48
Сүлеймен қарақшы
қабанды тоқтата алмай, онымен бiрге екi-үш қадамдай сүйретiлiп
кеттi. Қабан мен құлынның арасы бiр-ақ аттам жер қалғанда, оны
бар күшпен тартып тоқтатты. Осы сәт бие де жанкештiлiк жасап,
айналып келiп қабанды бiр тептi. Сәтiн салғанда, оның тепкiсi
қабанның тура тұмсығына тидi. Ауыр соққыдан жаны шыққан
хайуан бар даусымен шыңғырып жiберiп, секiрiп-секiрiп түстi.
Бар ойы екi мүйiзiнен қатып ұстаған адамды құлату сияқты.
Дегенмен Сүлеймен
оған дес бермей, мүйiзден ұстаған күйi
мойнын бұрып, жығуға әрекеттендi. Қорбаңдаған анау пәле жүдә
мықты екен. Құлай салатын түрi жоқ. Қайта басын ары сiлкiп,
берi сiлкiп, жанталасып жатыр. Егер дәл осы кезде Кендiр мен
Әмiр жүгiрiп келмегенде, бұл екеуiнiң қайсысы жеңерiн бiр
Құдайдың өзi бiлер едi.
— Ойбай, Кендiр. Қанжарды сұқ қарнына дереу! — деп
айқайлады Әмiр.
— Ойбай, таста мылтығыңды! Оқ Сүлейменге тиiп кетер.
Мылтығын қабанға қарай көтере
берген Кендiр сасқалақтап
қалды. Содан оны лақтырып жiбердi де белiндегi қанжарын
суырып алғанымен, тулаған қабанға жақындай алмады. Мұны
көрген Әмiр заматта оның
қолынан қанжарды тартып алып,
қабанның қарнына бiрнеше мәрте сұғып-сұғып жiбердi.
Жандаусы шыға шыңғырған хайуан жерге гүрс еттi. Құлаған
мезет Әмiр оның тамағын қанжармен орып-орып тастады.
— Жер-дүниенi дiрiлдетiп жатқан бұл ненiң даусы?— деп
Көбек бұлардың қастарына жетiп келдi. — Пәлi, қабан ғой мынау.
Қайсысың атып алдындар мұны? Кендiр, сен мерген екенсiң-ау.
— Кендiрiңiздiң мұны атуға шамасы келмек тұрмақ, жанына
жолауға қорықты. Сүлеймен ғой, мұнымен алысып жеңген.
— Уай, сабазым-ай! Әнеукүнi қабыланды жеңiп едiң. Бұл жолы
қабанды жарып тастадың ба? Бұл пәлекеттi қалай пышақтадың?
— Мен ұстап тұрдым. Әмiр қанжармен жайратып тастады.
Кендiр өзiнiң батылсыздығына намыстанды ма,
жанындағыларға
тiктеп қарай алмай, көзiн төмен салды.
— Әй, осы Сүлеймен болмағанда, бүгiн де бiраз жылқылардан
айырылатын едiк-ау, ә. Бiрде қабыланды, бiрде қабанды
жайратқан менiң жиенiмдi қалай мақтамассың. Бiрақ “жiгiттi