46
Сүлеймен қарақшы
— Тастаса, тастай берсiн құлынын. Көкпектiгi жеткен соң өзiн
сойып, бүгiнге ет қыламыз, — дедi Кендiр даусын көтере.
— Қойыңдар-ей. Обал емес пе?
— Сен, немене, Сүлеймен? Ол биенi құлынымен бiрге көтерiп
жүрмекпiсiң?
— Әй, өшiрiндер үндерiндi! Жүре көремiз,—
деп ақырды
Көбек.
Ұрылар сүт пiсiрiмдей мезгiлде үйiрдi сай табанына айдап
түсiрдi. Сай iшi қалың ағаш басқан ну. Мұнда бiр үйiр емес,
оншақты үйiр жылқыны жасырып отыруға болатындай.
Сүлейменнiң қуанышына орай, манағы бие осы жерге жеткенше
құлындаған жоқ. Ұзақ жүрiстен шаршап, бүйiрлерi солқ-солқ
етiп тұрған жылқылардың шетiн ала басын төмен салған күйi ол
да тұра қалды.
— Кеш батқанша, осында аялдаймыз. Сүлеймен, сенiң қандай
қажырлы екенiңдi көрейiк. Жылқыларды бiрiншi кезекте күзетуге
келiсесiң бе?
— Жарайды, Көбеке. Менiмен бiрге кiмдер болады?
— Кендiр, Әмiр үшеуiң қалыңдар. Басқамыз ұйықтайық.
Түс болғанда бiздi оятыңдар. Кендiр, сен мына екеуiне бас бол.
Жылқылар бiр тынығып алған соң, отығуға өздерi-ақ бас қояды.
Абайла, сары айғыр үйiрдi бастап, керi қашып жүрмесiн.
— Ол
жағын бiлемiз ғой, Көбеке. Алаңдамай ұйықтай
берiңiздер.
Олар өз аттарын қосақтап, бiр шыршанын түбiне жата-жата
кетiстi. Осы кезде Кендiр Сүлейменге қарады:
— Сен бала, мылтық атуды бiлемiсiң?
— Оны бұрын кiм атып көрген дейсiң.
— Ата алмасаң да, мә, арқаңа асын мұны. Оқ-дәрiнiң иiсiн
сезген аң-құс өзiңе жоламайтын болады. Қазiр үшеумiз үйiрдiң
үш жағына шығып отырайық. Тек ұйықтап қалмаңдар. Бiраздан
соң сары айғырды ұстап, байлап қоямыз. Ол бiр орнында болса,
басқалары еш жаққа кетпес. Сен, Әмiр, анау етек жақты күзет.
Сүлеймен, сен мына қия жаққа бар. Ал мен осында қалайын.
Кендiр берген шитi мылтықты асынды да, бiр қолына құрық,
бiр қолына сойыл ұстап, қия жаққа бет алды. Бағанағы буаз бие
тура сол шетте тұр екен. “А, жануар, өзiм жақта тұрғаның қандай
жақсы болды”, деп қойды iштей.