443
Сүлеймен қарақшы
қашқандардың қайсыбiрiн ұстаймыз. Таң атсын. Содан соң дау
салармыз оларға.
III
Сол түнi қазақтар таңға дейiн ұйықтамай шықты. Таңға
дейiн қашқан таулықтар да келмедi. Тек солдаттар келiп,
сотталушыларды тұрғыза бастағанда, олар баракқа кiрдi.
Солдаттардың көзiнше өздерiне
ешкiм тиiсе алмайтындарын
бiледi.
Бiр сағаттан кейiн солдаттар бәрiн сапқа тұрғызып, асханаға
әкелдi. Асханаға бiрден кiргiзбей, топырлатып тұрғызып қойды.
Әлден соң басқа барактардағы сотталушылар да тiзiлiп кеп, асхана
алдына тұрды. Сүлеймен жан-жағына қарап, “тұрғандардың
саны мыңнан асады-ау” деп ойлады. Олардың бiреуiнiң бойлары
бұған жетпейдi екен. Тек кешегi өзiнен таяқ жеген таулық қана
серейiп, мұнымен тұрғылас болып тұр.
— Бүкiл түрмеде ең ұзын адам мен болғаным ба.
— Ұзының не? Ең дәуi де сен. Өзiн дәумiн деп жүргендер
сенiң жаныңда мысықтай екен, — дедi Адамбай.
— “Мысықтай” деп тiптi кiшiрейтiп жiбердiң-ау.
— Мысықтай болмаса да, өзiн
дәумiн дегендер сенен бес
қарыс кем.
— Иә, Парманқұл. Мына сөзiң қатып кеттi.
Тамақтан соң солдаттардың қоршауымен баракқа қайта келдi.
Сосын топ-топ етiп, бұларды жұмысқа бөлдi. Кешегi келген
қазақтарға тағы екi-үш адамды қосып, түрме
шетiндегi зауыт
секiлдi бiр үлкен үйге кiргiздi. Үйдiң iшiнде неше түрлi темiр
кесетiн станоктар бар екен. Сүлеймен мен Парманқұлды бiр
станоктың басына қойды. Станоктың тiлiн бiлетiн бiр адам бар.
Бұл екеуi оған көмекшi.
Станок темiр жонып, әртүрлi құрал-сайман iстейдi.
Сүлеймендер станок
басындағы адамға темiр тасып, дайын
болған құралдарды бiр шетке жиыстырады. Бар мiндеттерi —
осы.
Бұл жердегi жұмыс кестесi Сiбiр түрмесiндегiдей екен. Түскi
тамақ кезiнде бiр сағат демалыс. Бiрақ бiр сағат тамаққа барып,