158
Сүлеймен қарақшы
басын денесiмен қоса қырқып түсер едi.
Содан ығып, артқа
шегiне бастағанда, тау басынан шатқал-құзды гүрсiлiмен көшiре,
тастар домалап кеп бердi. Тастар құз бетiн жалай сусып түсiп
жатқанымен кейбiрi қатты екпiнмен секiре домалап, Сүлейменнiң
жанынан төменге қарай зулап өттi. Жаңағы шулары түк емес,
Боштайдың адамдары осы кезде күңiрене айқайға басты. Таң
тыныштығы астындағы соншама мылтық дүрсiлi мен қырғын
адамның айқайы шатқалды дiрiлдетiп жiбергендей едi. Құлама
жартасқа жабысқан тайғанақ
құмды майда қиыршықтарды
Салықбай домалатқан жарғақ тастар қозғап жiбердi ме, әлде
құз бетiн жаңғырықтырған қатты дауыстардың толқынды екпiнi
оларды көшiре жөнелдi ме, кiм бiлген, әйтеуiр төбеден төменге
қарай құлаған тау жыныстары толас таппай, селдей ақты. Бұлай
тұра берсе тас астында көмiлiп қалатынын бiлген басмашылар
бас-көз жоқ еңiске қарай жүгiрiстi. Ендi алдарында атып жатқан
жауларының оғынан емес, таудың тас көшкiнiнен ығып, беталды
лаққан олардың бiрталайы қалың шиенiң iшiнде жасырынған
Сүлеймендi байқауға да шамалары келмей, жанынан зу-зу етiп
өте шықты. Басмашылардың дәрменсiз, дегбiрсiз халдерiн көрген
Сүлеймен оларды атпады. Құлағын тоса тыңдаса, Төрекелдi де
атып жатқан жоқ сияқты. Аздан соң үңгiр тұстан бiресе дүңкiлдей,
бiресе сусылдап, сырғып домалаған тастардың даусынан басқа
адам үнi естiлмей де қалды.
— Төрекелдi, бармысың? — деп айқай салды Сүлеймен осы
кезде.
Жауап болмады. Басына бiр жаман ой келген Сүлеймен, ол
жасырынған бетке еңбектей жүрдi. Келсе,
Төрекелдi орнында
жоқ. Осы мезет құбыла тұстан Төрекелдiнiң таныс ысқырығы
естiлдi. Басын көтердi. Анадай жердегi пәс аршаның тасасында
тұрған Төрекелдiнi көрдi. Ол “еңбектеген күйi берi жақында”
дегендей, қолымен белгi бердi. Арша түбiнде Төрекелдi мен
Салықбай отыр екен. Төрекелдi сол иығын оң алақанымен басып
алыпты. Иықтан аққан қан шекпенiнiң сыртына шығып кетiптi.
— Немене, оқ тидi ме?
— Тиюiн тигенiмен, сүйегiм аман сияқты. Боштайдың қолы
еңiске қашып жатқанда Салықбай
оқ жырып кеткен терiме