390
Сүлеймен қарақшы
— Оның отырған жерiне кiрген емеспiн. Менi онда кiргiзбейдi.
Беймарал кiретiн Тұрлыбай едi ғой.
— Өтiрiктi соқпа.
— Оллаһи, шыным.
— Тұрлыбайдан басқа кiм кiре алады?
— Достұр кiредi.
— Ол кiм?
— Базардағы мiлисада iстейдi.
— Мiлисаның керегi жоқ бiзге. Басқа адамды айт.
— Пархад, Бекабаны қоя тұр. Қаратай, Сүлейменге пышақ
ұрғанның атын кiм деп едiң? Кәрiмхан дейсiң бе? Жәлелдин,
бiзге қазiр
Кәрiмханды Тұрлыбайға ұқсатып, далаға шақырып
берсең, судан шығарамыз, — дедi Парманқұл.
— Мақұл, мақұл. Кiмдi айтсаңдар да шақырып беремiн.
Төртеуi Жәлелдиннiң киiмдерiнiң суын сорғалатып,
дiрдектеткен күйi Кәрiмханның үйiнiң алдына айдап келдi.
Тiстерi тiстерiне тимей қалшылдап, әзер сөйлеп тұрса да,
Жәлелдин Кәрiмханды көшеге шығарды. Кәрiмхан сорлы да
оның қандай жұмыспен келгенiн бiлiп үлгергенше, арт жақтан
тиген соққыдан есi ауып түстi. Қамыс арасында өз-өзiне зорға
келдi.
— Мен ұрсам, бұл да өлiп қалатын шығар. Сендер ұрып-ұрып,
менiң кегiмдi қайтарыңдар.
Анау үшеуi оны әбден қинады. Жәлелдинге ұқсатып, әбден
суға тоғытты. Айқайлайын десе,
Парманқұлдың қолындағы
маузерден қорықты. Пархат Кәрiмханмен қатар Жәлелдиндi де
өлгенше таяқтады. Ол аздай, Кәрiмханның аяқтарына пышақ
сұққылап, жаралап тастады.
— Осы таяқ жегендерiңдi мiлисаға айтсаңдар, болмаса
базарда, көшеде бiзге тосыннан шабуыл жасасаңдар, бұдан бетер
азаптаймыз, — деп екеуiн қосақтап байлап, қамыс iшiне тастап
кеттi.
— Бұл иттер ашуым басылғанда кездестi.
Базарда қолға
түскенде аямас едiм. Жаңа олардан сұрамаппыз ғой, Бекабаның
адамдарына жейтiн адамдарды осылар тасып жүрген жоқ па
екен? — дедi Сүлеймен қамыс шетiне шыққанда.
— Ә, ондайға бұлардың да қатысы бар, — дедi Қаратай.
— Онда керi бұрылып, екеуiн де байланған күйлерi суға
тастай салайық. Өлсе — өлер, өлмесе — жағаға шығар. Талай
пәк сәбидiң қанын шашып жүргендердi несiне аяймыз.