126
Сүлеймен қарақшы
— Ей, жәй жүр. Бiз арттарыңнан iлесе алмай қаламыз, — деп
айқайлады пұшық ат үстiндегi жiгiтiне.
Ол жүрiсiн баяулатқан
кезде осыншама қырсыққа тап
болғанына iштей нала болып, жарыла жаздаған Сүлеймен отыра
кеттi. Арт жақта келе жатқандар: “Өй, неге отырасың? Тұр, тұр!”
— деп мылтық ұңғысымен арқасынан түйгiштедi. Соққы жанына
батқан ол орнынан тұрды:
— Қанша қинасаңдар да, маған ешкiмнiң аяғын жалаттыра
алмайсыңдар.
Қазiрше оның бұдан басқа амалы да жоқ-тын. “Не iстер екен?
Бара көрейiн” деп ойлады ол. Бұлар үшкiр тасты айналып, шың
етегiндегi жалғыз аяқ қуыс жолмен бiраз жүрген соң шығыс жаққа
бұрылды. Жан-жағын көгерген
қурай мен сасыр басқан тағы
сондай жолмен әудем жер өткеннен кейiн бiр үлкен жартастың
түбiндегi үңгiрге келiп тоқтады. Үңгiрдiң алды буалдыр, iштен
түтiн шығып жатқан сияқты. Алдағы басмашы аттан түскенде,
үңгiр iшiнен қарулы екi адам шықты. Бәрi де қазақ емес. Бiрақ
қазақша таза сөйлейдi. Қалың қабақтары мен ойнақшыған
көздерiне, қоңқиған мұрындарына қарағанда таулық сияқты.
Жаңағы үңгiр iшiнен шыққан екеу мұның жанындағыларға
бiрдеңе деп шүлдiрледi.
Пұшық оларға жауап қатып, бәрi
қарқылдай күлдi.
Күлiсiп болған басмашылар Сүлеймендi итерiп, үңгiр
iшiне кiргiздi. Үңгiр дегенi — арғы жағы ашық, кең алаңқайлы
шатқал екен. Шатқал iшiнде адам көп. Әр жерге тастан қалап,
үстiн қамыспен жапқан бiрнеше тамдар тұр. Тамдар алдындағы
ошақ басында пәрәнжi жамылған бес-алты әйел күйбеңдеп жүр.
Сүлеймендi жетектеп алып келгендер, қолындағы байлауды
шешпеген күйi үңгiрдiң оң жағындағы бiр үлкен тамға кiргiздi.
Там iшiнде бес-алты кiсi отыр.
Қақ төрде қара бурыл сақалы
кеудесiне түскен бiр қария жантайып жатыр. Оның бер жағында
сұрғылт жүзi зәрдей суық, шегiр көздерi от шашқан еңгезердей
жiгiт жайғасыпты. Қалғандарының да түстерi, рең-әлпеттерi адам
шошырлықтай. Бәрi “мынау қандай алып адам” дегендей, үнсiз
Сүлейменге қарады. Әсiресе, анау еңгезердейi отты көздерiмен