Бала асырап алушыларды асырауға алынған баланың ата-аналары ретінде жазу
Бала асырап алушылардың өтініші бойынша сот туу туралы актілер жазбалары кітабында оларды өздері асырап алған баланың ата-аналары ретінде жазу туралы шешім қабылдайды. Мұндай жазбаның қажеттілігі соттың бала асырап алу туралы шешімінде міндетті түрде көрсетіледі.
Бала асырап алудың құқықтық салдары
Асырап алынған бала және оның ұрпағы – бала асырап алушылар мен олардың туыстарына қатысы бойынша, ал бала асырап алушылар мен олардың туыстары асырап алынған бала мен оның ұрпағына қатысы бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары мен міндеттерінде шыққан тегі бойынша туыстарына теңестіріледі.
Асырап алынған бала жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарынан айрылады және өзінің туған ата-аналарына қатысты міндеттерден босатылады.
Баланы бір адам асырап алған кезде, егер бала асырап алушы ер адам болса- анасының тілегі бойынша немесе, егер бала асырап алуше әйел болса-әкесінің тілегі бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттердің сақталуы мүмкін.
Бала асырап алушы асырап алынған баланың меншігіндегі мүліктің сақталуы үшін жауаптылықта болады. Бала асырап алудан бас тартылған жағдайда, осы мүлікті қайтару жөніндегі міндет те бала асырап алушыға жүктеледі.
Асырап алынған баланың ата-аналарлың біреуімен немес қайтыс болған ата-анасының туыстарымен қарым-қатынастарының сақталуы туралы бала асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі.
Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген бала асырап алудың құқықтық салдары, осы баланың туу туралы актілер жазбалары кітабында бала асырап алушылардың ата-анасы ретінде жазылуына қарамастан туындайды.
Асырап алынған баланың жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығының сақталуы. Өзі асырап алынған кезде жинақтаушы зейнетақы қорларындағы ата-аналарының зейнетақы жинақтарына және асыраушысынан айрылған жағдайы бойынша жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығы бар бала осы құқықты асырап алынған кезде де сақтайды.
Бала асырап алу құпиясы. Бала асырап алу құпиясы заңмен қорғалады. Ата-аналары, туыстары баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырған ұйымдардың және (немесе) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, бала асырап алу туралы шешім шығарған судьялар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған басқа да адамдар бала асырап алу құпиясын сақтауға міндетті.
Бала асырап алуды жарамсыз деп тану және оның салдары
Бала асырап алу:
- бала асырап алу туралы сот шешімі жалған құжаттар негізінде қабылданған;
- осы Кодекстің 93-бабында аталған адамдардың келісімінсіз бала асырап аслынған;
- некеде тұрған(ерлі-зайыпты болған) адам басқа жұбайының жазбаша келісімінсіз бала асырап алған;
- осы Кодекстің 91-бабының 2-тармағында көзделген ережелер бұзылған жағдайларда жарамсыз деп танылады.
Бала асырап алуды жарамсыз деп тану сот тәртібімен жүргізіледі. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы істі асырап алушылардың, прокурордың және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің міндетті түрде қатысуымен сот қарайды.
Асырап алынған баланың ата-аналары, бала асырап алушының жұбайы, бала асырап алуға байланысты құқықтары бұзылған адамдар, прокурор, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқылы.
Бала асырап алуды жарамсыз деп танудың салдары
Бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан кезден бастап бала асырап алу жарамсыз деп танылады. Бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, егер бұл баланың мүдделері үшін қажет болса, асырап алынған баланың және бала асырап алушылардың, бала асырап алушылардың туыстарының өзара құқықтары мен міндеттері тоқтатылады және бала мен оның ата-аналарының(оның туыстарының) өзара құқықтары мен міндеттері қалпына келтіріледі.
Егер олар асырап алу кезінде өзгерсе, ата-аналардың талап етуі бойынша балаға бұрынғы аты, әкесіні аты және тегі беріледі, сол сияқты бұрынғы туған күні, айы, жылы мен туған жері қалпына келтіріледі.
Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сот үш күн ішінде осы шешімнің үзінді көшірмесін бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органға және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жіберуге міндетті.
Бала асырап алудың күшін жою және оның құқықтық салдары
Достарыңызбен бөлісу: |