465
Сүлеймен қарақшы
жатқан күзетшiлерге қарады: —
Бәрiң байынан таяқ жеген
қатындарға ұқсап, етпеттеп жатып алмай, ана бұрышқа барып
отырыңдар. Егер қарсылық көрсетпесеңдер, сендерге тимеймiз.
Жатқан үшеуi тұруға қорқып, Парманқұл көрсеткен бұрышқа
еңбектеп жеттi. Жеттi де бiр-бiрiне тақаса отырды. Жүздерiн
үрей жайлапты.
— Мылтықтарың қайда?
— Анау бұрыштағы киiздiң астында.
Айдабол күзетшi көрсеткен
бұрыштағы киiздiң астындағы
екi мылтықты шығарды. Мылтықтар кәдiмгi аңшы мылтықтары
екен. Мылтықтарда бiр-бiр оқ бар.
— Басқа оқтарың жоқ па?
— Барымыз — осы.
— Арқандарың бар ма? — дедi Парманқұл.
— Арқан деген көп. Анау кiре берiсте iлулi тұр.
— Айдабол, арқандарды әкел де, мыналарды байла!
Әп-сәтте Айдабол үш күзетшiнi бiр-бiрiне қосақтап,
матап
тастады. Оларды матап болғанда, Сүлеймен ұрған күзетшi ес
жиып, қозғалақтай бастады. Айдабол оны сүйретiп әкеп, аналарға
қосақтады. “Айқайлап жүрмесiн” деп, жiңiшке арқанмен
ауыздарын да керiп байлады.
Күзетшiлердi осылай жайғаған соң Сүлеймен
мен Айдабол
олардан олжалаған мылтықтарды арқаларына iлдi.
— Есiктi сыртынан бiр нәрсемен тiреп кетейiк, — дедi
Парманқұл далаға шыққандарында.
— Тiреп кететiн сол нәрсе табылса де, — деп Айдабол жан-
жағына қарады. Анадай жерде бiрдеңе дүңкиiп қарайып жатыр.
Жақындап барып едi, дәу тас екен.
— Сүлеймен, мынаны көтере аласың ба?
— Не нәрсе екен? Алдымен көрейiк те, — деп Сүлеймен
Айдаболға жақындады. – Тас па, немене жатқан? Иә,
тас екен
ғой. Ары тұршы, көтерiп көрейiн, — деген ол тасты сәл қозғап
көрдi. Сосын “ауп” деп көтердi де, оны үйшiктiң есiгiне тiреп қоя
салды.
— Парманқұл, мынауың шынымен алып қой.