Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет240/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Мейлi, кейiн сұрарсыңдар. Ал бұл кiсi ендi тырп етпей үш 
күн жатуы керек. Тек айран мен сүт, одан соң майлы сорпаны 
берiңдер. Ет дегендi қазiр жемейтiн болсын. Биенiң саумал 
сүтi болса, қатып кетер едi. Құса бергеннен тамағы iсiп қалған. 
Майлы сорпа мен жылы сүт сол үшiн керек. Айранды, биенiң 
сүтiн көбiрек iшсе, өтiн, бауырын, iшектерiн әбден тазалайды. 
Оларды қанша сұраса да, бере берiңдер. Тағы айтамын, үш күн 
тапжылмай жатсын.
Осылайша, Жамал тәуiп Сүлейменге үш күнге дейiн қозғалуға 
тиым салды. Сөйтiп, Айдаболды жерлеуге бара алмады. Оны 
қолдарынан келгенше рәсiмiн жасап, үшеуi жерлеп, таң атар кезде 
келдi. Сол күнi түнде үйiнiң артынан Жақарға көр қаздырып
Қорасанды көмдiрiп тастады.
Тек айран мен сүт, Парманқұл iстеп берген майлы сорпаны 
үш күн бойы орнынан қозғалмай iшкен Сүлеймен, төртiншi күнi 
аттай боп тұрды.
— Парманқұл, сендер жертөледегi қашғарлыққа нәр 
сыздырмай, аштан қатырып қойған жоқсыңдар ма? Тiрi болса
сүйреп әкелiңдершi. Жауап алайық.
— Е, үш күн бойы жуынды берiп, әйтеуiр өлтiрген жоқпыз. 
“Алып кел” десең, қазiр алып келейiн.
Арада аз уақыт өткенде Жақарды желкелеп әкелдi. Жақар келе 
сап, Сүлейменнiң аяғына жығылды.
— Еркек болсаң, өксiмей, мынаған жауап бер. Көп нәрсе 
сұрамаймын. Уды неге тек Айдабол екеумiзге ғана бердiңдер?
— Уды етке сепкен — Қорасан. Оның неге тек екi табаққа ғана 
у салғанын бiлмеймiн.
— Тағы бiр сұрақ. Жардақтың Құдиярсарайдағы дүкенде 
iстейтiнi рас қой.
— Рас, рас. Оллаһи, рас. Бүгiн кешке оны сiздерге ұстап 
беремiн.
— Ұстап бермей-ақ қой. Сен ендiгi сенiмнен шыққан адамсың. 
Парманқұл, жертөлеге қайта апарып қама. Жата берсiн сол жерде. 
Аяқтарын да байлап таста. Аузына мақта тығып қой. Жертөленiң 
есiгiн сыртынан мықтап бекiт.


509
Сүлеймен қарақшы
Жақар бұрынғыдан бетер өксiп бердi. Оған назар аударған 
Парманқұл болмады. Сүйрей жөнелдi. Олар кеткесiн, Сүлеймен 
Пұсырманқұлға өтiнiш айтты:
— Пұсырманқұл, сен Құдиярсарайға барып, Жардақты 
жақсылап танып келшi. Оны бiреуден емес, сезiк тудырмай, 
бiрнешеуден сұра. Сөйтiп түнде көрсең де, жазбай танитын бол. 
Кейiн басқа адамды ұстап жүрмейiк. Бiз сенi осы жерде күтемiз.
Пұсырманқұл сол кеткеннен бесiн ауа бiр-ақ оралды. Келе 
сала көрпешеге сұлай кеттi.
— Құрысын, ат, арба секiлдi көлiгiм болмағасын, сонау 
Құдиярсарайға жаяу барып келдiм. Жардақ деген анық сол жерде 
iстейдi екен. Әбден танып алдым. Ендi оны түнде түгiлi, тастай 
қараңғы көр iшiнде көрсем де жазбай танимын. Парманқұл, даяр 
шәйiң бар ма? Аңқам кеуiп, бiр жағы қарным да ашты.
— Қай жерде тұратынын бiле алмадың-ау, ә, бiрақ. Жұмыстан 
қай мезгiлде қайтады екен?
— Жақар дұрыс айтыпты. Жардақ тәжiк қышлақта тұрады 
екен. Ал жұмыстан кешкi сағат жетiден асқанда қайтатынға 
ұқсайды. Жалпы, бiздiң оның үйiне баруымыздың қажетi жоқ. 
Сағат жетiге таман, ол дүкендi жабар кезде сонда барайық. 
Жардақты ұстасақ, оны қалай тергесек те, жан адам көрмейтiн 
қуыс таптым сол маңнан.
— Жетiде күн әлi жарық болып тұрмай ма? Жардақты ұстап 
алғанымызды бiреу-мiреу көрiп қойса...
— Ойыңды түсiндiм, Парманқұл. Бiз оны жан адам 
көрмейтiндей етiп, жаңағы қуысқа кiргiзбеймiз бе.
Парманқұл әрi қарай дүкеннiң есiгi қай жаққа қарап тұрғанын, 
өзi айтқан қуыстың қай жерде екенiн екеуiне түсiндiрiп айтты. 
Оның айтуынша, егер Жардақ дүкендi жабар уақытта бiр өзi 
болса, оны қуысқа апару оп-оңай екен.
— Егер сол кезде қасында бiреу болып қалса ше?
— Онда, Сүлеймен, қуысқа екеуiн де алып кетемiз. Басқадай 
амал жоқ. Қалай десек те, Жардақты үйiнен ұстағаннан гөрi, 
дүкен маңында қолға түсiрген әлдеқайда абзал.
Осыдан кейiн үшеуi алдағы iстерiн бiраз пысықтап
орындарынан 
тұрды.
— Айтпақшы, жертөледегi Жақарды солай қалдыра беремiз 
бе?
— Бар ойым Жардақта болып, ол жайын ұмытып бара 
жатқанымды қарашы. Иә, Парманқұл, екеумiз iсiмiздi бiтiрсек, 


510


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет