Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет211/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
келгенше өтiп кетедi. Ал кешкi сағат сегiзде жұмыс тоқтатылып, 
сотталушылар баракқа қайтады.
Екi-үш күн өттi. Сүлеймендер жұмыстың кезiнде де, түнде 
де ешқандай оқыс оқиғаға кезiкпедi. Таулықтар моп-момақан 
күйлерi тыныш жүр. Олар тыныш жүргесiн, бұлар да оларға 
тиiспедi.
Төртiншi күнi жұмыстан қайтып келе жатқанда Сүлеймен 
Парманқұлға айтты:
— Анау таулықтар сабасына түстi-ау деймiн. Жүдә, тыныш 
қой. Саған қастасқан Ахмад пен Паяздан да бiр хабар жоқ.
— Мен олардың бұлай тыныш жүре беретiнiне сенбеймiн. 
Көресiң, бiр күнi бiзге қарап бiр лаңды салары кәдiк.
Парманқұл дұрыс айтқан екен. Сол түнi жатар алдында 
бұларға Шурхат келдi. Қасында анау дәуi бар. Келе салып:
— Уа, Сүлеймен, Парманқұл әкәлар. Бiздiң анадағы тiрлiгiмiзге 
қапа болып жүрсiздер ме? Ол үшiн сiздерден кешiрiм сұраймыз. 
Бұдан былай тату болайық, — дедi.
Сүлеймен аңғал ғой. Олардың кешiрiм сұрап келгендерiне 
шын сендi.
— Ә, бiздiң қазақта “ер шекiспей бекiспейдi” деген сөз 
бар. Кешiрiм сұрап келсеңдер, кештiм. Бiрақ ендi құтырушы 
болмаңдар. Мына дәуiңнiң аты кiм?
— Аты — Низам. Мұны күштi ме деп жүрсек, сiз одан да 
күштi екенсiз.
— Кешiрiмдi шын көңiлдерiңмен сұрап келдiңдер ме? — деп 
сұрады Парманқұл.
— Әрине, әкә.
— Бiз кешiргенiмiзбен, Ахмад пен Паяз бiзге бас игендерiңдi 
кешiредi деп ойлайсыңдар ма?
— Бiз бұдан былай оны тыңдамаймыз. Қайта сiздермен дос 
болып, оларға қарсы тұрсақ па деймiз. Себебi, Ахмад пен Паяз 
бiздi адам құрлы көрмей барады. Ит секiлдi жұмсағысы келедi. 
Мықты болса, сiзбен өзi төбелеспей ме?
— Маған тек адалдық керек. Өзiме арамдық iстегендердi
болмаса басынғандарды ешқашан аямаймын.
— Оны көрдiк, Сүке. Ендi бiз сiздермен бiргемiз.


445
Сүлеймен қарақшы
Олар Ахмад пен Паязды тағы бiраз жамандап, бұдан былай 
қазақтармен дос болатындықтарына ант-су iшiсiп, орындарына 
кеттi.
— Сен, Сүлеймен, осылардың сөзiне сенiп отырсың ба?
— Иә, Парманқұл. Мен жiгiттiң еркектiк сөзiне сенемiн. Алда-
жалда сөздерiнен тайып кетсе, өз обалдары өздерiне.
Екеуi осылай сөйлесiп отырғанда, Шурхаттың жанында 
жататын екi таулық сыртқа шығып кеттi. Бұған Сүлеймен де, 
Парманқұл да назар аудармады. Жатқанша сотталушылардың 
казармадан бiрi шығып, бiрi кiрiп жатады. Бiраз уақыттан соң 
олар қайта оралды. Оралған екеу Шурхатқа бiрдеңе айтты да, 
сыртқа ертiп кеттi. Сүлеймендер оған да мән бермедi.
Уақыт өтiп, солдаттардың сотталушыларды түгендеп, 
жатқызатын кезi де болды. Бiрақ солдаттар келе қоймады. Сағат 
он екiге таяды. Олар әлi жоқ. Шурхаттар да оралмады. 
— Солдаттар бүгiн мiндеттерiн ұмытып кеткен бе?
— Бiлмеймiн ғой, Сүлеймен. Бiлетiнiм — бұл тегiн нәрсе 
емес…
Парманқұл сөзiн аяқтап, үлгермедi. Даладан бес-алты 
сотталушы жүгiрiп келдi.
— Ахмад пен Паяз осында келе жатыр. Қолдарында бiреудiң 
кесiлген басы бар. Ал Шурхаттың дамбалын шешiп, жалаңаш 
артына теуiп, алдарына салып алыпты, — дедi олар.
Сол-ақ екен, әр жерде күбiрлесiп, әңгiмелескен 
сотталушылардың дымдары өшiп, әркiм өз орындарына жата-
жата кеттi. Сөйтiп лезде барак iшiнде өлi тыныштық орнады.
— Не дейдi? “Бiреудiң басын кесiп, қолына ұстап алыпты” дей 
ме? — дедi Сүлеймен.
— Жаңа айттым ғой, “Солдаттардың кешiгiп жатқандары тегiн 
емес” деп. Демек, Ахмад пен Паяз түрме қожайынымен келiсiп 
қойған. Түрмеге бүгiнгi тәртiптi өздерi орнатпақ болған да.
Кешiкпей баракқа оншақты таулық сау еттi. Алдарында — 
Шурхат. Ол сорлының бұты жалаңаш. Бет-аузының бәрi қан-
қан. Оның желкесiнен бүрiп келген таулықтың екiншi қолында 
адамның басы бар. Кесiлген бастың құлағынан ұстап алыпты. 


446


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет