196
Сүлеймен қарақшы
елде әйелi бар ғой. Әй, бiрақ табылса, бұл да ала салсын. Бұған
екеу емес, он қатын алса да аздық етпейдi, — деп Төрекелдi елп
ете қалған.
Сүлеймен де бұған қарсы болмады. Сөйтiп үшеуi әйел iздеуге
кiрiскен. Қоқан шаһарының түстiк жағындағы үлкен төбенiң
үстiнде Құдияр хан салдырған үлкен сарай бар. Сол сарай қазiргi
жаңа өкiметтiң кеңсесi едi. Кеңсе бергi бөлмелерiне орналасқан.
Ал сарайдың басқа қаптаған бөлмелерi астық пен мақта жинайтын
қоймаларға айналған. Осы қоймаларда ерлерi басмашылармен
соғыста шейiт болған көптеген жесiр әйелдер iстейтiн. Әсiресе
мақта түтетiн орында ондайлар мол-ақ. Пұсырманқұл үшеуiн
күнде осы жерге ертiп келiп жүрiп, ақыры бұларға лайық үш
әйел тапты. Төрекелдi мен Аязбекке екi өзбек әйел бұйырды.
Әйелдердiң туысқандарына бiраз пұл берiп, ықтиярларын
алған соң Төрекелдi мен Аязбек олардың үйлерiне кiрiп алды.
Ал Сүлейменнiң көңiлi бөксесiне анау-мынау еркектiң құлашы
жете бермейтiн дәу татар әйелге ауды. Оның аты — Дилда екен.
Құрғыр Дилда кез келген әйелдiң
көңiлiн жiбiтiп жiберетiн
Пұсырманқұлдың жаушылық сөзiне де, “Әй, саған бай, маған
қатын керек. Бұлдана бермей айтқаныма көнсейшi”, — деп
айтарын төбеден жай түсiргендей зiлдi дауыспен бiр-ақ жеткiзген
Сүлейменге де көнбей, бiраз қиғылық салып жүрдi. Бiрақ тiлiмен
“түлкiнi күлдiрiп, қасқырды үргiзетiн” Пұсырманқұл қойсын ба,
ақыры оны бiр икемге келтiрдi.
Сөйтсе Дилда өз қарсылығын
Сүлеймендi жақтырмағанынан бiлдiрмептi. Күллi Қоқанның ұры
мен қарақшыларын бiр шыбықпен айдайтын Исламқұл бектен
қорқыпты. Исламқұл бұрынғы Қоқаның айтулы хандарының
бiрi — Әлiмнiң ұрпағы екен. Қоқан орысқа қараған кезде бектiк
лауазымды иеленген. Қызылдармен соғыс уақытында тәжiк
жерiне
қарай өтiп, Жылыкөлдегi Отанбек пен Жұмамұрат
паруанашылардың қолдарын бiрiктiрiп, үлкен басмашылық топқа
құрбашылық жасапты. Кейiн басмашылардың тоз-тозы шығып,
бiрi ауған, бiрi қытай асып кеткенде, бұл Қоқанға қайта оралып,
жаңа өкiметтiң белсендiлерiмен тiл табысып, бейбiт өмiр сүруге
байлам етiптi. Алайда “бейбiт өмiр” дегенi сырт көзге ғана. Қоқан
мен оның айналасындағы болып жататын қилы-қилы ұрлықтар