Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет95/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Дилданы сен қашаннан берi қатын қылып жүр едiң? Менiң 
ашуым көтерiлмей тұрғанда, батырыңдар қараларыңды өздерiң.
— Уа-ха, не дейдi мынау. Жабылыңдар, жiгiттер! 
Сол-ақ екен, бойлары мен дене тұрқылары өзiнен сәл-ақ кешiрек 
келген үшеу сойылдарымен мұны сабай жөнелдi. Сүлеймен екi 
қолымен басын қорғаштап, кейiн шегiндi. Бiрақ аналар қуалай 
жүрiп ұруларын тоқтатар емес. Бiр кезде жон арқасынан тиген 
соққының қатты болғаны соншалық, бiр сәт есеңгiреп барып, 
құлай жаздады. Осы сәт iштегi бар ашуы сыртқа шығып, “а-а-а-а” 
деп айналаны күркiрете бiр айқайлады да, алдында тұрғанның 
шоқпарына жабыса кеттi. Заматта оны сiлкiп тартып қалғанда, 
анау мұның аяғына қарай етпетiнен түстi. Өзi қолына iлiккен 
шоқпармен жан-жағындағы екеудi айналып тұрып, құлаштай 
соқты. Бiрiнен өтiп, бiрiне тиген шоқпар соққысынан ол екеуi 
жерге жалп-жалп еттi.
Оларды жатқан жерлерiнде бастарынан тағы да бiр-бiр рет 
аямай ұрып, дарбазаға бұрылғанда, жаңағы етпетiнен түскенi 
тұра сап, қашуға ыңғайланды. Оны да шоқпармен бiр ұрып, 
жерге қайта топ еткiздi. Лезде үш серiгiнiң топырақ құшқанын 
көрген қаба сақал не бұған шабарын, не қаша жөнелерiн бiлмей, 
аңтарылды. Сүлеймен оның жанына жетiп барып, жағасынан 
алған күйi дуалға бiр соқты. Одан соң екiншi қолымен ышқырына 
жармасып, қап сияқты көтерiп алып келе жатқанда, алдынан 
Пұсырманқұл кездестi.
— Не болды, Сүлеймен? Дәулiк көрсетiп жатыр ма? Мына 
құрғыр мылтықты көп iздеп, жүрiп қалғаным… 
— Мылтықтың керегi жоқ ендi. Мына сүмелек кеткен 
қатынының артынан қуып келiптi. Қазiр сол қатынының астын 
жалатайын бұған, — деп Шалпарды көтерген бойда үйге кiргiздi.
Сүлеймен оны үйге көтерiп кiргенде екi әйелдiң үрейi ұшып, 
бұрышқа тығылды.
— Дилда, айт қане. Сенi қорқытып жүрген Шалпар деген осы 
ма? 
— Осы, осы, — дедi Дилда үнiн зорға шығарып.
— Ендi сен айт. Дилданы қашан қатын қылып едiң?
Жаңа ғана далада батырсынып әкiреңдеген, ендi түкке қауқары 
келмей, шабандоз сүйреткен өлi текедей кейiпке түскен Шалпар 
мұрнынан аққан қанды демiмен бiрге бiрде жұтып, бiрде қақала 
түкiрiп, дыбыс шығармай бiраз отырды.


200
Сүлеймен қарақшы
— Ой, жiбершi, сақалымды. Менi әлi ешкiм бұлай табанының 
астына салған жоқ едi… Еркек болсаң, жiбер деймiн. 
— Табанына салатын адамға кездеспей жүргенсiң де. Жiбер 
деп шарт қояды тағы. Шартты мен қоямын. Одан да жаңағы 
сөзiңе жауап бер. 
— “Қатын қылдым” деп кiм айтты саған? Ойнас қылайын деп 
едiм. Қанша дәу болсаң да Қоқанда Исламқұл тұрғанда, менiң 
дегенiм болады… 
— Ой, сорлы. Сен алдымен осы жерден аман шығып алсайшы. 
Исламқұлыңның да, сенiң де әкеңнiң… Уа, сенiмен неге сөз 
таластырып тұруым керек менiң, — деп көп сөздiлiкке салына 
бермейтiн Сүлеймен қонышынан пышағын суырып алып
Шалпардың алқымынан осып жiберуге ұмтыла бердi:
— Ой, Сүке, тоқта, тоқта! Сойсаң, үй iшiнде сойма. Жә, жә, қоя 
тұр деймiн, батыр. Сәл сабыр сақтай тұршы, — деп Пұсырманқұл 
пышақ ұстаған қолына жармасты.
— Ә-ә, қойыңыздаршы, байекелер, — деп бiр бұрыштан 
әйелдер сұңқылдады.
Пұсырманқұлдың ажыратқанын басқаға жорыды ма, кiм 
бiлсiн, осы кезде Шалпар:
— “Соямын” деп әкiреңдегенiмен сою қайда бұған менi. 
Сойып көрсiншi. Ертең Исламқұл сүйегiн өртеп, етiн күл қылып 
шашсын, — дедi тағы батырсына.
— Мынау тiлiн тарпайтын пәле екен. Онда қазiр көресiң 
соя алмайтынымды, — деген Сүлеймен оны үйден сүйреп 
сыртқа шығара берiп: — Айтпақшы, өлер алдыңда iздеп келген 
қатыныңның бұтын иiскеп қал. Ақыры тiрi кезiңде сол жерiне 
жете алмап едiң. Ей, Дилда, қайдасың? Берi кел. Етегiңдi көтер. 
Ауыңа мұрнын бiр тығайын. Өлер алдында арманда кетпесiн.
Сосын қалт етуге шамасы келмей, бұрыштағы Дилданы 
сүйреп әкелдi де етегiнiң астына Шалпардың басын тықты. 
Аяқтарына иегiн үйкелеттi.
— “Еш еркек бұрын кеудемдi бұлай басқан жоқ едi” дедiң 
ғой. Ендi сенiң кеудеңдi әйел басты. Жо-жоқ, әйел аяғына басың 
жығылды. Бұдан былай саған жер бетiнде еркек болып жүрудiң 
қажетi жоқ. Сендей намыссыз еркектi мен өлтiруге де арланамын, 


201


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет