Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері



бет19/26
Дата30.03.2024
өлшемі189.96 Kb.
#497058
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
ЛЕКЦИЯ Тірбие -2024

Әдебиеттер

1.Білім беру ұйымдарында буллингтің, кибербуллингтің, моббингтің алдын алу бойынша іс-шаралар кешені. Интернет желісінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әдістемелік ұсыным. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022. – 130 б.




ДӘРІС - 11. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР СУИЦИДІ: СЕБЕПТЕРІ, ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ, ПРОБЛЕМАЛАРЫ, АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ


Жоспар
1.

Кәмелетке толмағандардың суицидтік әрекетінің негізгі мотивтері: реніш, жалғыздық сезімі, шеттетілу және түсінбеушілік сезімдерін басынан кешіру; ата-ана мейірімінен шынайы немесе жанама айырылу, қызғаныш, жауапсыз махаббат; жақындарының қайтыс болуы, ата-аналарының айрылысуы немесе біреуінің отбасынан кетуі, отбасы мүшесінің ауыр науқасқа шалдығуы; кінә, ұят, ар-намысының тапталуы, өзін-өзі кінәлі сезіну; қорлықтан шошу, кешірім сұрауға ниетсіз болу; махаббаттағы сәтсіздік, жыныстық бейәрекетсіздік, жүкті болу; кек алу, қарсылық көрсету, ашыну сезімдері, бопсалау және қорқыту; өзіне көңіл аудару ниеті, аяушылықты тудыру, қиын оқиғалардан, жағымсыз жағдайлардан қашу; жолдастарына, кітаптағы немесе фильм кейіпкерлеріне еліктеу немесе оларға аяушылық таныту («Вертер әсері»), ҰБТ тапсырудағы сәтсіздік және т.б.


А.Г. Амбрумова мен Е.М. Врононың пайымдауынша, суицидті мінезқұлықты жеткіншектерге импульсивтілік; эмоционалды тұрақсыздық, ашушаңдық; өте иланғыштық; өз бетімен шешім қабылдай алмау қасиеттері тән [4].
В.Т. Кондрашенко суицидті мінез-құлықтың мінез түріне байланысын көрсетті. В.Т. Кондрашенконың деректері бойынша, өзін өлтірген және өзіне қол жұмсауға әрекеттенген жеткіншектердің 30% шизоидтік мінез-құлықты болған. Автордың пікірінше, психоастеник жасаған іс-әрекет сенситивті жеткіншектердің әрекеттері сияқты алдын-ала жоспарланып, қоршаған ортадағы көрермендер үшін тосыннан болады. Көбіне истероидті типтегі жеткіншектер үшін тамырларын жеңіл ғана кесу, уыты аз дәрілермен улану тән. Олар әдетте өлер алдында орны мен уақыты көрсетілген, тірі қалуға келісетін шарттары туралы хабардар ететін хат жазып қалдырады. Гипертимді жеткіншектерге өзіне қол жұмсау мінез-құлқы тән емес [5]. Өзіне-өзі қол жұмсайтын әр жастағы балалардың мінез-құлқының ерекшеліктерін толығырақ талдаймыз.
Егер жеткіншек шынымен де өзін өлтіруді ойластырса, оны бірнеше ерекшеліктен немесе белгілерден байқауға болады, оларды 3 топқа бөлуге болады: сөздік, мінез-құлықтық, жағдаяттық. Сөздік белгілер (ерекшеліктер) Өзіне қол жұмсағысы келген жеткіншек өзінің жан дүниесінің жағдайы туралы, өлім туралы тікелей айтады: «Мен өзімді өлтіргім келеді», «Мен бұлай өмір сүре алмаймын»; өзінің ниетін меңзейді: «Мен енді ешкімге кедергі болмаймын», «Сен енді маған алаңдамайсың»; өзін өлтіру тақырыбына көп әзілдейді; өлім мәселесіне қатысты жағымсыз қызығушылық танытады. Мінез-құлықтық белгілер (ерекшеліктер) Жеткіншек өзіндегі қымбат заттарды тарата бастайды; өзінің істерін ретке келтіреді, осыған дейін ренжіскен адамдармен татуласады; өзінің мінезқұлқының түбегейлі өзгергенін көрсетеді, тамақты өте аз немесе өте көп ішеді; өте аз немесе шамадан тыс көп ұйықтайды; сырт бейнесінде ұқыпсыздық байқалады; мектептегі әдеттерінде сабаққа бармау, үй тапсырмасын орындамау, сыныптастарымен қатынаспау, ашушаңдық, тұйық болу, көңіл күйінің болмауы байқалады; айналасындағыларға белсенділік немесе бейжайлық таныту; бірде эйфорияда, кейде үмітсіздік күйде болу; шарасыздық, үмітсіздік пен ашыну белгілерін байқатады.
Жағдаяттық белгілер (ерекшеліктер) Бала өзін қоғамнан аластатылғандай, шеттетілгендей сезінген; қоршаған ортасы тұрақсыз болғанда (отбасындағы дағдарыс; маскүнемдік; отбасылық немесе жеке өзінің проблемалары); өзін физикалық, сексуалдық немесе эмоционалдық зорлықтың құрбаны ретінде сезінсе; бұрын суицидке әрекеттенсе; суицидке бейімділік өз достарының, таныстары немесе отбасы мүшелерінің бірі өзіне қол жұмсаған актілердің немесе ғаламтордағы кері ақпараттың әсерінен болса; жақындарынан айырылу (жақындарының өлімі, ата-аналарының айрылысуы); өзін көп сынаған жағдайда суицид жасауға шешім қабылдайды.
Суицидтік жеткіншектер иланғыштығымен және біреуге еліктеушілігімен сипатталады.
Сондықтан да, қандай да бір өзіне қол жұмсау жағдайы орын алғанда, ол жағдай басқалардың әрекетіне белгі сияқты әсер беріп, суицидке бейім жасөспірімге түрткі болуы мүмкін. Кейде кіші топтар өзін өлтіру субмәдениетін құру мақсатында бірігеді («жеткіншектер арасында өзін өлтіру эпидемиясы»). Осындай жағдайлар Қазақстанда орын алған.
Суицид бойынша «тәуекел тобына» жататын жеткіншектер: тұлғааралық қатынасы бұзылған, жалғыздыққа тап болғандар; девиантты немесе қылмысты мінез-құлқымен ерекшеленетін, зорлық-зомбылыққа жақын маскүнем немесе нашақорлар; өзін шектен тыс сынға алушы жасөспірімдер; қайғылы жағдайға душар болған немесе жәбір көрген, созылмалы немесе қауіпті аурулармен ауыратын науқастар; науқасы бар немесе айналасы шеттететін жеткіншектер; әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан – отбасынан кету немесе атааналарының ажырасуы; отбасында суицид жағдайлары болған отбасынан шыққандар.
Жеткіншектердің суицидтік мінез-құлқының ерекшеліктері:
1. Балалар өздерін өлтіргісі келген ниеттерін түсіндірген (ересектердің пікірінше) мотивтері байыпсыз, өткінші және маңызсыз. Сол себептен де, балалар мен жеткіншектердің арасында жиі кездесетін, күтпеген уақытта орын алатын суицидтік тенденция айналасындағылардың дер кезінде анықтай алмау қиындығымен сипатталады.
2. Суицидтік әрекет салдарын жете түсінбеу. Бұл жаста «өлім» түсінігі жалпылай қабылданып, өлімді уақытша, ұйқы тәріздес құбылыс деп таниды, және оны өз тұлғасына қатысты емес деп ойлайды. «Өлім» деген түсінік 2-3 жаста пайда бола бастайды. Көпшілігі оны ерекше қорқынышты оқиға ретінде қабылдамайды.
3. Балалар мен жеткіншектердің үйден қашу, мектептен жиі қалу, ерте 8 шылым шегу, ұсақ құқық бұзушылықтар, ата-аналарымен тіл табыса алмау, ішімдікке не есірткіге салыну, жыныстық қатынастарға ерте түсуі, т.б. сияқты теріс қылықтары мен суицидке бейімділігі арасында өзара байланыс болады.
Ересектерге қарағанда, балаларда жабығуға ұшырау жағдайы қиын өтеді. Жеткіншектердің күйзеліске ұшырау белгілері: мұңды көңіл күй; зерігу сезімі; шаршау сезімі; ұйқының бұзылуы; соматикалық шағымдар; істі аяғына дейін жеткізе алмай, алаңдау; майда-шүйдеге көңіл аудару; шектен тыс сезімталдық; тұйық болу; зейіннің шашыраңқылығы; агрессивті бұйыру; әдейі құлақ аспау; ұрыс-керіске бейімділік; ішімдік немесе есірткіні қолдану; үлгерімінің төмен болуы; сабаққа бармау.
Балалық және жеткіншектік шақтағы өзіне қол жұмсаудың келесі себептері:
1. Өлім туралы түсінігінің дұрыс қалыптаспауы. Бала түсінігінде өлім – өмірдің тоқтауын білдірмейді. Бала бәрі орнына келеді деп ойлайды. Жеткіншектерде өлім түсінігі тек 18 жастан кейін ғана қалыптасады.
2. «Отансыз және байрақсыз» қоғамда жеткіншек өзінің қажетсіздігін, шарасыздығын сезінеді.
3. Соңы өкінішке соқтыратын ерте басталған жыныстық қатынас. «Әрі қарай қалай өмір сүру керек» екенін білмейтін (сүйіктісін жоғалтқан, ерте жүктілік болғанда және т.б.) жеткіншектің мақсаты жойылады. Жасөспірімнің суицидтік мінез-құлқы өмірлік мақсатының белгісіздігімен және оны қалай жүзеге асыруын білмегендігімен, өмірлік тәжірибесінің болмау себебімен түсіндіріледі.
4. Өзін-өзі жою мінез-құлқы (маскүнемдік, нашақорлық, қоғамдағы қылмыстар).
5. Көп жағдайда 15 жасқа дейін өзіне қол жұмсау әрекеті, әсіресе, отбасы ішінде, мектеп немесе топ ішіндегі қатынастардың бұзылуынан туындайтын наразылықпен байланысты.
6. Жабығу.
7. Өзін өлтірудің психологиялық себептерінен басқа әлеуметтік себептері де қосылды: кедей мен байға бөліну, ажырасу мен толық емес отбасылардың көбеюі, ата-аналары тірі бола тұрып, қараусыз және қаңғыбас балалардың санының көбеюі.
8. Әлеуметтік қорғалмау. Осы мәселелердің бәрі балаларға әсер етеді. Әрине, әр өзіне суицидтік әрекеттің өз себептері бар. Дегенмен, барлығы бір себепке тоғысады: бала өз бетімен туындаған қиындықты шеше алмайды, ал жан дүниесін түсінетін ересектер жанынан табылмайды.
Сонда, тығырықтан шығар жол – өлу болып көрінеді. Жеткіншек шақта болатын психологиялық және физиологиялық ерекшеліктер мен өзгерістер баланың өлім туралы түсінігінің қалыптасуына ықпал етеді. Мектепке дейінгі жастағы балалар оны өмірдің аяғы деп есептемейді, уақытша көрініс ретінде ұйқыға немесе бір жаққа кету деп қабылдайды.
Сонда да, жақындарының, сүйікті үй жануарларының немесе достарының өлімі, баланың ой өрісінің ерекшелігіне және тәжірибесінің шектелуіне байланысты, өзін кінәлі сезінуіне әкеп соғады. Туындаған уайым мен қайғы шарықтау шыңына жеткенімен ұзаққа созылмайды. Мектепке дейінгі балалар өлім туралы ойламайды, бірақ назарларынан тыс қалдырмайды. (ертегілер, өмірдегі оқиғалар).
Бастауыш мектеп балалары өлімді сирек кездесетін жайт деп санайды, оны өзіне қатысы жоқ секілді, өмірді кері қайтара алатындай көреді. Жеткіншек шағына жақындағанда өлім фактісі мағыналы бола бастайды, тірі мен өлі арасындағы айырмашылық түсінігі қалыптасады.
10-12 жаста өлім уақытша көрініс ретінде бағаланады. Өлім мен өмір түсінігі бөлінеді, бірақ өлімге деген эмоционалдық қатынас өз тұлғасынан алыстатылады. Жеткіншектер үшін өлім нақты құбылыс болып көрінеді. Бірақ олар оны өзі үшін қатыссыз деп санайды, мәселен, мотоциклда құйғытып жүреді, қауіпті заттармен эксперимент өткізеді немесе басқа да қызықты, бірақ қауіпті белсенділік танытады. Одан әрі жеткіншек өзінің өлімі туралы ойды қабылдайды, пайда болған үрейді жеңе тұра, бұл мүмкіндіктің жүзеге асатынын қабылдамайды. Балалар, сонымен қатар жеткіншектер де, суицидке әрекеттенгенде соңы өлімге апаратынын ескермейді. Ересектермен салыстырғанда, оларда шынайы суицидтік әрекет пен аутоагрессивті (өзіне бағытталған агрессия) демонстративті-бопсалау қылығы арасында шекараны ажырата алмайды.
Өлімнен қорықпау – бала психологиясының бірден-бір ерекшелігі. Өмірлік тәжірибесінің болмауынан, көп жағдайлардан хабарсыз болуы салдарынан балалар таңдау жасауда қиналады. Пайымсыздық, өзін өлтіру жолдары туралы білімнің жоқтығы, өзіне ықпал ету түрлеріне қарамастан өліп қалу қаупін күшейтеді. Сонымен қатар, жас ерекшеліктердің әсері де қауіпті ұлғайтады.
Суицид қауіпті жанжалды жағдайларды талдау барысында бала немесе жеткіншектердің өмірмен қоштасу себептерінің мағынасыз әрі қисынсыз екендігін түсінеміз. Шамалы ғана жанжалды жағдайдың ушығуы салдарынан балаға, әсіресе, жеткіншекке суицидтік қауіп төнуі мүмкін, өкінішке орай бұл кей кезде ересектер тарапынан дер кезінде жете бағаланбай қалады.
Балалардың суицидті мінез-құлқының алдын алу бойынша ата-аналарға әдістемелік ұсыныстар
Балалар суицидінің алдын алуда жабығудың алдын алу маңызды. Атааналар балалардың жабығуының алдын алуда үлкен рөл атқаралы. Егер жасөспірімнің көңіл-күйі күрт құлазыса немесе жабығудың басқа да белгілері байқалса, төмендегі шараларды орындау қажет:
1. Баламен сөйлесу қажет, көңіл-күйінің неліктен түсіңкі болу себебін анықтау үшін сұрақтар қойып, оның арман-тілектері жайында сөз қозғап, болашаққа жоспар құруға бағыттайтын әңгімелерге жетелеу қажет. Балаға оптимистік серпін беріп, жарқын болашаққа «сендіру», алдына қойған мақсаттарына қол жеткізе алатынына қабілетті екеніне жүрегіне сенімділік отын қондыруға барынша әрекет жасау қажет. Оның «өкпелегіштігін», «күңкілдектігін» кінәламай, керісінше, оның тұлғасындағы жақсы жақтарын көрсетуге тырысу керек. Оны табысты, ақкөңіл, кішіпейіл және сергек балалармен салыстыруға болмайды, себебі бұл онсыз да төмен бағалауын тереңдетіп жібереді.
2. Баланы бұрын соңды жасамаған жаңа іспен айналысуға тарту қажет. Мәселен, жаттығу залына жазылу, таңертеңгі гимнастика жасауды әдетке айналдыру, басқа жақтарға серуендер жасау, демалыс күндері қызықты экскурсияға шығу, үй шаруасын орындаудың жаңа тәсілдерін ойлап табу, кинотеатрға, көрмеге бару, үйді жинастыру. Атасы мен әжесіне, туыстуғандарға қонаққа, ауылға бару, дала жұмыстырына көмектесу. Сонымен қатар, ит, мысық, алақоржын, тотықұс, балық сияқты жануарларды қолға үйрету, оларға қамқорлық жасау. Қорғансыз үй жануарына қамқорлық жасау баланы іске жұмылдыртып, позитивті күйге шақырады.
3. Жеткіншек күн тәртібін сақтауы қажет. Оның жақсы, мезгілімен демалуын, дұрыс тамақтануын, таза ауада жеткілікті уақыт өткізуін, спорттың қандай да бір түрімен айналысуын қадағалау қажет. Жабығу (депрессия - мұңаю, сарыуайымға салыну) – психофизиологиялық жағдай. Осы кезеңде жасөспірімнің дене дамуы жағдайын демеп отыру қалыпты жағдайға айналғаны абзал.
4. Психолог, психотерапевт мамандар, кризистік психологиялық көмек көрсету орталықтарындағы сенім телефондарында жұмыс жасайтын және т.б. қызметкерлер көмегіне жүгінуге болады. Мысалы, Алматы қаласында «Дос» атты онлайн-қолдау орталығы құрылды. Орталықтың жұмысы еліміздегі балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзін-өзі қол жұмсау жағдайларын азайтуға бағыттталған. Көмекке зәру адамдар ондағы мамандармен ақысыз телефондар, Skype немесе Droog.kz.* сайттары арқылы байланыса алады. Балалардың суицидті мінез-құлқының алдын алуда Ресей педагогтері А.Г. Амбрумова мен Е.М. Вроно дайындаған ұсыныстарды пайдалануға болады, себебі қазіргі жастар өздерінің қылығы жағынан, проблемаларын шешуде, қиын сауалдарға жауап іздеуде ұқсас [4].
1. Суицид сырын ашудың амалдарын табыңыз. Суицидтік мәселе қамқорлық жасау мен достарымен араласудан ғана емес, сонымен қатар орын алуы мүмкін қауіптің белгілерін айқындауға қабілетінен тұрады. Сіздің Мәселенің қағидаларын білу, суицид туралы хабардар болуыңыз, ол туралы көп ақпаратты иемденуіңіз біреудің өмірін сақтап қалуға көмектесуі мүмкін. Осы біліміңізді басқалармен бөлісу арқылы өзіне-өзі қол жұмсау фактілеріне әкеліп соғатын көптеген адасулар мен алжастыратын аңыздардың көзін жоя аласыз. Мүмкін болатын қауіптің белгілерін іздеңіз: суицидтік қатерлер, жабығу, өзінеөзі қол жұмсау әрекеттерінің алдын-алу, адам тұлғасының жүріс-тұрысындағы өзгерістер және соңғы рет өз еркін білдіру тілегі.
2. Суицидентті тұлға ретінде қабылдаңыз. Тұлғаның суицидтік тұлға болу мүмкіндігін ескеріңіз. Оның өз-өзіне қол жұмсауы және сондай қадамға баруы мүмкін емес деп санамаңыз. Егер де, Сіз өзін-өзі өлтіру қаупі қандай да бір адамға төніп тұруы мүмкін деп ойласаңыз, өзіңіздің жеке пікірлеріңізге сәйкес әрекет жасаңыз.
3. Қамқорлыққа толы қарым-қатынас орнатыңыз. Өзін-өзі өлтіру сияқты мәселені шешуде біржақты жауап болмайды. Жанынан безген адамды қабылдауға міндеттісіз. Оған ерекше көңіл қойып, қолдау көрсетуіңіз қажет. Осылай ғана Сіз жанынан безген адамның оқшауланған ішкі дүниесіне осылай ғана кіре аласыз.
4. Зейінді тыңдарман болыңыз. Суициденттер әсіресе оқшаулану сезімінен қайғырады. Осыған қарамастан, олар айтылған кеңестерді тыңдай бермейді. Көбіне олар өз проблемалары туралы айтқанды қажет етеді, және «Менде өмір сүру үшін қажет ешқандай себеп жоқ» деп санайды. Жабығуға ұшыраған адаммен әңгімелескеннен гөрі, оның өзін сөйлетуге тырысу, оның ішкі сырын ақтаруға жетелеу керек. Мұндай адамның жан сыры қайғы немесе кінә, қорқыныш болмаса ыза болса да, Сіз тыңдап, түсіну арқылы оған баға жетпес көмек көрсетесіз. Кей сәтте үнсіз, жай ғана жанында отырғаныңыздың өзі оның жанын түсінгеніңіздің дәлелі ретінде медеу болады.
5. Дауласпаңыз. Суицид қаупіне тап болған кезде достары мен туыстары көбінесе жасөспірімнің суицидтік мінезіне орай былайша реніш білдіреді: «Сен басқаларға қарағанда, едәуір жақсы өмір сүресің, одан да тағдырыңа алғыс айтқаның жөн» немесе «Отбасыңа қандай ұят пен бақытсыздық әкелетініңді түсінесің бе?». Мұндай сөздер оларды одан сайын мұңайтады.
6. Сұрақтар қойыңыз. «Өзіңе-өзің қол жұмсағалы жатқан жоқ шығарсың?» деген жанама сұрақты қойғанда, өзіңіз естігіңіз келіп тұрған жауапты ала аласыз. Егер, жақын адамыңыз «жоқ» деп жауап берсе, онда суицидтік күйзелісті шешуге көмектесе алмауыңыз әбден мүмкін. Сабырлы және сенімді түрде қауіп төндіруші жағдай туралы сұрау керек, мәселен, «Қай уақыттан бері өміріңнен күдер үзіп жүрсің? Бұл сезімдер неге 12 сені мазалап жүр деп ойлайсың? Өзіңе-өзің қандай әдіспен қол жұмсағалы жүрсің? Бұрын-соңды өзіңе-өзің қол жұмсау туралы ойлағанда сені не тоқтатушы еді?». Суицидентке көмек беру үшін оның ойлары мен ішкі сезімдерінен жауап іздеп, «Басқаша айтқанда, сен былай демексің ғой ...» деген сияқты сөздермен оларды қайталап айту арқылы, жауаптарды нақтылап отыру керек.
Сіздің айыптауларыңыздан қорыққан жабырқап жүрген адам үшін оны ерекше сабырлылықпен, қызығушылықпен тыңдауыңыз үлкен жеңілдік әкеліп, оның өмірмен қоштасуға деген әрекетіне жол бермеуге себепші болады.
7. Орынсыз жұбатпаңыз. Психологиялық қорғаныстың маңызды механизмдерінің бірі оңтайландыру болып табылады. Суициденттің өз жағдайынан хабардар ету тілегінің себебі жағдайға алаңдату туғызу болып табылады. Егер Сіз, алаңдатушылық не қызығушылық танытпасаңыз, депрессивті жасөспірім мұны қабыл алмау және сенімсіздік таныту деп бағалайды. Ал, егер Сіз, оны ерекше қамқорлыққа және махаббатқа баурап, әңгімелессеңіз, өзін-өзі өлтіру қаупін әжептеуір төмендетуіңіз мүмкін. Былай болмаған жағдайда, қамқорлықты қажетсінген жасөспірімге жәрдем дер кезінде берілмеу салдарынан оның тағдырына балта шабылуы, яғни, суицид орын алуы әбден мүмкін.
8. Конструктивті амалдарды ұсыныңыз. Психикалық қолайсыздықтың қайнар көзін анықтау – суицидтің алдын-алудың бірден бір маңыздысы болып табылады. Бұл өте қиын болуы мүмкін, себебі, суицидтің «қоректі ортасы» – құпия екенін ұмытпаған жөн. Әңгімелесуге тартатын едәуір тиімді сұрақтар болып мыналар табылады: «Соңғы уақыттары саған не болып жүр? Өзіңді қашаннан бері нашар сезінудесің? Бұл өзгерістер пайда болғалы бері өміріңде нендей жағдайлар орын алды? Айналаңдағылардың қайсысына олар тікелей қатысты?». Жабырқау жасөспірімнің тіпті жек көрушілік, ашынғандық немесе кек алуға деген ұмтылыс сияқты жағымсыз эмоциялары болса да өз сезімін білдіруі тиіс екендігіне көзін жеткізу керек. Егер, адам өзінің ішкі сырымен бөлісуге сенімсіздік танытқан жағдайда «Меніңше, сенің көңіл-күйің жоқ, ренжулі сияқтысың», немесе: «Сен қазір жылауға дайын тұрсың» деп назарын өзіңізге аударуыңызға болады. Сондай-ақ, «Сенің түріңнен абыржулық байқалады, егер сен ішкі сырыңмен бөліссең, мен сені түсініп, көмектесуге тырысып көремін» деп айту өте маңызды.
9. Үміт отын жағыңыз. Жабығулы жасөспіріммен жұмыс жүргізу маңызды, әрі жауапты іс. Психотерапевтер әлдеқашан жеткіншектің айтқан сөзіне немесе сезіміне зейін аудару өте тиімді шара деген қорытындыға келген. Мазалайтын ойлар сыртқа шыққан кезде, бақытсыздықтың беті қайтқандай болады. Сарыуайымға салынған адам: «Бұл мәселені қалай шешуге болатынын әлі де түсіне алар емеспін, дегенмен, қиындықтың себебін түсінген соң, тығырықтан шығар жолды көргендеймін, үмітім қайта жанды» деген ойға келеді.
10. Суицид қаупінің дәрежесін бағалаңыз. Мүмкін болатын өзіне-өзі қол жұмсаудың қауіптілігін анықтауға тырысыңыз. Себебі, өзіне-өзі қол жұмсау идеясы өткінші ойдан бастау алып, әртүрлі өлу мүмкіндіктері туралы келіп кететін ойлар арқылы шарықтап шыңына жетуі ғажап емесі анық. Бұл ойлардың соңы өлуге бекінген жеткіншектің түбегейлі, нақты жоспарымен аяқталады. Суицидке баратын жолдарды қарастырады, өз ісін жүзеге асыруда ол улануды, биіктіктен секіруді, арқан жіп немесе оқ ататын қаруды таңдауы мүмкін. Басқа да факторларды, яғни, ішімдікті, есірткіні қолдануы, эмоционалдық тұрақсыздық дәрежесі, мінез-құлықтың теріс ұйымдастырылуы, шарасыздық пен дәрменсіздік сезімдерінің белең алуын қарастырған маңызды. Мұндай жағдайларда мінез-құлықтағы ұсақ-түйек боп саналатын өзгерістерге, мысалы, жабығулы күйдегі жасөспірім өзінің жақсы көретін және т.б. затын біреуге жасырмай сыйлағанын байқаған кезде бейжай қарамаған жөн. Осы орайда, дәрілерді, қару немесе өткір заттарды көзден таса жерге қою керек.
11. Жоғары суицидтік қауіп бар жағдайда адамды жалғыз қалдырмаңыз. Онымен ұзағырақ болуға тырысыңыз, бірге болуға мүмкіндік болмаса, күйзеліс шешілгенше және көмек келгенше, басқа біреуден жеткіншектің қасында бола тұруын өтініңіз. Жедел жәрдем стансасына не емханаға хабарласуыңызға болады. Қолдау көрсетіп, көмек беруге жауапты екеніңізді есте сақтаңыз.
12. Мамандардың көмегіне жүгініңіз. Суициденттердің көру аясы тар, өзіне тән туннельдік санасы болады. Олардың ақыл-ойы өткінші мәселелерді шешу жолы туралы толық көріністі көз алдына елестетуге қабілетті емес. Бірінші кезекте олар көмек беруді сұрайды. Жеткіншектің құрбы-құрдастары мен достары көмек көрсетуге әрдайым ниетті болатыны ешқандай шүбә тудырмайды, дегенмен, жас ерекшелік психологиясы тұрғысында бұл жастағы жеткіншектерге проблеманы шешуіне өмірлік тәжірибесі жетпейді және шамадан тыс эмоционалды. Жағдай ушыққан кезде суицидентке көмек берудегі жалғыз балама – оны психиатриялық ауруханаға жатқызу. Кешеуілдеу қауіпті болуы мүмкін; ауруханаға жатқызу науқасқа да, оның отбасына да біршама жеңілдіктер әкелуі мүмкін.
13. Қамқорлық пен қолдау жасауды тоқтатпау маңыздылығы. Шиеленіс сейілген кезде, ата-аналар немесе жанұя мүшелері алаңдаудан айыға бастайды, өздерін еркін ұстап, босаңсиды. Дегенмен, «суицидтік жеткіншекті» қолдап, қуаттауды тоқтатпай, оның өмірге бейімделуі үшін барлық жағдай жасау қажет. Мысалы, күйзелісті басынан кешірген адамдардың тарихымен, қуанышты жағдайлармен және т.б. таныстыру. Қазіргі таңда жер бетіндегі миллиондаған адамға «Жизнь без границ» кітабын жазған Ник Вуйчичтің күлімдеген жүзі таныс [6]. Қанаттандыратын, сезімге толы бұл кітапта қиындықты, үмітсіздікті қалай жеңуге болатыны, өзіңе сену және бақытты болу жолы туралы баяндалған.
14 Ник Вуйчич мүгедек болып туған (аяқ-қолдары жоқ), өзінің дене кемістігі салдарынан өмірде көрген қиыншылықтары мен қайғысы, өзінің осы жағдайға көндігуден басқа амалы жоқ екендігін сезінгені туралы ашық айтқан. Сегіз жасқа толғанда Ник өлуге бел буады. Өміріне талдау жасай отырып ол ешқашан үйленбейтінін, ешқашан жұмыс істей алмайтынын, мағыналы өмір сүре алмайтынын түсінеді. Қазір Вуйчич 30 жаста, және ол осы уақыт аралығында өз замандастарынан артық жетістікке қол жеткізді. Ник екі жоғары білім алды. 20-дан артық елде болды, оның тарихын бизнес-форумдарда, мектептерде, қарттар үйлерінде, шіркеулер мен түрмелерде 3 млн-нан артық адам естіді. Ол жылына шамамен 250 аудитория алдында сөз сөйлейді, дүние жүзі компанияларына үнемі сұхбат береді және «Аяқ-қолсыз өмір» қайырымдылық қорының директоры болып қызмет етеді. Ник Вуйчичтің өмірі бірегей. Ол аяқ-қолдары болмаса да өзінің кемтар жағдайынан кедергіні емес, өсу, алдына үлкен мақсаттар қою мен өз қалауына қол жеткізу мүмкіндігін көруді үйренді. Ол компьютерде минутына 43 сөз тере отырып, өз өмірі туралы кітап жазды, ал жұмыстан бос уақытында балық аулайды, гольф ойнайды және серфингпен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет