383
Сүлеймен қарақшы
айдауда жүр. Бiрақ оқтын-оқтын жасырын түрде
елге соғып
тұрады. Дегенмен әр келiсi онша жасырын да емес. Жә, бұл
жөнiнде кейiнiрек.
Естуiмше, жұрт өзiңдi «Сүлеймен қарақшы» дейдi екен ғой.
Ал мұны Тәшкен жұрты «Қараман қарақшы» дейдi. Анау көздерiн
көрмейсiң бе, ашулы бөрiнiң көздерiндей шоқ шашып тұр:
Ал мынау — Абдан. Шын аты — Пархад. Солай ма едi,
Пархад. Ол өзiңнiң туысың. Тау жақтан. Баяғыда семiздiктен
жүре алмай жатып қалса да, он үш жыл ел билеген — оймауыт
Тұрта деген датқаны естуiң бар шығар. Содан Ағабек туған.
Ағабек те көп жыл болыс болған. Пархад сол Ағабектiң екiншi
баласы. Мұны тау барысына да, қамыс жолбарысына да, тоғай
қабанына да теңесең болады. Жаужүрек.
Қанша таяқ жесе
де, қайтуды бiлмейдi. Қалжыңмен айтсам, бұл тұрғыда ол
денесiне таяқ тиген сайын iсiне беретiн борсық сияқты. Соққы
дарымайды. Көп мақтап қойдым ба-ей сенi, Пархад? Онда сенi
қойып, Парманқұлға көшейiн.
Парманқұл батырымыз — қоңырат.
Iлкiде Алай тауында
өзiңмен бiрге басмашы болып, кейiн Сiбiрге айдалған Аязбек пен
Төрекелдiнiң бұрынғы досы. Iлгерiде бәрi байлардың малдарын
тонап, қарақшылықты бiрге бастаған. Мұны да жұрт «қарақшы»
дейдi. Әлi күнге дейiн өкiметтен қорықпай, көшеге шықса,
мылтығы мен қылышын асынып жүредi. Осындай адамды көрген
бе едiң?..
— Тоқтай тұр, Мамажан, тоқтай тұр. Осы Парманқұлды күнi
кеше ғана «абақтыда жатыр» деп есiтiп едiм.
— Кеше шығарып алғам. Бұл түрмеге түсуден жалықпайды,
мен шығарып алудан шаршамаймын.
Мамажан осыны айтып күлдi. Оған қосыла бәрi күлiстi. Одан
кейiнгi
әңгiмелерi тiптi жарасып, төртеуi түн ауғанша отырды.
Ойлары да, сөздерi де бiр жерден шықты. Жарыса сөйлесiп, бiр-
бiрлерiнiң өткен өмiрлерi жайында әбден қанығысты.
— Өкiметке құл болмай-ақ, нанымды тауып жеймiн, — дедi
Парманқұл.
— Менi ешкiм өзiне тәуелдi ете алмайды,— дедi Пархад.
— Қалыпқа сыймайтын адамдармыз-ау. Бiрақ кесiлген
жазамды өтемей, маған тыныштық жоқ.
Еркiндiк бiр қолыма
тисе ғой, — дедi Қараман.