Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет215/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
шулатып, басынып жүрген шығар. Айтпақшы, сен бiлесiң ғой, 
Мамажан. Елде аштық әлi жүрiп жатыр ма екен? Жоқ әлде жағдай 
жақсарайын деп пе? 
— Жалғыз өзiңнiң қолыңнан күллi елдi тойдыру келе қоймас, 
Сүлеймен. Дегенмен естуiм бойынша, Қазақстанға жаңа басшы 
келiп, жұрт тойына бастаған сыңайлы.
Сен не десең, о де. Менiң бiр өкiнiшiм — елiмдi аштық 
жайлаған кезде нәр таппай қырылған жұртқа титтей де көмек бере 
алмағаным. Орта шаруаның соңғы лағына дейiн тартып алған 
белсендiлердiң көзiне көк шыбын үймелете алмаған болсам
менiң күштiлiгiм қайда. Өмiрдiң бәрi кiлең баскесерлермен 
алысумен өтiп барады. Әй, Парманқұл, айтшы. Сен екеумiз қазақ 
игiлiгi үшiн қашан тiрлiк қыламыз?
— Е-е, Сүлеймен, бiле бiлсең, қазақ намысы үшiн аз тiрлiк 
iстеген жоқсың. Жөйiттердi жайратып, басынған бұзықтарды 
сабасына түсiрiп жүргенiң, Тәшкендегi ауғынды аш қазақтарға 
көмектескенiң — халқыңды биiкке көтергенiң емес пе? Қай 
қазақтың қаһарманы саған ұқсап, оларға қарсы тұра алды. Рас, 
сен бiр ұлттың аузына iлiккен, бетке ұстар батыры да, ел бастаған 
көсемi де емессiң. Бiрақ бәрiбiр, баскесерлер арасында әдiлдiк 
орнатсам деп, ылғи күресiп жүретiн қаһармансың. Заманыңа 
қарай пешенеңе жазылғаны осы болса, қылар амалың бар ма? 
Әттең, қалың жауға қарсы найза бiлеп, атойлап қол бастайтын 
дәуiрде тумаған екенсiң. Сол кезде қаһарыңнан қалың жау 
ығатын хас баһадүрдың нағыз өзi болар едiң. Ал мына заман 
сенiң ерен күшiңе тұсау салған кер кезең болып тұр. Сендегi бұла 
күштiң тасқыны бөгесiн таппай арқыраған сел ғой. Құдай өзiңе 
осындай қасиет берген. Оның берген тағы бiр жақсы қасиетi 
— сенi ақылды тентек қылып жаратқаны. Өздiгiңнен ешкiмге 
тиiспейсiң. Бiреудi бiреу басынғанын жек көресiң. Бiр есерсоқ 
сәл шамыңа тисе, басын кесiп алуға дайынсың. Иә, қайсыбiрiн 
айтайын. Дегенмен кейде артық кетiп қалатын жерiң де бар. Иә, 
бiрақ, қалай айтсам да, сенде бiр құдiреттiң бары рас...
— Мұның құдiреттiлiгi қара күшiнде ғой, — дедi Парманқұл.
— Бiр ғана қара күшiнде емес, жүректiлiгiнде де бар. 
Әйтпесе, қазақта бұдан да мықты жiгiттердiң болуы кәмiл. Тек 


456
Сүлеймен қарақшы
оларда жаужүректiлiк, содан соң бұл сияқты бiр ұрғанын қатыра 
салатын соққы жоқ. Ең ақыры ондайлардың көбiнде бұндағы 
сияқты сұстылық жоқ. Түрiне қарашы, дәулiгiн былай қойғанда, 
көзiне адам тiктеп қарай алмайды. Сүлейменнiң жанында сенiң, 
Парманқұл, жүзiң әшейiн шақар баланың бетi-әлпетi сияқты.
— Шақар баланың бет-әлпетi секiлдi болса да, бұдан да талай 
адам ығады.
— Жай айтып жатқаным да, Сүлеймен. Әйтпесе, екеуiң қатар 
келе жатсаңдар, айналаның бәрiн қара бұлт басып тұрғандай 
болады. Жүрiстерiң ауыр, түрлерiң суық, жүздерiң зәрлi.
— Жә, Мамажан. Бiздi түрмеден шығаруыңды шығарып алып, 
ендi бой тұрқымыз бен дене пiшiмiмiздi сынайын дедiң бе, — деп 
күлдi Парманқұл. — Бұрындары менi түрмеден мезгiлiнен бұрын 
шығарып алғаныңда, “Бiр жаққа кетiп, бас сауғалай тұр” демеушi 
едiң. Бұл жолы басқа шешiмге келгенiңнiң төркiнiн аңдамай 
отырмын.
— Менi өкiмет басқа жұмысқа ауыстырып жатыр. Сендер үшiн 
ол қызметтi құпия етпей-ақ қояйын. Ташкендегi милициялардың 
бастығы болмақшымын. Менiң де досым бар, дұшпаным бар 
дегендей, артымнан көп сөздiң ере бергенi де жөн емес. Сол үшiн 
уақытша бұл жерден кете тұрыңдар. Ертең екеуiңдi бiреулер 
Ташкеннен көрсе, өздерiңдi түрмеден мен шығарғанымды бiрден 
бiледi. Жан-жағымыз күйiп тұр. Бәрiмiз бiрдей жанып кетпейiк. 
Орайлы iс болса, жең астынан жалғаса берермiз.
Сүлеймен де, Парманқұл да үнсiз. Тек бiраздан соң екеуi:
— Е, жаңа орынтағың құтты болсын! — дестi.
— Орынтағымның құтты болуы сендерге байланысты болып 
тұр. Сондықтан да тiлiмдi алып, Ташкеннен кетiңдер. Сүлеймен, 
сен “елiме барсам” дегендi қой. Екi-үш жылға дейiн ол жақты 
ұмыт. Қоқанға барғыларың келмесе, Самарқан жаққа кетiңдер.
— Ол жақта не қыламыз? Барсақ, Қоқанға барамыз, — дедi 
Сүлеймен.


457


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет