ДӘРІСТІН ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
Бала асырап алу тәртібі
Бала асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) өтініші бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот ҚР АІЖК көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді. Сот балаларды асырап алу туралы істерді бала асырап алушылардың өздерінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды.
ҚР азаматтары ҚР аумағында шетелдік болып табылатын баланы асырап алған кезде баланың заңды өкілінің және бала азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының келісімін, сондай-ақ бұл аталған мемлекеттің заңнамасына сәйкес қажет болса, асырап алуға баланың келісімін алуы қажет.
Бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы ҚР азаматы болып табылатын және ҚР шегінен тыс жерде тұратын баланы асырап алуды жүргізуі оның тұратын жері бойынша жергілікті атқарушы органнан немесе ҚР аумағынан тыс жерге кеткенге дейін оның ата-аналарынан асырап алуға алдын ала рұқсат алған жағдайда ҚР жарамды деп танылады.
Бала асырап алушылардың құқықтары мен міндеттерінің басталу кезі
Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері бала асырап алу туралы сот шешеімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды.
Бала асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот осы шешімнің үзінді көшірмесін бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылған жер бойынша тіркеуші органға және шешім шығарылған жер бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жіберуге міндетті.
Асырап алуға жататын балаларды және балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу
Асырап алуға жататын балаларды есепке алу ос Кодекстің 117-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген тәртәппен жүзеге асырылады. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алуды ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар жүргізеді. ҚР азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алуды ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен ҚР шетелдегі мекемелері жүргізеді.
Бірнеше бала асырап алу
Бір адамның ағалы –інілі және апалы-сіңілі(қарындасы) болып табылатын немесе бір-бірімен өзара туыстық қатынасы жоқ бірнеше баланы асырап алуы мүмкін.
Өзара туыстық қатынасы жоқ асырап алынған балалардың арасында ағалы-інілілер мен апалы-сіңілілердің арасындағы сияқты құқықтар мен міндеттер туындайды.
Асырап алу балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тәрбиеленген ағалы-інілілер мен апалы-сіңілілерді әртүрлі адамдардың асырап алуына жол берілмейді.
Бала асырап алушы болуға құқылы бар адамдар
Бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты дене бітімі, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуы, тәрбиеленуі және білім алуы үшін жағдайлар болған кезде бала асырап алуға рұқсат етіледі.
Мыналарды:
- сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдарды;
- сот біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрект қабілеті шектеулі деп таныған ерлі-зайыптыларды;
- сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
- өзіне ҚР заңдарында жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттетілген адамдарды;
- егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойса, бұрынғы бала асырап алушылдарды;
- денсаулық жағдайына байланысты ата-ан құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды; Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде, олардың тізбесін ҚР Үкіметі белгілейді;
- тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;
- дәстүрлі емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;
- бала асырап алу кезінде қасақан қылмыс жасағаны үшін соттылығы өтелмеген немесе алынбаған адамдарды;
- азаматтығы жоқ адамдарды;
- анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрамған (ерлі-зайыпты) еркек жынысты адамдарды;
- асырап алған кезде асырап алынған баланы ҚР заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;
- наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын адамдарды қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.
Бір-бірімен некеде тұрмайтын(ерлі-зайыпты болмаған) адамдар сол бір баланы бірлесіп асырап ала алмайды.
Бала асырап алушы мен асырап алынушы бала арасындағы жас айырмасы
Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде он алты жас болуға және ол қырық бес жастан аспауға тиіс. Сот дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкін. Өгей әкесі(өгей шешесі) бала асырап алған кезде, осы баптың 1-тармағында белгіленген жас айырмасының болуы талап етілмейді.
Бала асырап алуға заңды өкілдердің келісімі
Егер ата-ана құқықтарынан айрылмаған болса, баланы асырап алу үшін оның ата-аналарының келісімі қажет. Кәмелетке толмаған, жасы 16 толмаған ата-аналардың баласын асырап алған кезде, сондай-ақ заңды өкілдерінің келісімі қажет.
Кәмелетке толмаған ата-аналардың заңды өкілдері болмаған кезде немесе кәмелетке толмаған ата-аналар баланы туған кезде медициналық ұйымда қалдырған және 3 айдан аса оның тағдырына ешкім қарайласпаған жағдайда – қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімі қажет.
Бала асырап алуға ата-аналардың келісімі нотариалды куәландырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын ұйымның басшысы не бала асырап алған жердегі немесе ата-ааналар тұратын жердегі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган растаған өтініште көрсетілуге тиіс, сондай-ақ бала асырап алу ісін жүргізу кезінде сотта тікелей білдірілуі мүмкін.
Бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылғанға дейін ата-аналар бала асырап алуға өздері берген келісімінің күшін жоюға құқылы. Ата-аналар нақты адамның не нақты адамды көрсетпей-ақ бала асырап алуына келісім беруі мүмкін. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар сотқа бала асырап алудың баланың мүдделеріне сай келетіндігі туралы қорытындыны ұсынады. Баланы оның өгей әкесі(шешесі) асырап алған жағдайда мұндай қорытынды талап етілмейді.
Қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы балаларды асырап алу үшін олардың қорғаншыларының немесе қамқоршыларының жазбаша нысандағы келісімі қажет.
Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт бойынша тәрбиеленіп жатқан балаларды асырап алу үшін патронат тәрбиешілерінің жазбаша нысандағы келісімі қажет.
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және білім беру ұйымдарындағы, медициналық және басқа да ұйымдардағы балаларды асырап алу үшін осы ұйымдар басшыларының жазбаша нысанындағы келісімі қажет.
Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексінің 93 бабындағы 1,4,5 және 6 тармақтарында аталған адамдардың келісімінсіз, сот баланың мүддесінде оны асырап алу туралы шешім шығаруға құқылы.
Ата-анасының екеуі не некеде тұрмаған анасы бас тарту туралы өтінішті ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен рәсімдеместен, медициналық ұйымда туған баладан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ 3 жастан аспаған тастанды(ата-анасы бас тартқан) бала табылған кезде, ол қалдырылғаннан немесе табылғаннан кейін 3 ай өткен соң сот баланың мүддесінде ҚР азаматтарының бала асырап алуы туралы істі қарауға құқылы.
Баланы ата-аналарының келісімінсіз асырап алу
Егер ата-аналар:
- белгісіз болған немесе сот оларды қайтыс болған деп жариялаған, хабар-ошарсыз кеткен деп таныған;
- сот оларды әрекетке қабілетсіз деп таныған;
- сот оларды ата-ана құқықтарынан айырған;
- баламен бірге тұрмаған және сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша 6 айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен күтіп-бағудан жалтарған жағдайда, олардың баланы асырап алуға келісімі талап етілмейді;
Некеде тұрмаған ананың ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен рәсімделген, медициналық ұйымдағы баладан бас тарту туралы жазбаша өтініші болған кезде сот ата-аналардың баланы асырап алуға келісімін растайтын басқа да құжаттарды талап етуге құқылы емес.
Баланың асырап алуға келісімі
10 жасқа толған баланы асырап алу үшін оның келісімі қажет. Баланың асырап алуға келісімін ата-аналарының не баланың басқа да заңды өкілдерінің, прокурордың қатысуымен сот анықтайды.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің бала асырап алуға келісімі
Егер баланы ерлі-зайыптылардың екеуі асырап алмаса, ерлі-зайыптылардың біреуі баланы асырап алған кезде бала асырап алуға екінші жұбайдың жазбаша келісімі талап етіледі.
Егер ерлі-зайыптылар іс жүзінде отбасылық қатынастарды тоқтатқан болса немесе 1 жылдан астам уақыт бөлек тұрып жатса, бала асырап алуға екінші жұбайдың келісімі талап етілмейді.
Асырап алынған баланың аты, әкесінің аты және тегі
Асырап алынған баланың аты, әкесінің аты және тегі сақталуы мүмкін.
Егер бұл баланың мүдделеріне қайшы келмесе, асырап алынған балаға бала асырап алушының өтініші бойынша бала асырап алушының тегі, сондай-ақ ол көрсеткен аты беріледі. Егер бала асырап алушы ер адам болса, асырап алынған баланың әкесінің аты- асырап алушының аты бойынша, ала баланы әйел асырап алған кезде, ол асырап алынған баланың әкесі ретінде көрсеткен адамның аты бойынша айқындалады.
Егер бала асырап алушы ерлі-зайыптылардың тектері әртүрлі болса, бала асырап алушы ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша, асырап алынған балаға олардың біреуінің тегі беріледі.
Баланы некеде тұрмайтын адам асырап алған кезде, оның өтініші бойынша бала асырап алуды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу кезінде бала асырап алушының көрсетуі бойынша тууды жазу кітабына асырап алынған баланың әкесінің(анасының) аты, әкесінің аты және тегі жазылады. Бала асырап алушының тілегі бойынша әкесі(анасы) туралы мәліметтер көрсетілмеуі мүмкін.
Бала асырап алу құпиясын талап ететін жағдайларды қоспағанда, 10 жасқа толған асырап алынған баланың аты, әкесінің аты және тегі оның келісімімен ғана өзгертілуі мүмкін. Асырап алынған баланың атының, әкесінің аты мен тегінің өзгеруі туралы оны асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі.
Асырап алынған баланың туған күні, айы, жылы мен туған жерінің өзгертілуі
Бала асырап алу құпиясын қамтамасыз ету үшін бала асырап алушының өтініші бойынша асырап алынған баланың туған күні, айы, жылы 6 айдан аспайтын мерзімге, сондай-ақ оның туған жері өзгертілуі мүмкін. 3 жасқа дейінгі баланы асырап алған кезде ғана асырап алынған баланың туған күнін, айын, жылын өзгертуге жол беріледі.
Асырап алынған баланың туған жерін өзгеру ҚР аумағының шегінде ғана жүргізіледі және баланың жасына қарамастан асырап алушының қалауы бойынша жол беріледі. Асырап алынған баланың туған күнінің, айының, жылының немесе туған жерінің өзгеруі туралы оны асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |