441
Сүлеймен қарақшы
аяқсыз қалған-ды. Мiне, ендi бесiншi рет Ахмадпен кездесуге
тура келiп отыр.
— Содан берi осы түрменiң билiгi Ахмадтың қолында ма?
— Иә, осыған дейiн одан өтер ешкiм болмай тұр.
— Өзiнiң денесi дәу ме?
— Бойы онша ұзын емес. Менiмен қатарлас. Бiрақ кең иықты,
жалпақ. Паяз да сондай. Сүйектерi iрi. Екеуiнiң де түстерi суық.
Бақырайып қарағанда, зәрлi жүздерiне адам қарап тұра алмастай.
Ертең-ақ көресiң, олардың қандай екендiктерiн. Туһ, уақыт қанша
болды? Менi ұйқы қыстап бара жатқанын қарашы.
— Мен де әзер шыдап жатырмын.
— Онда, Сүлеймен, сен ұйықтай бер.
Таң қылаң бергенше,
мен ұйықтамауға тырысамын. Таң сәл атса болды, қауiп жоқ, —
дедi Парманқұл даусын көтерiп. Сосын Сүлейменнiң құлағына
сыбырлады. — Әдейi қатты сөйледiм. Таулықтар да ұйықтамай
жатыр. Өтiрiк ұйықтағынсып қалайық. Не iстер екен. Бiрақ қара
басып, ұйықтап қалма.
Екеуi ұзақ уақыт өз ойларымен болып, ояу жатты. Парманқұлды
кiм бiлген, Сүлеймен ұзақ ойлана алмайды. Ояу жата беруге
шыдамы жетпедi. Көзi iлiнiп кеттi.
Әлi қатты ұйықтамаған едi. Басынан тиген қатты соққыдан
оянып кеттi. Бәлкiм ажалы жоқтығынан осылай болды ма, кiм
бiлсiн, көзiн ашса, Парманқұлдың бас жағында бiреу төнiп тұр.
Бiреу емес, екi адам тұр. Сүлеймен
сәл кешiксе, бiр қатердiң
төнетiнiн сездi де: “Ой, Парманқұл, мыналар кiмдер?” — деп
атып тұрды.
Тұра бергенде, бас жақтағы бiреу өзiн бiр ұрды.
Қолын тосып үлгердi. Қолы оның қолына тигенде, алақаны шым
еттi. Ананың пышағы бар екенiн бiрден сездi. Ойлануға шамасы
болмады. Екiншi қолымен оны құлаштай соқты. Анау “ойбай” деп
жатқан қазақтардың үстiне гүрс құлады. Осы кезде Парманқұл да
тұра бердi. Ал бас жақта тұрған екiншiсi ары қашты. Сүлеймен
үш аттап, оны желкесiнен бүрдi. Сосын басынан аямай соққылап,
жер жастандыра салды.
Бұл уақытта өздерiнiң үстiне құлаған адамның бақырғанынан
оянып кеткен қазақтар: “Әй, кiм бұл? Әй, не болды өзi?” —
деп дабырласып жатқан. Қараңғылыққа әбден көзi үйренген