Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет115/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Аязбектен басқалары Қоқан ханы Омардың тұсында 
салынып, қазiр қиқы-жиқысы шығып, бұзыла бастаған “Борлы” 
орамындағы жасырын үйге беттедi. Қоқан аса үлкен шаһар 
болмаса да “Борлыдағы” бұзылған үйлердiң арасына көлденең 
адам кiруге қаймығатын. Бұлар осы үйлердiң арасында әлi 
бұзылмай сақталған бiр тамның астындағы жертөлесiн аса 
маңызды шаруа шыққан жағдайда өзара бас қосатын орын 
ретiнде дайындап қойған. Сырт көзден таса бұл жертөледе 
талай мәселелердiң басын қайырған. Мұнда адамға аса қажеттi 
нәрселердiң бәрi бар-тұғын. Ажан мен Төрекелдi келе сала шай 
қоюға кiрiстi. Құрақтың қолын шешiп, сәкiге отырғызды. 
— Мен қайбiр күнi “көптеген қазақтар Қазақстаннан Тәшкенге 
ауып келiп жатыр” дегендi естiдiм. “Айдың күнi аманында ел 
жақты ашаршылық жайлаған” дей ме. Осы рас па, Құрақ? Сен 
Тәшкенде жүрсiң ғой. 
— Қате естiмеген екенсiң. Қазақтардың Тәшкенге келiп 
жатқанына бiраз уақыт болды. Бiр Тәшкен емес, оның 
айналасындағы елдi-мекендерге де толып кеттi қазақтар. 
Олардың айтуынша, өкiмет халықтың бар малын сыпырып алып, 
тышқақ лақсыз қалдырғанға ұқсайды. Бұған қоса бiр түйiр де дән 
бермейтiн болыпты. Зорлықшыл өкiметке хайла iстей алмаған 
халық, бiрден ашаршылыққа ұшырапты да, басы ауған жаққа 
лағып жатыр екен. Тәшкен көшелерiнде талай қазақ қайыр сұрап, 
қаңғып жүр. Бiр үзiм нан таппағандардың бiразы көшелерде 
теңкиiп-теңкиiп өлiп жатқандарын өз көзiммен көрдiм. Өзiм 
қолымнан келгенше талайына көмектестiм. Бiрақ өзiм жарымай 
жүргенде, олардың бәрiн шетiнен қалай жарылқай берейiн. 
Сонау Қаратау жақтан бел асып келген кемпiр мен шалды үйiмде 
екi жетiдей асырап отырдым. Сорлылардың қатты әлсiреп 
қалғаны соншалық, он күннен кейiн ғана адамға ұқсап жүруге 
жарады. Бала-шағасының бәрi жолда қырылыпты. Өздерi өлi ит 
пен тышқан терiп жеп, Тәшкенге әзер жетiптi. Сол шал айтады: 
“Сарысу мен Шаян өзендерiнiң бойындағы елдер шөп жеп, тулақ 
шайнап қырылуда. Қырылғандары көмусiз қалып, ашық далада 
сүйектерi шашылып жатыр” деп. 


241
Сүлеймен қарақшы
Менiң үйiмде бiраз жатып, әл жинап алған соң “бiрге келген 
туыстарымызды iздеп келейiк” деп, мен қанша жiбермейiн десем 
де, тыңдамай көшеге шығып кетiп едi. Содан қайтып келмедi. 
Өзiм ары-берi iздеп таппадым. Тәшкеннiң жылан жолындай 
қисық-қисық көшелерiнiң қай бұрышынан табасын iздегенiңдi. 
Ашыққандар әсiресе бәкзал маңында көп. Талайы бидай-арпа 
артқан пәгүндарға жармасып, пойыз астына түсiп өлiп те қалуда. 
Анау адам қанын ұнға араластырып, мәнтi ғып жейтiн Бекабаның 
қарамағындағы жөйiттер де қанша қазақтың ажалына жеттi. “Нан 
беремiн” деп қазақтарды алдап апарады да, басын шорт кесiп 
алады. Шаһарда ондай сұмдықтың барын бiлмейтiн далалық 
аңқау қазақтың көпшiлiгi осылай құрбандыққа шалынуда…
— Ай, осы Бекаба дегеннiң жүзiн көрмесем де Қоқанда отырып-
ақ, оған деген өшпендiлiгiм әбден артып бiттi. Бiз сенiмен бiрге 
Тәшкенге барсақ, оған менi апара аласың ба? Қолым бiр жетсе 
ғой оған. 
— Тәшкенге апаруын апарам-ау. Алайда ол отыратын үңгiрге 
кiру қиын…
— Үңгiрде отырады деймiсiң оны? Шаһар iшiнде де үңгiр бар 
ма?
— Тәшкен ортасындағы Бозсу ағып өтетiн тұста ескiден 
қалған қышхананың орны жатыр. Сол тұста Бозсу құлайтын 
терең сарқыраманың түбiнде Құдайдың өзi жаратып қойған кең 
үңгiр бар. Үңгiр кәдiмгi там сияқты бiрнеше бөлмелерге бөлiнедi. 
Бекаба осы үңгiрдi үй қылып алған…
Осы сәт Бекабаның атын алғаш рет қайдан естiгені есiне 
сап еттi. Қайбiр жылы Жылға маңындағы қалың қамыс iшiнде 
адам жегiш үшеумен кездескенде Зүндiн дегенi ол жайлы айтқан 
болатын. Тiптi Зүндiн әлгi үңгiр туралы да айтқан-ды. 
— Мен Бекабаның атын бұрын қайдан естiгенiм ендi есiме 
түстi. Ол пәтшағар шаһарды бұрыннан билей ме? Анықтап 
айтшы, түрi қандай өзiнiң? 
— Бiтiмi сенен де үлкен. Оның үстiне өте семiз. Семiздiктен 
орнынан әрең тұрып, әжетханаға зорға барып келедi. Онда 
да отырғанда бiреулер көмектеспесе, құйрығын сүртуге қолы 
жетпейдi. Басқа еш жаққа шықпайды. Тамақ жегенде, Құдай 
салмасын, бiздiң бәрiмiз бiр отырыста жегенiмiздi ол бiр-ақ ауқат 
қылады. 


242


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет