Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет220/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Мейлi, онда далаға шығып, аттарымызға мiнейiк те, 
жылқыларды айдайық тауға қарай.
— Мен қойларды ауыл шетiне кiргiзiп келгенше, сендер ұзап 
кетпейсiңдер ме? — дедi Айдабол.
— Бiз жайлап Аршасаймен жоғары өрлей беремiз. Сен қуып 
жетерсiң.
Үшеуi Желтимеске мiнбей, сыртқа жетектеп шығарды. Өз 
аттарына мiнген соң базаға қайта кiрiп, Айдабол қойларды, 
Сүлеймен мен Парманқұл елушақты жылқыны айдап шықты. 
“Жылқыларды не iстеймiз? Қай жерге дейiн айдап барамыз?” деп 
бiр-бiрiнен сұрамады. Қарақшылар мұндайда бiр-бiрiне сұрақ 
қоймайды.
Елушақты жылқыны айдаған қарақшылар сол түнi Шыршық 
тауынан асып, Шатқал жоталарына жеттi. Бұл өңiр де таулы жер. 
Қырғыз бен Қоқанға асатын төте жолдың үстi. Таң ата терең 
шатқалға жылқыларды қамап, өздерi аттан түстi.
— Бiз түнде жүрiп өткен тау аңғарын ақсайлықтар жақсы 
бiледi. Егер қазiр ол жақтан артымызға қуғыншы түссе, олар түс 
мезгiлiнде осы маңға жетiп қалары хақ. Сол үшiн де үш сағаттан 
артық мұнда аялдап қалуға болмайды, — дедi Айдабол.
— Бұл өңiрдi Парманқұл екеуiң бiлмесеңдер, мен жақсы 
бiлмеймiн. Ендi айтыңдаршы, Желтимес пен мына жылқыларды 
не қыламыз?
— Анау қар басып жатқан шыңдарды көрдiң бе? — дедi 
Айдабол күнгей беттегi тауларды нұсқап. – Таудың осы бөлiгiн 
Ғарамты дейдi жергiлiктi халық. Ал Ғарамтының ар жағындағы 
жазық Бестоғай деп аталады. Бестоғайда қаңлылар мен бiраз 
сейiт қожалар тұратын үш қазақ ауылы бар. Былтырлар қазақ 
даласын ашаршылық жайлаған кезде Қаратау мен Сарысу жақтан 
ауып келген көптеген қазақтар сол ауылдарға келiп тұрақтады. 
Ата қоныстан ауған жұрттың жай-күйi бiрден оңала қойсын ба? 
Мына жылқыларды соларға таратып берейiк.
— Е, мұның жөн. Ал Желтиместi қайтемiз?
— Бестоғайда Бейiсқожа деген тамырым бар. Соны тауып 
алсақ, Желтиместiң жайын содан кейiн ойластырамыз. Ал қазiр 
бiр сәт мызғып алайық.


469
Сүлеймен қарақшы
Түс қайта аттарына қойта қонып, шатқалдан жылқыларды 
айдап шығарғанша, бiрталай уақыт өттi. Содан Ғарамты тауларына 
қарай барымта жылқыларды айдаған үшеу, кеш батқанша аттан 
түспедi. Ғарамтыға тек қараңғы түсе жеттi.
— Бағана бұл таулар жақын көрiнген сияқты едi. Ұзақ екен-ау.
Сен байқамапсың, Сүлеймен. Бiз төте жолмен жүрмей, 
көптеген қия-беткейлердi айналып өттiк. “Себебi артымыздан 
қуғыншы түскендей болса, iзiмiзден адастырайық” деп ойладық 
мына Парманқұл екеумiз.
— Бестоғай әлi алыс па?
— Жолдың қиыны ендi басталады. Дегенмен үш күнде жетiп 
қалармыз.
Шынында сол түнi Ғарамты етегiне ат шалдырған бұлар үш 
күн бойы небiр құз-жартастардың арасындағы қиын өткелдерден 
өтiп, Бестоғай жазығына тұяқ iлiктiрдi. Бестоғай деген жан-
жағын тау қоршаған кең алап екен. Таудан өтiп, жазыққа тiрелген 
қарақшылар, тағы да аттан түстi. Осы жерде жатып, бiраз көз 
шырымдарын алған соң Айдабол Парманқұлды сонадайдан 
көрiнген ауылға жұмсады.
— Бұл ауыл қырғыз өкiметiне қарайды. Менiң естуiмше
қырғыз өкiметiнiң ауыл-ауылдарға әлi онша көп белсендiлiгi жоқ. 
“Бұл маңда осы күнге дейiн басмашылар жұрттың мазасын алып 
тұр” деп естiгенмiн. Мейлi, қалай болса да, мұнда Қазақстандағы 
сияқты зiркiл қаққан шолақ белсендiлер жоқ. Қобалжымай 
ауылға бара бер. Ауылдың бас жағында қаңлы Мұрсат деген 
кiсi тұрады. Соны тауып ал да, Бейiсқожаны шақырт. Содан соң 
екеуiн осында ертiп кел.
Парманқұл кеш түсе бiр-ақ оралды. Қасында екi кiсi бар. Олар 
аттарынан түсе сап, Айдаболмен құшақтасып көрiстi. Бiрауық 
амандық-саулық сұрасып болған соң оларды Сүлейменге 
таныстырды:
— Мынау ұзынтұра — Бейiсқожа. Ал мынау тәпелтек — 
Мұрсат. Екеуi қай жағынан болса да, осы өңiрге белгiлi 
адамдар. Батыр десең — батыр. Қаһарман десең — қаһарман. Ал 
ендi, Мұрсат, жағдайларыңды айтыңдар. Елдерiңде не гәп?


470


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет