Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет19/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Содан екеу-екеуден бөлiнген ұрылар жылтыраған отқа екi 
жақтан жақындады. Екi күзетшi ештеңеден қауiптенбей, қаннен-
қаперсiз отқа ет қақтап жеп отыр. Оларға дейiн оншақты қадам 
қалғанда, Әрiпбай Сүлеймендi түртiп қалды да, соларға қарай 
жүгiре жөнелдi. Оның артынан Сүлеймен де қорбаңдап жүгiрдi. 
Екеуi сол екпiндерiмен барып, екi күзетшiге бассалды. Аналар 
не болып, не қойғанын аңдап үлгергенше, оларды жерге жығып 
үлгердi. Осы кезде ар жақтан Тастан мен Кендiр алқынып жеттi. 
Әр күзетшiге екi-екiден жабылған соң қойсын ба, әп-сәтте 
олардың қол-аяқтарын байлады да тастады.
— Айқайлаушы болмаңдар, — деп ескерттi Әрiпбай оларға. — 
Егер де қит еткен дыбыстарың шығатын болса, мына сойылмен 
бастарыңның мыж-мыжын шығарып тастаймын.
Күзетшiнiң екеуi де жастары жиырма беске жетпеген жас 
жiгiттер екен.
— Сiздер кiмсiздер? Байлап тастайтындай бiздiң не жазығымыз 
бар? — дедi оның бiрi дiр-дiр етiп.
— Бiздiң кiм екенiмiзде шаруаң болмасын. Бұл жерде 
сендерден басқа күзетшi жоқ па? 
— Бар. Ол кiсi жаңа иттер үрiп, тауға қарай жүгiрiп кеткенде, 
“Жылқы жақты бiр шолып қайтайыншы” деп кеткен.
— Ол қашан келедi?
— Ендiгi келетiн уақыты да болды.
Осы сәтте бұлардың арт жағынан: “Уай, не қылған 
адамсыңдар?!” — деген еркектiң жуан даусы шықты.
Бәрi артқа жалт қарасты. Тура қастарында дәу ат мiнген, 
қолында ұзын сойылы бар еңгезердей бiр кiсi тұр.
— Ә, түн кезген қарақшы екенсiңдер ғой. Көрсетейiн мен 
сендерге адамды байлап тастағанды, — деп ол атын өңмеңдетiп 
келдi де, бiрiншi тұрған Тастанға сойылын сiлтеп кеп жiбердi. 
Абырой болғанда, Тастан артқа ыршып үлгердi. Содан 
төртеуiн кезек-мезек қуалап, сойылын қанша сiлтесе де, 
ешқайсысына тигiзе алмай, бiраз әлектендi. Ал ұрылардың бәрi 
жаяу болғандықтан онымен бетпе-бет алыса кетуге дәрмендерi 
келмей, мыстары құрып, анау ары қуса — ары, берi қуса — 
берi қашты. Атын ортада олай бiр, бұлай бiр ойқастатып, түк 


41
Сүлеймен қарақшы
бiтiре алмай жынданған күзетшi бiр кезде: “Бөрiбасар, Алаяқ, 
күшке, күшке”, — деп айқайлап иттерiн шақырды. Осы мезетте: 
“Қорықпасаңдаршы. Төртеумiз төрт жағынан жабылайық», 
— деп Әрiпбай айқайлады. Осы айқайдан кейiн ұрылар сәл-
пәл ес жиғандай өз-өздерiне келiп, атты күзетшiнi төрт жақтан 
қоршады. Тастан мен Кендiр қолдарындағы сойылдарын 
оңтайлай ұстап, оған бiр-екi қадам жақындай бергенде қай 
жақтан келiп қалғаны белгiсiз, қастарына арсылдап, есектей-
есектей екi ит жетiп келдi. Иттердiң бiрi атылып келiп, Кендiрдiң 
қолындағы сойылға жармасты. Ал бiреуi Тастанға жабыса 
бергенде, ол оны сойылмен перiп кеп жiбердi. Бiрақ сойылы итке 
тимей, ауа құшты. Сойылдан сескенген ит кейiн шегiншектедi де, 
бұрыла сап Сүлейменге шапты. Қолында ештеңе жоқ бұл сасып 
қалып, қорғанбақ ниетпен оны аяғымен тебе беремiн дегенде, ит 
тура қара санға жабысты. Сүлеймен бiр сәт тырп етiп қозғала 
алмай қалды. Итiнiң Сүлеймендi тiстеп, тырп еткiзбей тұрғанын 
байқаған атты күзетшi сойылын сүйрете осылай қарай шапты. 
Сiрә, бiр ұрып, мұны жер жастандыра салайын деп ойлады-ау. 
Бiрақ жан беру оңай ма? Бойында күшi тасыған, әрi жылдам 
қимылдай алатын жас Сүлеймен санын тiстеп тұрған иттiң жон 
арқасынан екi қолымен мыта ұстады да, бар күшпен тартты. Бел 
омыртқасын терi-мерiсiмен қоса жұлып алардай болған дүлей 
күшке шыдай алмаған дәу ит қаңқ етiп, аузын саннан босата 
бердi. Со бойда иттi көтерiп алып, өзiне мiне, мiне, сойылын 
соғайын деп тұрған атты күзетшiге қарай лақтырып жiбердi. Ит 
қаңбақтай ұшып барып, бар денесiмен иесiнiң бетiне сарт еттi. 
Тура бетiне соғылған есектей итiнiң екпiнiне төтеп бере алмаған 
күзетшi ат үстiнен тоңқалаң асып жығылды. Онымен бiрге ұмар-
жұмар болып, жерге құлаған ит орнынан тұра салды да, беталды 
қаша жөнелдi.
Сүлеймен күзетшiнiң үстiне қона кетiп, қылғындыра бастады. 
Ашу қысқан Осы ашуымен оны қылғындырып өлтiрiп те қояр ма 
едi, егер: “Болды, болды, босат тамағын”, — деп Әрiпбай жүгiрiп 
келмегенде. Қиқылдап-шиқылдап өлуге аз-ақ қалған еңгезердей 
күзетшi тамағы мығым қолдардан босаған кезде “Уһ” деп 
терең тыныстап, бiр демалды. Әрiпбай оны етпетiнен аунатып, 


42


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет