511
Сүлеймен қарақшы
Сөзiн аяқтатпаған күйi таразы тұрған тақтайдың астына қол
жүгiрттi.
Оның қару iздеп жатқанын бiрден түсiнгендей, үшеуi оған
жабыла кеттi. Әлбетте, ол осы үшеуiнiң қайсысынан да мықты
емес. Сонда да болса, қолын қаруына жеткiзбеудi ойлаған үшеуi
оны тақтайдан берi тартып алды. Үш қазақтың кiм екенiне
ендi көзi жеткен Жардақ босанбақ ниетпен бұлқынып бердi.
Мұнысынан түк шықпады. Сүлеймен желкесiнен бiр қысқанда,
тiлi салақтап, көздерi жұмылды.
— Абайла, Сүлеймен. Өлiп қалмасын.
— Өлетiндей қысқан жоқпын. Пұсырманқұл, әлгiндегi қуысың
қайда?
— Мұны онда апарардан бұрын мен арбасын жасырайын.
Сендер әзiрше осында тұра тұрыңдар. Сырттарыңнан құлыптап
қояйын. Әй, Жардақ, құлпың қайда? Ә, мынау жатыр екен ғой.
Мен кеттiм.
Жауыздың дымын шығармай, ұстаңдар.
Пұсырманқұл тез оралды.
— Арбаны сарайдың артына апарып қойдым. Жардақты алып
жүрiңдер. Маңайда қазiрше ешкiм жоқ.
Жардақ дүкен төрiнде түнерiп отыр, Сүлеймен оған қарады.
— Далаға шыққанда айқайлап, болмаса қашамын деп әрекет
етсең, бiттiм дей бер. Өлгiң келмесе, үндемей жүр.
Сүлеймен
Жардақтың қолтығынан алып, далаға сүйредi.
Парманқұл да Жардақпен қатар жүрдi. Бiрақ Жардақ өлермен
екен. Далаға шыққанда, сол жанындағы Парманқұлды оң қолымен
перiп жiбердi. Күтпеген жерден тиген соққыдан Парманқұл бетiн
басып, бiр сәт iркiлдi. Оны бiр ұрған Жардақ заматта Сүлейменнен
де құтылғысы келсе керек, тiзесiмен бұтының арасына бiр тептi.
Қанша дегенмен бойы биiк Сүлейменнiң
жанды жерiне тепкi
жөндi тимедi.
— Өй, мынау менi теуiп кетем дей ме? — деп Сүлеймен
ақырып, Жардақтың құлақшекесiнен бiр қойды. — Пұсырманқұл,
апаратын жер әлi алыс па? Сол жерге дейiн аяғынан сүйреп
апарайын.
— Сарайды айналсаң болды.
Парманқұл құлаған Жардақтың басына бiр тептi.