503
Сүлеймен қарақшы
— Ей, сен, бiзге құры еттi ғана пiсiрiп бермекшiмiсiң? Оған
бiрдеңе қоспайсың ба?
— Уа, көке-ау! Етке қосатын үйде ештеңе жоқ. Кеше қаптың
түбiн қағып, соңғы ұнмен көже iстеген едiм. “Бүгiн базарға
шығып, аз-маз азық тауып келем” деп ойлағам. Оған сiздер келiп
қалдыңыздар да...
— Е, мейлi. Еттi нанмен қосып жеп, сорпасын iшсек те болады.
Ақыры қатының жоқ екен, саған не айып.
Мезгiл шаңқай түс болды. Осы уақытта ет те пiстi. Жақар мен
Қорасан төрт табаққа ет салып, төртеуiне тартты. Сүлейменге етi
майлы сүйек түсiптi. Нан қосып, оны соғып алды. Басқалар да
несiбелерiн ашқарақтана жедi.
Ет жеп болған соң бәрi кешке дейiн ұйықтап алмақ болып
келiстi.
— Бiз ұйықтаймыз деймiз. Ал мына екеуiн не iстеймiз?
— Байлап тастаймыз, Айдабол. Байлап тастасақ та, сен екеуiн
бiраз күзетiп отыр. Ұйқың келсе, менi оятарсың. Одан соң мен
күзетемiн, — дедi Парманқұл.
— Ә, көкелер бiздi байламай-ақ қойсаңдаршы. Сiздермен бiрге
жата беремiз. Уай,
ештеңе iстей алмаймыз ғой, сiздерге. Дәу
көке, айтыңызшы серiктерiңiзге. Бiздi байламай-ақ қойсыншы.
Үйбай-ау, байлап қойсаңыздар, менiң сынған аяқ-қолдарым
ауырады. Қатты қиналамын сосын. Жалынамын, көкелер. Бос
жата берейiншi, — деп Жақардың Сүлейменге қарап шыж-быжы
шықты.
— Ақыры бiреуiң күзететiн болсаңдар, екеуiн байламай-ақ
қойсаңдар қайтедi.
— Байламай болмайды. Кiм бiледi, екеуi не ойластыратынын.
Ей, Жардақ, әкел қол-аяғыңды.
Байлаудан сынған жерлерiң
ауыратын болса, аяқ-қолыңның сол тұстарын қыспай байлаймыз,
— деп Парманқұл мен Айдабол оған қосып, Қорасанды да
байлады.
Сүлеймен отырған жерiне жата кеттi. Айдаболдан басқалары
да бастарын жастыққа қисайтты.
Қанша уақыт өткенi белгiсiз, ұйықтап жатқан Сүлеймен өзiн
бiреу қылғындырғандай сезiнiп, тұншыға демалып, көзiн ашып