Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет21/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленетін адамдар
Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту мақсатында, сондай-ақ олардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленеді.
Сондай-ақ әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қор,аншылық немесе қамқоршылық беліленеді.
Бұл мән-жайлар балалардың мүдделеріне сай келетін жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тәрбиеленген бірге туған ағалы-інілер мен апалы-сіңілілерді әртүрлі адамдардың қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуына жол берілмейді.
Мемлекеттің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функциялары
Мемлекет кәмелетке толмағандарға және әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі өз функцияларын жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырады.
ҚР балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мен оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік органдардың және ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимылын ұйымдастыруды жүзеге асырады. Мемлекеттің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функциялары ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Қорғаншы және қамқоршы органдар
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі өз функцияларын:
- кәмелетке толмағандарға қатысты білім беру мен денсаулық сақтаудың жергілікті уәкілетті органдары арқылы;
- кәмелетке толғандарға қатысты халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті уәкілетті органдары арқылы жүзеге асырады.
Қорғаншы және қамқоршы органдар баланың және оны тәрбиелеуге үміткер адамның (адамдардың) тұрмыс жағдайларына зерттеу жүргізуге және зерттеу актісін сотқа табыс етуге міндетті.
Қорғаншы және қамқоршы органдар өздерінің міндеттерін осы органдар туралы ҚР Үкіметі бекітетін ереже негізінде жүзеге асырады.
Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамның тұрғылықты жері бойынша не қамқорлыққа жататын мүліктің орналасқан жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілейді. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық қорғаншының немесе қамқоршының тұрғылықты жері бойынша белгіленуі мүмкін.
Адамды әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап 3 күн ішінде сот оған қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу үшін бұл туралы сол адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға хабарлауға міндетті.
Адамға қорғаншылықты немесе қамқоршылықты немесе мүлікке қорғаншылықты белгілеу қажеттілігі туралы тиісті органдарға белгілі болған кезден бастап 1 ай ішінде қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленеді. Қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға мүдделі адамдар сот тәртібімен шағым жасауы мүмкін.
Қорғаншылар немесе қамқоршылар
Мыналарды:
- сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;
- сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
- өзіне ҚР заңында жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттетілген адамдарды;
- егер сот олардың кінәсі бойынша бала асырап алудың күшін жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;
- денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, тек қана кәмелетке толған адамдар қорғаншылар менесе қамқоршылар бола алады.
Қорғаншы немесе қамқоршы тек қана оның келісімімен тағайындалуы мүмкін.Егер бұл қамқорлыққа алушының мүдделеріне қайшы келмесе, жұбайы, ата-аналары, туыстары немесе қамқорлыққа алынушыға жақын басқа да адамдар қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалуда басым құқыққа ие болады. Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерінің арасында қайшылықтар болмаса, бірнеше адам үшін бір қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға жол беріледі.
Әрекетке қабілетті және ата-ана құқықтарынан айрылмаған, бірақ олардың тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезінде, қорғаншылар немесе қамқоршылар ата-аналардың тілегі ескеріле отырып тағайындалады.
Балаға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезінде қорғаншының немесе қамқоршының адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, оның қорғаншылық немесе қамқоршылық міндеттерін орындауға қабілеті, қорғаншы немесе қамқоршы мен баланың арасындағы қатынастар, қорғаншының немесе қамқоршының отбасы мүшелерінің балаға көзқарасы, сондай-ақ егер бұл мүмкін болса, баланың өз тілегі ескеріледі.
Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалатын адам некеде тұрса оның жұбайының келісімі талап етіледі.
Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж және тиісті білім беру, медициналық ұйымдардағы, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы адамдардың қор,аншылары немесе қамқоршылары осы ұйымдардың әкімшіліктері болып табылады.
Қорғаншылар немесе қамқоршылар кез келген адамдарға қатысты, оның ішінде сотта өкілеттіліктерін арнайы растамастан, өз қамқорлығына алынғандардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Патронат
Қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрізді басқа да мекемелердегі кәмелетке толмаған балаларға белгіленеді. Баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдіруші адам (патронат тәрбиеші) мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың туындау негізі болып табылады. Патронат туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беру жағдайларын, патронат тәрбиешінің құқықтары мен міндеттерін, патронат тәрбиешіге қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың міндеттерін, сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негіздері мен салдарларын көздеуі тиіс.
Бала патронат тәрбиешіге аталған шартпен белгіленген мерзімге тәрбиелеуге беріледі. Патронаттық тәрбиелеуге берілген әрбір балаға жеке шарт жасалады. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың мерзімі аяқталған жағдайда, оның отбасында болу мерзімін ұзарту жаңа шарттың негізінде жүргізіледі.
Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу және тәрбиелеуге алынған балалар санына қарай берілетін жеңілдіктер ҚР заңдарымен белгіленеді.
Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт:
1) дәлелді себептері (сырқаттану, отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша;
2) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беруде қолайсыз жағдайлар туған кезде қорғаншы және қамқоршы органның бастамасы бойынша;
3) бала ата-анасына қайтарып берілген немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет