Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ



бет24/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

ДӘРІСТІН ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
Ерлі-зайыптылар бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға міндетті.
Мұнай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда, алимент төлеуге қажетті қаражаты бар екінші жұбайдан:
- еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының;
- жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап 3 жыл бойы зайыбының;
- ортақ мүгедек баланы 18 жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ 18 жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға 1-2 топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар.
Бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығы
Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге:
- жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы 3 жасқа толғанға дейін бұрынғы зайыбының;
- ортақ мүгедек баланы 18 жасқа толғанға дейін күтіп-бағуды жүзеге асырып отырған, сондай-ақ 18 жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға 1-2 топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының;
- неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз бұрынғы жұбайының құқығы бар. Алименттің мөлшері және оны неке бұзылғаннан кейін бұрынғы жұбайына беру тәртібі бүрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы келісіммен айқындалуы не сот айқындауы мүмкін.
Ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде, жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) материалдық және отбасылық жағдайларын және тапраптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында сот айқындайды.
Сот жұбайдың көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз екінші жұбайды күтіп-бағу міндетінен босатуды немесе некеде тұрған кезеңде де, неке бұзылғаннан кейін де бұл міндетті белгілі бір мерзімге:
- егер көмекке мұқтаж жұбайдың еңбекке жарамсыздығы спирттік ішімдіктерге, есірткі, психотроптық заттарға салынуы салдарынан немеесе оның қасақана қылмыс жасауы салдарынан;
- ерлі-зайыптылар некеде ұзақ тұрмаған (бес жылға дейін);
- алимент төлеуді талап ететін жұбай отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен жағдайларда шектеуі мүмкін;
Бұрынғы жұбайы күтіп-бағу жөніндегі міндет мынадай жағдайларда:
- күтіп-бағуға құқығы бар жұбай жаңа некеге отырса;
- Кодекстің 148-бабында көзделген мән-жайлар жойылса, сот шешімімен тоқтатылады.


Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері
Кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж інілері(қарындастары) мен сіңілілерінің өз ата-аналарынан күтіп-бағу қаражатын алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған бірге туған ағалары мен апаларынан сот тәртібімен алимен алуға құқығы бар.
Атасы мен әжесінің немерелерін күтіп-бағу жөніндегі міндеттемелері
Өздерінің еңбекке жарамды ата-аналарынан, бірге туған кәмелетке толған еңбекке жарамды ағалары мен апаларынан күтіп-бағу қаражатын алуға мүмкіндік болмаған жағдайда, кімелетке толмаған көмекке мұқтаж немерелердің өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар атасы мен әжесінен сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар.
Немерелердің атасы мен әжесін күтіп-бағу міндеті
Өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) күтіп-бағу қаражатын алу мүмкін болмаған жағдайда, көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз атасы мен әжесі өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды кәмелетке толған немерелерінен сот тәртібімен алимент талап етуге құқылы.
Тәрбиеленушілердің өздерін іс жүзінде тәрбиелеген адамдарды күтіп-бағу міндеті
1) Кәмелетке толмаған балаларды іс жүзінде тәрбиелеген және күтіп-баққан еңбекке жарамсыз мұқтаж адамдардың, егр олар өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе немерелерінен не жұбайларынан(бұрынғы жұбайлардан) күтіп-бағу қаражатын ала алмаса, өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды тәрбиеленушілерінен сот тәртібімен күтіп-бағу қаражатын беруді талап етуге құқығы бар. 2) Егер іс жүзінде тәрбиелеген адамдар тәрбиеленушілерді 5 жылдан аз уақыт күтіп-бақса және тәрбиелесе, сондай-ақ өздерінің тәрбиеленушілерін тиісті түрде күтіп-бақпаса және тәрбиелемесе, сот тәрбиеленушілерді осы адамдарды күтіп-бағу жөніндегі міндеттен босатуға құқылы. 1 тармағында көзделген міндеттер қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы не патронаттағы адамдарға жүктелмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет