Дәрістін қЫСҚаша мазмұНЫ


Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын үш топқа бөлуге болады



бет10/43
Дата16.02.2023
өлшемі95.22 Kb.
#469628
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
1500411089690 ҚР Отбасы құқығы дәрістер жинағы

ДӘРІСТІН ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:

Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа бір-бірімен кез-келген мәмілелер, соның ішінде келісім-шарттар (автокөлік сатып алу және сату, сыйға тарту, мұраға қалтыру т:б) жасай алу құқығы жатады. Бұл қатынастар ерлі-зайыптылар тең, ешқандай шектеулердің болуы мүмкін емес.

Отбасының барлық сұрақтары ерлі-зайыптылармен бірге, өзара келісім, толық теңдікнегізінде шешіледі. Онда ең алдымен отбасы мүддесі, әсіресе кәмелетке толмаған балалардың мүддесі ерекше ескерілуі керек. Сонымен қатар жүкті жұбайы немесе науқас зайыптардың мүддесі де қорғалуы керек.

Екінші топқа отбасы иелігіндегі ерлі-зайыптылардың заттар мен құнды заттарға құқығына байланысты мүлікті қатынастары жатады: еңбек ақы, үй-жай, жеке қолданудағы және жайлылыққа қажетті мүліктер; автокөлік, жинақған қаржылар.

Үшінші топқа қажет болған жағдайда өзара көмек ретіндегі (алименттер) ерлі-зайыптылардың мүліктік міндеттемелері жатады.

Ерлі-зайыптыларға тиселі мүліктер ортақ меншік және жеке меншіктегі мүліктер деп бөлінеді. Ерлі-зайыптылардың мүліктерінің бұл түрлерінің құқықтық режимі өзара ерекшеленеді.

Ерлі-зайыптылардың жеке мүліктері

Ерлі-зайыптылардың жеке мүлкі дегеніміз олардың әрқайсысына жеке тиселі мүліктер. Ері мен әйелінің бір-бірінің келісімінен тәуелсіз жеке мүлікті иелену, пайдалану құқығы болады.

ҚР Неке(ерлі-зайыптылық) және Отбасы туралы Кодексінің 7 тарауына сәйкес ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ мүлкіне бекітілген тәртіпте тіркелген, неке кезінде ерлі-зайыптылармен жиналған мүліктер жатады.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне олардың қарыздары кірмейді. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қарызы олардың өздерінің үлестерімен жабылады.

Уақытша себептерге байланысты (іссапар, демалыс, ауруы және т.б.) ерлі-зайыптылардың бөлек тұруы неке кезінде жиналған мүлікке ортақ меншік құқығына әсер етпейді. Сонымен қатар мүлікті сатып алу кезіндегі жағдайлардың да (ерлі-зайыптылар бірге сатып алдыма, әлде біреуі ғана алдыма) мәні болмайды. Өйткені ерлі-зайыптылардың біреуінің әрекеті екіншімен келісілуі керек.




6 апта дәріс - Суррогат ана болу және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет