Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет257/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Жалпы, Сүлеймен деген атты иеленгендер мықты бола ма, 
қайдам, Қырғызстанда да бiр Сүлеймен деген дәумен алысуыма 
тура келген. Бұл осыдан жетi-сегiз жыл бұрын болған-ды. 
Жас та болса, “Қабылан қарақшы” атанып жүрген Көкiбелдегi 
бағыс Алпыс бiр күнi маған келiп: “Бүршiмуллада бiр қыпшақ 
ортағым бар едi, соны және iнiсiн Ош жақтан келген қырғыздың 
Сүлеймен деген шоңы өлiмшi етiп ұрыпты да, он жетi жасар 
қарындасын тартып әкетiптi. Сүлейменге дау сала баруға жалғыз 
болып тұрмын. Бiрге барып, әлгiден құн алып қайтайық та”, — 
дедi. Алпысқа келсем де, бiреудiң бiреуге көрсеткен зорлығына 
шыдамайтын әдетiм әлi қалған емес-тi. Оның үстiне Алпыс 
қарақшыны туған iнiмдей көрiп, қатты сыйлайтынмын. Ол өзi 
алған бетiнен қайтпайтын нағыз жаужүрек нарқасқа-тын. Сөзiн 
жерге тастамай, атпен тау асып, Ошқа бардық. Iздеп жүрiп, әлгi 
Сүлеймендi таптық. Анықтап айтқанда, бiр көкпардың үстiнде 
кездестiк. Жасы менен он жастай кiшi екен. Неге келгенiмiздi 
бiлген соң, бiрден шаптығып шыға келдi. Нойыстың мiнезi 
жаман екен. “Сен екеуiң өлiктерiң қырғыз тастарының астында 
қалсын деп келдiңдер ме? Бүкiл елдi шулатып, әркiмнiң жоғын 
жоқтаушы атанған Сүлеймен дегенiң мынау ма? Алдымен осыны 
ат тұяғына таптаттырайын, одан соң Алпыс, сенiң өлiгiңдi 
көмусiз қалдырамын” — деп Алпысқа дiк-дiк еттi. Дiкiлдегенi 
аздай, маған тұра шауып, ат үстiнде бос отырған маған шапшаң 
қимылмен шап берiп, әп-сәтте оң қолымды тақымына басып 
алмасы бар ма. Өзi сияқты дәу аты оның тақым қағысына үйренiп 
қалған ба, менiң қолым үзеңгi астына қалай түстi, солай алға 
қарай шаба кеттi. Мен атыммен бiрге сүйретiлiп кете бардым. 
Сол қолыммен ананың бiр жерiнен ұстап алайын десем, найсап, 
қамшысымен бас-көз демей төбелеп, басымды көтертпедi. “Әй, 
еркек болсаң, бұлай қатындық iс қылма. Ашық күреске шық” деп 
айқайлап келем. Ол тыңдар емес. Тақым астындағы оң қолым 
зырқылдап, сынар халге жеткенде, бар даусыммен “жiбер” деп 
айқай салдым. Қатты даусымнан ол селк еттi де, тақымын бiр 
сәт босаңсытып алды. Осыны пайдаланып, тақымынан қолымды 
суырып алдым да, тура желкесiне жабыстым. Сол күйi атынан 
аунатып түсiрдiм. Құдай салмасын, сонда екеумiз жарты сағаттай 


546
Сүлеймен қарақшы
алыстық. Ақырында қан-жоса етiп, таяқтап тастадым. Екi күннен 
соң Алпыстың ортағын ұрғаны және қызды зорлап алып кеткенi 
үшiн он жылқы айып төлеп, бiзден әзер құтылды.
— Сiздi Қажымұқанмен белдестi дей ме?..
— Қырық алтыншы жылы Қаратауда жүргенiмде Қажымұқан 
Шаянға келiп, өнер көрсетедi екен дегендi есiтiп, арнайы iздеп 
бардым. Жарықтық, жетпiс беске келсе де, тұғырдан таймаған 
саңлақ екен. Менi белдесуге шақырды. Жарты сағаттай бiр-
бiрiмiздi ырғасып тұрдық. Ол айтты: “Әттең-ай, жас кезiңде 
маған неге кездеспедiң? Мен сенi өзiмнен күштi балуан етер 
едiм-ау”, — деп.
Екi күн бiрге болдық. Менiң тау-тас кезген сергелдең өмiрiмдi 
есiтiп, құдды бiр туған әкемдей қатты торықты. “Мен өмiр бойы 
өзiммен күшi теңдес келетiн қазақ жiгiтiн iздеп таппап едiм. 
Сондай жiгiт — сен, тау-тас кезiп, башмашылармен айқасып 
жүрiпсiң-ау. Әттең-ай, әттең, екiнiң бiрiне қона бермейтiн бұла 
қара күш өзiңдi тапқан-ақ екен-ау. Бiрақ, қап, соны балуандыққа 
жұмсағаныңда ғой”, — деп күрсiндi. 
— Қанша рет ажалдан қалдыңыз?
— Ой, менi өлтiрем деушiлер көп болды. Мана сен айтқандай, 
үнемi бiр әруақтың арқасында аман қалып жүрдiм. Саған бiр 
құпиямды айтайын. Бұрындары басыма аса қатерлi қауiп төнген 
кезде көзiме көрiнетiн ақбоз атты, қара киiмдi шал бiр көрiнетiн. 
Сол көрiнсе болды, ылғи жеңiске жететiнмiн. Көрiнбегенiне талай 
жыл өтiп едi... Бағана осында келе жатқанымда, ол маған тағы 
да көрiндi. Сонау Қазы-ғұрттың басынан ұшып шықты да, тура 
қарсы алдыма келiп, бiраз тұрды. Сосын аспанға тiк көтерiлiп, 
тым биiкке самғап кеттi. Соның кiм екенiн күнi бүгiнге дейiн 
түсiне алмадым. Бүгiн көрiнгенде көңiлiм бiрден пәс тартты. 
Содан әлi серпiле алмай отырмын. 
Оның көңiлiн басқа нәрсеге аударайын деген оймен тағы сұрақ 
қойдым:
— Тәшкендегi шайханада молданы сойғаныңызды айтып 
берiңiзшi. 
— Ол мақтаныш ететiн әңгiме емес. Менде бiр үлкен күнә 
болса, сол iсiм маңдайыма аса үлкен күнә болып жазылып қалған 


547


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет