекетін бақылай алмауымен байланысты; бұл қиын жағдайларда қорғаудың тәсілі және т.б. сондықтан балалардың девиантты мінез-құлқы болашақта ауыр құқық бұзушылыққа айналады деп айту қылмыстық, яғни баланың девианттылығын өтпелі құбылыс ретінде қарастыруға болады.
Екінші жағынан, баланың жеке басының қалыптасуы, өзін-өзі танудың қалыптасуы кезеңіндегі ересектердің назарынан тыс қалған мінез-құлқы тұрақты сипатқа ие бола алады, санада қалыптасып, баланың өзіне де, айналасындағы қоғамға да қауіп төндіретін девиантты мінезқұлыққа айналуы мүмкін.
Мұғалім девиантты мінез-құлықтың даму «кезеңдері» туралы білуі керек: Баланың девиантты мінез-құлықтың туындауына және көрініс беруіне айтарлықтай әсер ететін әлеуметтік себептердің арасында ғалымдар кәмелетке толмағандардың конструктивті емес қарым-қатынасын атайды, олардың сыртқы белгілері: қарым-қатынасқа түсе алмаушылық, төзбеушілік, агрессивтілік, дұшпандық, сезімталдықтың жоғарылауы, жанжал, еліктеу, мойынсыну, негативизм және т. б.
Мектептегі конструктивті емес өзара әрекеттесу жағдайларына енгізілген білім алушылар мектеп ұжымынан тыс өзіне ыңғайлы қарым-қатынас түрлерін іздей бастайды, сонымен қатар көбінесе спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарын және басқаларды қолдану арқылы өз мәселелерін шешеді, яғни бойына жағымсыз девиантты мінез-құлықты қалытастырады.
Ғылыми әдебиеттерде «девиацияның алдын-алуы» терминімен қатар басқа да «ескерту», «превенция», «сақтап қалу», «тойтару, жою» терминдері жиі қолданылады: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде «профилактика» және «ескерту» терминдері қадағалаусыздыққа, панасыздыққа және құқық бұзушылыққа ықпал ететін детерминанттарды анықтауға және жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыру аясында қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет