513
Сүлеймен қарақшы
iсiн мойындаған адамды сыйлаушы едiм. Ал
сендер сыйлауға
да, сөйлесуге де тұрмайсыңдар. Шын батыр болсаң, ақыры
iздегендерiң мен ғой, орныңнан
тұр да мына қанжарды алып,
менi сойшы. Ә, көрдiң бе? Орныңнан тұруға да, пышақты қолыңа
алуға да батылың жетпейдi. Парманқұл, қатыным мен баламды
өлтiргенi үшiн мұны қалай азаптайын? Саусақтарын бiр-бiрлеп
кесiп, терiсiн жайлап тiлiп, әбден қинап, мерт етейiн бе?
— Жанымда қиыңызшы, әкә, жанымды қиыңызшы. Жаңа
айттым ғой, “қатын, балаңызды өлтiрген — Жайран” деп. Осы
жертөленiң ана бұрышында бiр келiдей таза алтын мен бiр қап
ақша тығулы. Соларды айыбыма алып, менi тiрi қалдырыңызшы?
— Қатын мен баламды жазықсыз опат етiп, ал менi дүниеге
жығып алмақпысың?! Мен сен секiлдi дүниеқоңыз емеспiн.
Дүние үшiн жақын достары мен туған-туыстарын да аямайтын
мұндағы қарақшыларға теңеп тұрмысың менi. Өй,
сен тағы
бiрдеңе демекпiсiң. Алдымен тiлiңдi кесiп алайыншы. Содан соң
жан тәсiлiм қылғаныңша, текеше бақылдап жата бер.
Сүлеймен Жардақтың екi жағын қысып,
қанжарын аузына
тақады. Осы кезде:
— Сәл сабыр ет, Сүлеймен. Бұл бәрiбiр өледi. Өлмей
тұрғанда, жаңағы алтын мен пұлдарын иеленiп алайық та, —
деп сыбырлады Пұсырманқұл. Сосын даусын көтердi: — Ей,
қашқарлық, алтының мен пұлдарыңның бары рас па? Рас болса,
көрсет. Сонда өлмеуiң мүмкiн.
— Рас, рас. Мына әкәмә айтыңызшы. Менi босатсын. Мен
сiздерге алтынды, пұлды көрсетемiн.
— Босатшы, Сүлеймен.
Сүлейменнен босанған Жардақ жертөле бұрышына жүгiрiп
барды. Қолымен топырақты аршып-аршып жiберiп, үлкендеу
тақтайды суырып, шетке қойды да еңкейiп қолын төмен созды.
— Мiне, әкәләр, мiне, алтын мен пұл, — деп бiр қапшық пен
түйiншектi сыртқа шығарды.
Парманқұл ол шығарған заттарды шам түбiне сүйреп әкелдi.
Қапшық iшi толған ақша. Ал түйiншектi жазып жiберiп едi, төрт-
бес тұяқ алтындар шам жарығына шағылысып, жалтылдап кеттi.
Пұсырманқұл бiреуiн қолына алып, ары-берi төңкердi.
— Мына тұяқтар таза алтындар екен.