542
Сүлеймен қарақшы
бiр бұзық неге басыңызды шауып кетпедi? Осындай-осындай
қауiптерден сiздi үнемi қорғап жүрген бiр киенiң болғаны да.
Ондай кие, әруақты жандарда ғана болатыны аян.
Бүгiн Сүке, тым көңiлсiзсiз ғой. Бөтен жерде емес, iнiңiздiң
үйiнде отырсыз. Бұрын үнемi қабағыңыз ашық жүретiн едi.
Ашық-жарқын отырыңызшы. Өзiңiз шақырып келтiре алмайтын
қонақсыз. Келгенiңiзге қуанып отырмын. Жадырап, өткен-
кеткеннен сыр шертсеңiз тәуiр болар едi.
— “Балықшы балығын, қойшы қойын айтады” дегендей, менде
адам қызығарлық өткен шақ бар деймiсiң. Мен айтсам,
кейбiр
әңгiмелерiме төбе шашың тiк тұрады. Қарақшының айтатыны
қарақшылық жортуылдан басқа не болсын.
— Сiз, Сүке, жұрт жек көретiн қарақшы емессiз. Бiле бiлсеңiз,
сiз күллi халықтың сүйiктi тұлғасысыз. Iсi лас, тiрлiгi нас, жаман
қарақшыны жұрт сыйламас-ты. Ал, сiз, қарақшы деген атпен
зор даңққа бөленiп, сол атақпен қошаметтi өмiр сүрдiңiз. Елдiң
өзiңiзге деген iлтипаты өзгеше. Осыған шүкiр деңiз.
— Е-е, Дүйсенбек, жұрттың бәрiнiң түсiнiгi сенiкiндей
деймiсiң. Жасым ұлғайған
сайын өткенiме көп көз жiберiп,
өмiрiмнiң бiрталай кезеңiне өкiнiш бiлдiрiп, түн ұйқымның төрт
бөлiнетiнi бар. Неге сонша сергелдең өмiрге құмар болғаныма
таңмын. Таң бола тұрып, “басқаша өмiр сүре алмас едiм-ау
бәрiбiр” деген ой туады тағы.
Менi қынжылтатын, ылғи маза
бермейтiн бiр ой бар. Мына жалғанда кiм мәңгiлiк дейсiң. Мен
де кетермiн бiр күнi. Бiр күнi емес-ау, сол ажал қап-қара болып,
кешелi берi жаныма таяп-таяп келiп жүргендей... Иә, құрғыр
ажалдан кiм құтылған? Ол тап келсе, артымда не қалды, соны
ойлап мазаланам. Ел не айтады мен жайында. Ұрпақтарым кiм
болды дейдi? Менiң ешкiмнiң басынғанын көтере алмайтын биiк
көкiрегiмдi, ешкiмге намысымды жiбермейтiн өршiл жүрегiмнiң
сырын кейiнгiлер ұға ала ма? Әлде майда-шүйде ұры-қарыларға
бас болған, талайдың түбiне жеткен қанiшердiң нағыз өзi болған
дер ме?
Мен Сүкеңнiң мұң торлаған көңiлiн серпiлткiм келдi. Ол үшiн
оның қуанышпен еске алатын естелiктерiн қозғайын дедiм: