Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет51/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
кеткен-дi. Аяққа жармасқан орысты ұратын бiрнәрсе таппай
сасқалақтап жан-жағына қарады. Қас қылғанда, маңайда қолға 
iлiгер ешнәрсе жоқ. Өзi төбесiне көлденең қойылған паруаз 
ағаштарының ұштары боғаттан шығып тұрған тоқал тамның 
жанында тұр едi. Мыналардың өзiн басынып, атын тартып 
алмақ болғандарына қатты ашуланып, қаһарланған Сүлеймен 
әлгi паруаз ағаштың бiрiнiң шетiнен ұстай алып, бар күшпен 
өзiне тартты. Үстiнде ши байланып, қамыс пен қалың топырақ 
төселген паруаз ағаш, дүлей күшке шыдас бермей, суырылып 
шыға келдi. Сүлейменнiң мұншалықты күштiлiгiне қас-қағым сәт 
аңтарылысқан орыстар, бiр-бiрiне таңырқаса қарасты. Ызадан 
бар дүниенi ұмытқан Сүлеймен тамнан суырып алған әлгi ұзын 
паруаз ағашпен қарсы алдында ыржиып тұрған поптың басына 
салып қалды. Ол сорлының басы қақ айырылып, кескен томардай 
жерге жаншыла құлады. Оны жайғаған мезет атын бiрден оңға 
қарай бұрып жiберiп, жанында тұрған екiншiсiне ұмтылды. Ол 
кәпiрдiң ажалы жоқ екен. Сүлеймен әлгi ағашпен оны құлаштай 
ұрғанда, орыс тоқал тамның бұрышына тығылып үлгердi. Таяқ 
тоқал тамның басына сарт тиiп, топырақпен жабылған шатырдың 
шаңы бұрқ еттi. Артта тұрған басқа орыстар лезде мастықтарынан 
айығып кеткендей, анадай жердегi шiркеуге қашып кiрдi. 
Сүлеймен оларды қумады. Қолындағы төрт метрдей жуан 
паруаз ағашты миы шашылып, қаны жерге жайылған әлгi 
поптың жанына лақтырып жiберiп, Бадам өзенiне қарай шапты. 
Жиырма-отыз қадамдай жер шауып өткенде артынан шуылдаған 
орыс қатындарының, өкiрген еркектердiң дауыстары шықты. Iле-
шала гүрсiлдеген мылтық даусы шығып, тура құлақ түбiнен зу 
етiп өткен оқтың шыңылын сездi. Сүлеймен ат жалына жабыса 
еңкейiп алды. Шабысын сәл баяулатса, бiр сұмдықтың болатынын 
сезгендей, жануар қарагер ат та қыр төсiн қақырата шауып, төрт 
аяғын көсiлте тең тастап, екпiнiн одан сайын үдеттi.
Үш-төрт дөңес төбе мен бес-алты жалпақ сайдан шауып өткен 
соң Сүлеймен атының басын тежеп, артына қарады. Артта ешкiм 
жоқ. Жаңа тұла-бойын кернеген ашу ендi басылып, “мен қалай 
қарай шауып кеттiм өзi?” деп iштей күбiрлеп, айналаға бажайлай 
көз тастады. Қарсы алдында “Иректас” жоны созылып жатыр. 


109
Сүлеймен қарақшы
“Япырау, болыс ауылынан тым қияс кетiп қалыппын-ау”, — 
дедi сыбырлап. Содан жаңағы оқиға есiне түсiп, абыржып бiраз 
тұрды. “Ноғайға барсам, орысты өлтiргенiм үшiн ренжiп жүрсе 
қайтем? Анау-мынауыңды емес, бiлдей попты өлтiрiп тұрмын. 
Мұның аяғы жанжалсыз бiтпес. Орыстар Ордабек пен Ноғайға 
келiп, құн сұрап жүрсе не еттiм? Бұрынғым бар, кейiнгiм бар, 
Ордабек болыс: “Ей, бала, сенi тәп-тәуiр жiгiт пе десем, қолың 
қанға малынып кеттi-ау. Қанiшер болмасаң неттi”, — деп 
жүрсе, Ноғай да өзiме қырын берiп қалар. Ауылыма баруға тағы 
болмайды. Орыстар менiң кiм екенiмдi бiлiп алса, иә, иә, бiлмей 
қалмасы анық, ауылыма келiп, туыстарыма тыныштық бермей 
жүрер. Одан да ешкiмге салмағымды салмай, пәлемдi жуытпай, 
кетейiн алысқа. Сонда қайда барамын? Қайтадан Досалы биге 
барсам ба екен?
Иә, бар пәледен бiр құтқарса, сол кiсi құтқарады. Әй, бiрақ, 
қойшы. Жылқы соңында салпақтап жүруден-ақ жалықтым. “Ер 
азығы мен бөрi азығы жолда” деушi едi ғой, Көбек нағашым. 
Ең жақсысы — мынау белдiң ар жағындағы сiргелiдегi Топыш 
пен Қасқабай тамырларыма барып, бiраз паналайын. Ол жақта 
тағы Әлiмбай мен Керiмбай байбатшалар да бар. Сол кiсiлерге 
барайын. Арғы жағын көре жатармын”, — деп ойлаған Сүлеймен 
атының басын Қазығұрт асуына қарай бұрды.
Сүлеймен Бадам бастауының тұсындағы Келеске асатын 
Қазығұрт белiнiң үстiне шыққанда күн батып, ымырт үйiрiлдi. 
Топыш пен Қасқабай ауылына әлi жарты күндiк жол бар. Егер 
желе жортып қаттырақ жүрсе, дiттеген жерiне бес сағаттай 
уақытта жетiп те қалар едi. Бiрақ бiрде сайлы, бiрде қырлы 
болып келетiн елсiз даладағы соқпақты жолда үнемi желiп 
жүруге астындағы аттың жарамасы анық. Оның үстiне жер бетiн 
тастай қараңғылығымен тұмшалай бастаған түнде ой-шұңқырды 
бағамдау да қиын. Осы жасына дейiн талай айсыз түндерде дала 
кезiп, кәнiгi баукеспе атанып үлгерсе де, дәл мынау жолмен 
бұрын-соңды жүрiп көрген емес. Сонда да болса, бағана жарық 
кезде “осылай тура кете берсем, межелi жерiмнiң үстiнен 
түсермiн” деп атының басын бұрып алған бағыттан айнымай 
жай аяңмен тоқтаусыз жүре бердi. Екi сағаттай жүрiстен соң ой 


110


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет