Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет98/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
уақыт та келдi. Сейiлдегi күресте баяғы Билiкөлдегi күрестегiдей 
арнайы киiм болмайтын. Былайша айтқанда, бұл ермек үшiн, 
азын-аулақ ақша үшiн күресетiн — жабайы күрес.
Қазының белгiсiнен кейiн сыртқы шибарқыт камзолын 
Пұсырманқұлға ұстатып, көйлекшең ортаға шықты. Таулық 
қарсыласы да көйлекшең. Ұзын бойы болмаса, оның онша 
қауқары жоқ екенiн бұл бiлдi. Алайда оны қандай намыс алып 
бара жатқанын бiлмедi. “Мейлi, өз көңiлi өзiнен қалсын. Бұл 
жерде құр жүректiлiктiң түк пайдасы жоқ. Мүмкiн бұл жылдам 
шығар. Кейбiреулер күшiне емес, өзiнiң мысықша ептiлiгiне 
сенедi”.
Расында, таулық жүдә жылдам екен. Кiлемнiң ана шетi мен 
мына шетiне лып-лып етiп секiрiп, ұстатпай-ақ қойды. Тiптi 
мұны бiр-екi рет жұдырықтап та өттi. Оның бұл қылығын елеген 
қазы болмады. Ал халық: “Яшаң, яшаң” деп шу-шу етiседi. Аздан 
соң намыстанған Сүлеймен оны ұстай алайын деген оймен оған 
тура шапты. Таулық жалт етiп бұрылып, басымен мұның бетiне 
бiр соқты да артқа қарай өтiп кеттi. Иттiң басы сонша қатты 
болар ма, бірдемде көзi қарауытып, кеңсiрiгi сынып кеткендей 
дың-дың етiп, мұрнынан қан сорғалай жөнелдi. Қанын сүрпек 
болып, алақанын мұрнына апарғанда, таулық тағы мазақ етейiн 
дегендей, желкесiнен бiр ұрды. Осы замат қаны басына шауып: 
“Өй, әкеңнiң көрiн…” деп тiстене тiл қатты да бұрыла сап, 
оған жүгiрдi. Таулық бұл жолы шетке атылып үлгере алмады. 
Арыстандай болып төнiп қалған бұған iстер айласы болмаған 
ол, секiрiп келiп, мұның мойнына жармасты. Құшағына оп-
оңай iлiккен оны бұл ашумен мыта салмақ боп, белiне қолын 
орай бергенде, анау құлағын қырши тiстеп алды. “А-а-а” деп 
дауыстап, ендi оның алқымына жармасам дегенде анау тағы 
сытылып кеттi. Өмiрiнде қанша күрестi, қанша төбелестi көрiп 
жүрсе де, дәл мынадай шапшаң қимылды адамды кездестiрмеген 
бұл бар ашуына ендi мiнiп: “Уа, атаңа нәлет, ит. Ендi өлдiм дей 
бер”, — деп ақыра тағы ұмтылды. Жүрiсi ауыр, денесi бiлеу-бiлеу 
темiр iспеттi iрi сүйектi Сүлеймен қанша алып болса да, кейде 
керектi сәтте қабыландай ептi қимылдайтыны бар-тын. Осы 
жолы да ананың жып етiп бұрылып кетуiне мүмкiндiк бермей, 


206
Сүлеймен қарақшы
атылып барып, оны тарпа бассалды. Мынадай денесiмен мұның 
осыншалықты шапшаң қимыл көрсете алатындығын көрген 
халық таңырқасып, гу еттi. Қарсыласын екi иығынан алған 
бойда тiк көтерiп, жамбасқа салып, жерге бiр-ақ соқты. Мұндай 
алып ұрудан ешкiм аман қалмасы анық едi. Талайлар бiрден-
ақ жантәсiлiм ететiн. Бiрақ ананың қандай әдiспен жерге қатты 
соғылмай қалғаны белгiсiз, әйтеуiр денесi кiлемге тие бере, ары 
қарай сусып, аунап кеттi де орнынан тұра қалып, қонышындағы 
ұзын қанжарын суырып алды.
— Қанжар, қанжар! Ойбай, мынау не қылмақшы? — деп 
айқайлады топ iшiнен бiреу.
Құлағы осы сөздi-ақ шалды. Бәлкiм кеудесiн буған намыстың 
сыртқа тепкен кернеу күшiнiң толқыны ма, әлде ашудан өзiн-өзi 
билей алмай, көзiне таулықтан басқа түк көрiнбеген себептi ме, 
сол сәт жан-жақта не болып, не қойып жатқанын ұқпады. Бар 
көргенi — екi көзi шарасынан шыға бақырайған таулықтың секiрiп 
тұрып қанжарын сiлтеп жiбергенi. Одан қалай қорғанғаны, оны 
қалай қолына iлiктiрiп алғаны есiнде жоқ. Содан оның мойнын 
ба, белiн бе, жоқ қол-аяқтарын ба, әйтеуiр сүйектерiн күтiр-күтiр 
еткiзiп сындырып, денесiн топ iшiне қарай лақтырып тастаған. 
Бұдан соң көптiң iшiнен бетiне пәренжi жамылған бiреу атын 
өңмеңдете ойқастатып келдi де, өзiн ұзын қылышпен бiр шауып 
өткен. Құдай қаққанда, қылыш басқа тимей, тосып қалған оң 
қолының шынтақ тұсына сарт еткен. Бұдан кейiн жандәрмен 
аттылының соңынан қумақ боп, ақыра жүгiргенiнде, бiрталай 
адам қаумалап ұстай алған…
Есiн жиса, айнала азан-қазан. Қарсы алдында мұның 
кесiлген бiлегiн таңып Пұсырманқұл тұр. Қазының да, басқа 
балуандардың да, жиналған жұрттың да түрлерi шошыңқы. 
Анадай жерде бiр топ адам сұлап жатқан бiреудi көтерiп әлек. 
Сұлап жатқанды бiрден таныды. Жаңағы өзiмен алысқан жiгiт. 
Өзiнiң шынтағынан ғана емес, сол аяғының қара санынан да қан 
сорғалап тұр. Шалбарының сол тұсы бiр кездей тiлiнiптi.
— Не болды, Пұсырманқұл? Әлгiнде қанжар, қылыш ала 
ұмтылғандар кiмдер? — дедi өз-өзiне келген соң.


207


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет