Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет83/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Олар дайын тұр екен. Үш атты жетектеп жетiп келдi. Өскеннiң 
жетегiндегi қарагер Сүлеймендi көргенде бiр оқыранып
тұмсығымен иығынан түртiп-түртiп қойды. 
— Жұмабай, сен iшке кiр де, мыналардың мылтықтарын 
жинап шық. Маған бас киiм алуды ұмытпа. Ал, сен, Өскен, тағы 
бiр ат әкел. Мынаны өзiмiзбен бiрге ала кетемiз. 
Бұл жолы екеуi де бiр қарсы сөз айтпай, мұнын айт-қанын 
лезде орындады. Сүлеймен Тұрлыбайдың басынан аямай бiр 
соқты да, көтерiп, бос тұрған аттың бiрiне өңгере салды. Өзi 
қарагерге мiнiп, Тұрлыбай өңгерiлген атты жетекке алды. 
— Сендер артта жүрiп, байқап отырыңдар. Мына сұмырай бiр 
жерде сусып түсiп қалмасын. 
Аспан ашық, бiрақ аяз қатты қысып тұр. Әлдеқайдан ұлыған 
қасқырлардың дауыстары естiледi. Жертөледен әбден қашықтап 
кеткен кезде бұлар ат тiзесiнен келетiн бiр өзеншенi кешiп өттi. 
Өзеншенi өте салысымен Сүлеймен тоқтады. Арттағы атта 
етпеттей өңгерiлген Тұрлыбайды жерге түсiрдi. Әбден жаурап 
қалған ол қалш-қалш етiп, сөз айтуға шамасы келер емес. 
— Сенi қолға түсiруiм үшiн жаныңдағы жiгiтерiңдi сойылдап 
тастағанымды Құдай кешiрер. Әйтпесе, саған итаршы болып 
дағдыланған олар өзiме қарсы шығар едi. Ал бағана айтқан 
сөзiме көнбеген сен, ендi азапты өлiммен өлесiң. Өзiмдi сонша 
азаптаған сенi өлтiрмей кетсем, кеудемде қатып қалған кек 
мазалап, тыныштық бермейтiнiн бiлем. Нағыз қарақшы бiреудiң 
көрсеткен қорлығын өзiне көресететiнiн сен бiлiп қой. Қазiр анау 
суға батырып кетем. Мына аязда мұз болып қатып өлсең, өлiмiңдi 
өзiңнен көр. Егер құтылатын болсаң, жертөлеңе еңбектеп жетiп 
ал. Әй, бiрақ анау ұлыған бөрiлер сенi аман қоймас. 
Оны құлақшекеден бiр перiп, жамбастай құлатты. Сөйттi де 
көтерiп алып, ағып жатқан суға лақтырып жiберiп, өздерi атқа 
қонды.
Дәл сонда Сүлеймен оны “судан аман шықпайды, шықса да 
қатып өледi, болмаса қасқырларға жем болады” деп ойлаған-ды. 
Бiрақ Тұрлыбай аман қалып, көп жыл өткен соң екеуi Тәшкенде 
қайта кездесiп, ол өзiне тағы да шектен тыс өшпендiлiк 
көрсететiнiн бiлген жоқ…


176
Сүлеймен қарақшы
VII
Содан берi жетi жыл өткен. Бұл елге келген жылы Досалы 
би қайтыс болды. Оның қырқы өткен соң Ордабек болыс қайбiр 
заманда арқадан ауып келiп, бүгiнде Бадам жағасында бiр ауыл 
болып отырған Арғынның Алтай тармағына жататын Мөңке 
деген кiсiнiң Балдықыз атты қызын Сүлейменге әйелдiкке алып 
берген. Балдықыз былтыр ұл туды. Оның атын атақты шабандоз 
досының құрметiне Құлажан деп қойған. Сол Құлажан туған 
жылы елде кәнпiс басталып, Ордабектiң малы тәркiленiп, өзi 
Оралға жер аударылды. Жаңа өкiметтiң белсендiлерi онымен 
қоймай, мiлиса нәшәндiгi болып жүрген оның баласы Ноғайды 
да қудалай бастады.
Мiне, екi жыл болды, Ноғай жоқ. Қайда кеткенiн ешкiм 
бiлмейдi. Сөйтiп сонау Шойбек датқадан бастап Қазығұрт 
өңiрiндегi елге жүз жылдан берi “ақ дегенi — алғыс, қара 
дегенi — қарғыс” болған атақты әулеттiң тоз-тозы шығып жүре 
берген. Бiр бұлар емес, Қазығұрт, бадам болыстықтарын билеген 
Сүгiрәлi, Жүндiбай, Құрбанәлi болыстар да, Естемес, Баймұса, 
Тоқбай билер де ел билеуден шеттетiлiп, аттары да шықпай 
қалды. Ел өзгердi. Жұрттың бәрi “бiрдей тұрмыс құрамыз” деп 
әртiл дегендi ұйымдастырып жатыр.
Биыл жасы отыз екiге шыққан Сүлеймен әртiлге қосылмады. 
Былтыр арғы аталас туысы — Жайқынбайдың Құлтаны белсендi 
шығып, өзi бас болып, Ордабектiң малын кәнпiскелеп, әртiлге 
өткiзгенде, Сүлеймен баяғы серiктерi — Кендiр мен Әрiпбай 
үшеуi сол малдың бiразын жымқырып, Бiркөлiктiң арғы 
жағындағы шатқалға апарып тыққан. Қазiргi күнкөрiстерi — 
сол жылқылардың үстiнде. Еттен тарықса, түнде барып, бiреуiн 
сойып әкеледi. Пұлдан тарықса бiрлi-жарымын Қарабұлақтың, 
Оймауыттың базарына салады.
Көзге көрiнетiн тiрлiк жасамай, күн көрiп жүрген Сүлейменге 
жұрттың көзi түстi. Бұл жайында әр түрлi әңгiме айтатынды 
шығарды. Айтқанда, сырттай айтады. Көзiнше айтуға қорқады. 
Және мұны жәй ғана Сүлеймен демейдi. Баяғы атымен “қарақшы 
Сүлеймен” дейдi. Ал жаңа өкiметтiң ұр да жық белсендiлерiне 
“қарақшы” деген ат ұнамайды. Әсiресе, Жайқынбайдың 


177


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет