Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет256/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Осы, Сүке, сiз сотталғанда, болмаса ұсталғанда, өмiрi 
мiлисалардың алдында жүрмейтiн едi деген қауесет бар. Сол рас 
па? 
Ол менiң ойымды сезгендей:
— Сен көңiлiмдi көтерейiн деп отырсың-ау деймiн, — дедi. — 
Сосын сәл жымиды. — Оның рас. Қай кезде де мiлисалар менiң 
алдымда жүретiн. Мен қашпай, олардың соңынан ерiп, баратын 
жерге iлесiп баратынмын. 
— Сiзде алтын көп болған дейдi... 
— Болды. 1930-40 жылдары Тәшкенде не нәрсе болмайтын. 
Ондағы өмiр бiздiң дала мен тау қазақтарының өмiрiнен 
тым басқаша едi. Алтыны көп байлар да мол-ды. Талай бай
алдымызда кiнәлi болған талай белсендi кей кезде бiзге алтын 
берiп құтылатын. Бiрақ сол алтындардың қызығын өз басым 
көрген емеспiн. Кейiн Бекаба деген жөйiттi өлтiрген кезiмде 
де бес-алты қадақ алтын олжалағам. Тағай деген досым оны 
Тәшкен саудагерлерiне сатып, көп ақша жинап бердi. Ал ақшаны 
кембағалдарға тараттым. 
— Кейбiр ұрылардың Өзбекстаннан, Қырғызстаннан айдап 
келген жылқыларын тартып алып, ауыл-ауылдарға таратқаныңыз 
да шындық қой. 
— Иә. 
— Кавказдықтардың өзiңiзбен аттас бiр дәуiн ұрып-жығып, 
келiмсектердiң екi аяқтарын бiр етiкке тығып қойғаныңыз 
жайында да есiтiп едiм. Сол оқиға қай жылы және қалай болған 
едi?
— Мен елу жетiншi жылға дейiн Тәшкенде тұрдым. Бiрақ ауық-
ауық елге соғып тұратынмын. Елу төртiншi жылы жазда ауылға 
келсем, елдегi бiраз жұрт маған олардан көрiп жүрген зәбiрлерiн 
айтты. Сөйтсем, олар жиылып алып, қазақтарға тыныштық 
бермейдi екен. Малдарын ұрлағандары былай тұрсын, базарлар 
мен көшелерде ашық түрде әлiмжеттiк жасап, онша-мұнша зат-
бұйымдарын тартып алады екен. Мұндайды естiген мен, сiрә, 
шыдап тұрам ба? Жексенбi күнi Ленгiрдiң мал базарына сондай 
зорлықшылардың белсендiлерi түгел жиналатынын бiлген соң 
сонда бардым. Бiр мықтысынан бастап, оншақтысын жайратып 
салдым. “Бұдан былай бiр қазаққа тигендерiңдi естиiн, бәрiңдi 
бүгiнгiден бетер етемiн” дедiм.


544
Сүлеймен қарақшы
Алайда олар жүдә кекшiл ғой. Тағы топтанып алса, бас 
бермейтiн бұзық. Менен жеңiлгеннен кейiн тыныш жүрмей, 
сонау Қарағандыдан өздерi пiр тұтатын бiр дәуiн шақыртыпты.
Соны құлағым шалғасын, Тәшкенге қайтпай, әлгiнi күттiм. 
Арада он бес күндей өткенде, бiреуi келiп: “Бiздiң Қарағандыдан 
келген дәуiмiз саған екi күннен соң Ленгiрдегi базарға келсiн” — 
деп айтты”, — дедi. «Батыр болса, қарусыз, пышақсыз болсын» 
дептi тағы. Бардым. Базар ортасында шешендер топырлап тұр. 
Ортасындағы бiреудiң тұлғасы бөлек. Құдды Сiбiрдегi қара Ибан 
сияқты. Өздерiнiң күткен адамы мен екенiмдi бiлгесiн, қолын 
берiп танысты. Оның да аты — Сүлеймен екен. Бiрден қалай 
төбелесетiнiмiздi және жасымды сұрады. Менен екi жас үлкен 
екенiн бiлгесiн: “Бiр-бiрден ғана ұрысайық. Кiм орнынан тұрмай 
қалса, сол жеңiлген болады. Жеңiлген адам жеңгеннiң уәжiнде 
тұрсын”, — дедiм. “Жарайды, бiрiншi болып қайсымыз ұрамыз?”, 
— дедi ол. “Сенiң жасың үлкен екен, әрi қонақсың. Сондықтан да 
бiрiншi кезектi саған бердiм”, — дедiм. 
Екеумiз топтан бөлiнiп, базар ортасына шықтық. Ол оң қолын 
ары-берi айналдырып, бiраз дайындалып алды да, құлақшекемнен 
қойып қалды. Көптен берi мұндай дүлей соққыны көрген жоқ едiм. 
Көзiм тұманданып, талықсыған күй кештiм. Бiр жағыма қарай 
үш-төрт қадам тәлтiректедiм-ау деймiн. Бiрақ құламадым. Аздан 
соң өз-өзiме келдiм. Қатты соққы тисе қатты көтерiлетiн ашуым 
басыма шықты. “Әй, нәлетi! Ендi сен тұр! Қазақ қаһармандары, 
әсiресе мына мен сияқты қаһарман ешкiмге әруағын таптаттырған 
емес!” — деп құлақ үстiнен аямай бiр ұрдым. Ол цементтелген 
жалпақ базар лавкасынан ары асып, жерге бүк түстi. Қайтып 
тұра алмады. Жанындағыларын да тағы қырып салар едiм. Бiрақ 
мен өздерiне бұрыла бергенiмде, олар қаша жөнелдi. Қанша 
дегенмен елу беске келiп, шау тартып қалған шағым ғой, қуып 
жете алмайтынымды бiлгесiн, соңдарынан түспедiм. 
Кейiн есiттiм, жаңағы Сүлеймен сол құлағанынан адам 
қатарына қайта қосылмапты. Сiрә, миына қан құйылып кетсе 
керек, бiр қолы мен бiр аяғы iстемей, тiлi де сөзге жөндi келмей, 
көп жыл төсек тартып жатыпты.


545


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет