385
Сүлеймен қарақшы
— Сен, Парманқұл, өзiңе лайықты жанды ендi таптың.
Қашғарлықтардан кек алғыларың келсе, дайындалыңдар.
Үзеңгiмен ұрғыш қаскөйдiң, Тұрлыбайдың, қойшы, не
керек,
Сүлейменге қастандық жасағандардың бәрiнiң қай жерде
тұратындықтарын әбден бiлiп алдым. Өш алуды қайсысынан
бастайсыңдар?
— Үзеңгiмен ұрғанның атын Жәлелдин деп пе едiң? Алдымен
соны тұзаққа түсiрейiк. Ал өткен базарда маған жабылып, пышақ
ұрғандардың кiмдер екенiн бiлiп алдың ба?
— Жәлелдиндi көрсеткен Мұзапар оларды да бiлетiн болып
шықты. Бәрiн жұмсап отырған — Тұрлыбай.
— Онда бұл не отырысымыз? Уақыт болса, кеш түстi. Кеттiк,
Жәлелдиннiң үйiне. Айтпақшы, ол қай жерде тұрады екен?
— Қарақамыстың бойындағы махаллада. Тұрлыбай да сол
жақта тұрады. Жалпы, оның көп бандысы бiр-бiрiмен ауылдас.
Мұзапар да солардың iргесiнде отыр.
— Мұзапардың бiзге қажетi шамалы. Сен Жәлелдиндi алдап,
сыртқа шақырып шық. Оған бiр сылтау табарсың. Махалланың
маңында қалтарыс-бұлтарыс жер бар ма? — дедi Сүлеймен
Мамажан сыйлаған екi жүздi қанжарды қонышына сұғып жатып.
— Махалла жағалай отырған өзеннiң жағасы ну қамыс.
Орылмаған, мал араламаған қамыс тығылғанды көлденең көзден
жүдә әдемi жасырады. Соның арасына бiр кiргiзiп алсаңдар, ар
жағын өздерiң бiлесiңдер.
Бұдан кейiн бiраз iстердi
тағы пысықтап алған төртеуi
шаһардың батыс жағындағы Қарақамыс махалласына жол
тартты. Көлiктерi — қос ат жегiлген үлкен дөңгелектi қоқанарба.
Ат айдаушының қызметiн атқарған Пархад бұларды демнiң
арасында межелi жерге жеткiздi. Арбаны махалланың бас жағына
орналасқан Мұзапардың үйiнiң ауласына тықты. Сүлеймен мен
Парманқұлды көргенде, Мұзапар қорқыныштан дiрiлдеп, әзер үн
қатты:
— Уа, үкалар, кiмдi таяқтасаңыздар да менi
араластырмаңыздаршы. Бала-шағам бар.
Оларды мен
көрсеткенiмдi Бекаба есiтiп қойса, үй-iшiмiзбен бауыздап кетедi.
— Қорықпа, сенi бұл iске араластырмаймыз, — дедi Пархад.
— Жәлелдиндiкi сенiкiнен кейiн нешiншi үй?