Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет23/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
көзiнше мақтама” деген. Бiздiң iсте көзсiз ерлiк үйреншiктi әдет. 
Кендiр, Әмiр екеуiң мұның терiсiн сыпырып алындар. Қолдас 
тәуiп “Қабанның терiсi мен мүйiзiн тауып берсейшi”,— деп 
маған көптен берi айтып жүр едi. Сүлеймен, сен барып, бiраз 
ұйықтап ал. Ендi маған ұйқы жоқ. Сенiң орныңа жылқыларды 
мен күзетейiн. Айтпақшы, сары айғырды байладыңдар ма? 
Үйбай-ау, мына бие құлындап қалған ба? Мұны қайтемiз ендi? 
Жас құлын айдауға да жарамайды…
— Қазiр, Көбеке. Қабанның терiсiн сыпырып бiтейiн. Одан соң 
құлынды бауыздап тастаймын. Жатырдан жаңа шыққан малдың 
етiн өмiрiмде жеп көрген емеспiн. Елсапа “ондай еттiң дәмi тiл 
үйiредi” дейтiн едi. Бiз де көрейiк те, оның етi қандай болатынын 
— дедi Кендiр Көбектiң сөзiн бөлiп 
— Не айтып тұрсың, Кендiр?! Жас құлынды союға қалай дәтiң 
барады? — дедi Сүлеймен шыдай алмай. 
— Немене? Туған сенiң биең бе едi? Қатарымызға кеше қосыла 
салып, бiзге билiк айтатындай сен кiмсiң?!
— Соймайсың құлынды! Сойғызбаймын! 
— Әй, мынау, не шатып тұр. Түнде жылқы айдап бара 
жатқанда оны алдыңа өңгерiп жүресiң бе? Көбекең саған “демал” 
дедi ғой. Өңкейiп тұрмай, құры бұл жерден. Әйтпесе өзiңдi сабап 
тастаймын,— деп Кендiр аршып жатқан қабанның терiсiн тастай 
салып, Сүлейменге ашулы жүзбен сүзiле қарады. 
— Доғарыңдар ерегiстi! Қайдағы бiр құлын үшiн өзара 
қырықпышақ болмақсыңдар ма? Сүлеймен, бар, жат сен. 
— Құлынды сойдырмаңыз, нағашы. 
Көбек басын изедi. Бiрақ оған сене қоймады. Анадай жерге 
барды да, қурап қалған бiр топ сасырдың үстiне жатты. Содан 
қанша ұйқы қыстаса да, көзiн iлмеуге тырысып, Кендiрдi 
андумен болды. Бар ойы — құлынды сойдырмау. Кендiр қабанды 
жалаңаштап болған соң Әмiрге қарап бiрдеңе дедi де, пышағын 
жаландатып құлын жаққа қарай жүрдi. Көбек оны көрсе де, 
үндемей отыр. Кендiрдiң құлынына жақындап келе жатқанын 
көрген бие оқырана түсiп, оның жолына тұрды. Кендiр құрықпен 
биенi сабап-сабап, ары қарай қуып жiбердi. Сәл кешiксе, Кендiр 


50
Сүлеймен қарақшы
құлынды бауыздап тастайтынын бiлді де, орнынан атып тұрып,
жанына жетiп барды: 
Жаңа айттым ғой саған, құлынды сойдырмаймын деп. 
Бағана қабанмен алысқанда қорқақтық танытқан Кендiрдiн 
кеудесi намысқа толып тұр едi. Сол намысын сыртқа ендi 
шығарайын дедi ме, екi көзi аларып, реңi бұзыла: “Менiң жолыма 
тұратын сен кiмсiң?”— деп Сүлейменiң жағына құлаштап 
кеп бiр қойды. Сұмның қолы қатты екен. Соққысы ауыр тидi. 
Күтпеген соққыдан қаны басына шапқан Сүлеймен шап берiп 
оның жағасынан ұстап, оңға қарай лақтырып жiбердi. Дүлей 
күштен төрт-бес қадамдай жерге теңселiп барып құлаған Кендiр 
тұра салды да, бұған қайта жүгiрдi. Бар екпiнiмен жүгiрген 
Кендiр өзiне жақындай бергенде, кiлт бұрылып, оның желкесi 
мен жамбас тұсынан ұстай алып, тағы да қалпақтай лақтырды. 
Кеудесiн намыс қысқан Кендiр үшiншi рет шапты. Бұл жолы 
Сүлеймен оны қапсыра құшақтап, жерге алып ұрды. Жерге оңбай 
түскен Кендiр: “Ойбай, жамбасым сынды”,— деп айқайлап 
жiбердi. 
Төбелес басталғалы берi қайсысы жеңер екен деп қызықтап 
отырған Көбек пен Әмiр Кендiрдiң жандаусы шыққан кезде 
орындарынан атып тұрды. 
— Болды, болды! Доғарыңдар айқасты! Кендiр, сенiң өзiңнен 
де бар ғой. Нең бар едi, бұл диюды ұрып. 
Кендiр қанша ызаланса да жеңiлгенiн мойындап, орнынан 
көтерiле, басын тiзесiне қойып, ләм деместен отырды. 
— Кей-кейде мұндай ашу-араздық болады арамызда. Бiрақ 
бiр-бiрiңе кек тұтпай, ендi жарасыңдар. Апаны бiр қасқырлар 
өзара дүрдараз болып жүрсе, жауға алдыруы оңай. Мейлi, бүгiн 
Сүлейменнiң дегенi-ақ болсын. Түнде құлынды алдына өңгерiп 
алып жүре ме, мойнына салып арқалап жүре ме, өзi бiлсiн. Бердiк, 
құлынды оған. Жолда өлтiрiп алса, өз көңiлi өзiнде қалсын. Ал, 
Кендiр, сенiң жас ет жегiң келiп, тiсiң қышып бара жатса, әне бiр 
қара шұбар тайды сойып ал. Ол да бiр жасқа толмаған жас малға 
ұқсайды. Ендiгәрi құлынға тиiсушi болма,— деп кесiм айтты 
Көбек.


51


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет