160
Сүлеймен қарақшы
басқаларың бек сау екенсiңдер. Тәубә. Әйтеуiр төбеден тас
домалап, басмашылардың шат-шәлекейi шығып жатқанда, оң
тiзесi мен сол шынтағынан жараланған Аязбектi көтерiп, төменге
түсiп едiм, олардың ат қораларына тап бола кеткенiм. Қарауылы
екеу екен.
Бiреуiн атып өлтiрiп, бiреуiн ұрып жығып, байлап
алдым. Оны бiр атқа өңгерiп, Аязбекке бiр ат жетектетiп, өзiм бiр
ат жетектеп, бес айғыр олжалап әкелдiм.
— Пәлi, олжаның үлкенi сенде болған екен ғой, — дедi
Сүлеймен. — Салықбай құз төбесiне шығып, тас домалатқанда
еңiске қарай жөңкiле қашқан басмашылар сол ат қораларын бетке
алды-ау деймiн. Сендер барда олар онда жетiп үлгерген жоқ па
едi?
— Бiз бiр шоқы берi асып өткенде, олар сол маңға жеткен-дi.
Бiрақ басмашылардың аттарына қолдары жетпедi.
Мен қалған
аттардың бәрiн тас қорадан шығарып, қамшылап-қамшылап,
жан-жақа бытыратып жiбергем.
— Мұның да оң болған. Әй, айтпақшы, Аязбектi қай күркеге
жатқыздың? Барып, жағдайын сұрайық. Одан соң жаңағы айтқан
тұтқының қай жақта? Оны ортаға алайық.
Сиязбек Аязбектi өздерi жататын шеткi лашыққа жатқызыпты.
Ол жарақатын ауырсына қиналып жатыр екен.
— Сиязбек жарақат орнын дер кезiнде таңды. Бiрақ оқ сүйекке
қадалып тұр ма бiлмеймiн, аяқ пен қолым зырқырап алып барады.
Оған көрсетер көмек-амалдары жоқ қарақшылар тұнжырап
отырды. Бұлар осылай отырғанда, Сиязбек қолы артына байлаулы
тұтқынды алып келдi. Байғұс қорыққанынан дiр-дiр етiп, әсiресе
Сүлеймендi көргенде көзi атыздай болды.
— Қане,
жөнiңдi айт, жiгiтiм.
Басмашы сарнай жөнелдi. Өзiнiң Боштайға қалай қосыл-
ғанын, оның тобында қанша адам бар екенiн, өздерiнiң шатқал
түбiнде қалай күн кешетiнiн, қандай жолмен азық табатынын,
бәрiн-бәрiн жайып салды. Сосын Төрекелдiге қарады:
— Мына кiсiге Бешташтағы Ергешқожа тәуiптi әкелсеңдер
ғой.
— Бешташың қай жерде?
— Осыдан бiр күншiлiк жер. Ханқорғанның үстiнде.
— Онда бүгiн бiздi
сол қышлаққа ертiп барасың, — дедi
Сүлеймен.
Түн түсе Сиязбектi жаралы Төрекелдi мен Аязбектiң жанына
қалдырып, Сүлеймен мен Салықбай атқа қонды. Тұтқынның