239
Сүлеймен қарақшы
— Ойбай, Сүке, кешiр, кешiр. Бала-шағам жетiм қап зарлайды
ғой. Жаным үшiн үйдегi бар пұлымды ал. Қатынымның бiреуiн
де қоса берейiн. Тек өлтiрмешi.
— О, сорлы, нағыз қорқақтың өзi екенсiң-ау, ә. Осы
қорқақтығыңды ертең-ақ бүкiл елге жайып жiберемiз. Бауыздамай-
ақ қой, Құрақ. Тек мұны бiразға дейiн сөйлей алмайтындай етiп,
тiлiн тiлгiлеп, жүре алмайтындай етiп, аяқ-қолдарын сындырып
кет.
— Тым аяп тұрғанымыз жоқ па, Сүлеймен? — дедi Аязбек.
— Осымыз дұрыс. Өлiктен ары етiп, тiрi қалдырып кетейiк.
Жатсын сосын, шерменде күйде екi қатынына масыл боп. Қайта
жұмған сайын көзiне бiз елестеп, күнде үрейi ұшсын.
Неғып
тұрсың, Құрақ?! Кiрiс iске!
— Аяқ-қолын сындыр дейсiң бе? Мақұл. Мен мұндайдың
нешеме тәсiлiн бiлемiн, — дедi де Құрақ Сүлейменнiң аяғын
құшақтаған Тұрдақтың иығына табанын қойып бар күшiмен оң
қолын керi қайырып жiбердi. Ананың жандаусы шықты. Сосын
желкесiнен бар күшiмен бiр тептi де, жанағы тәсiлмен екiншi
қолын да күтiр еткiзiп сындырды. Тәнiне батқан ауыртпалықтан
Тұрдақ сорлының айқайлауға демi жетпедi. Оған қараған Құрақ
жоқ. Бiр табанымен тура белiнен басып тұрды да, етпеттей жатқан
ананың алдымен оң аяғын, кейiн сол аяғын өзiне қарай тартып
тұрып, бұрап-бұрап тастады. Кiшкентай болса да өзi айтқандай,
сүйек сындыруға тым әдiсшiл екен. Заматта Тұрдақтың қол-
аяқтары жансызданды. Мұны тындырып болған соң оны
шалқалай
жатқызып, аузына қанжар сұқты. Лезде Тұрдақтың
аузы қанға толды.
— Мiне, тiлiн де тiлгiлеп тастадым. Ендi не iстейiн?
— Осы азабы да жетер. Жүру түгiлi, сөйлеудiң өзi қандай
бақыт екенiн сезiп жатсын ендi. Құрақ, бiзбен бiрге жүресiң ғой.
Бiрақ басқа қайда барасың? Мынау Құрақтың қолын қайта байла,
Аязбек. Үйге барған соң өзiмен тағы сөйлесемiз.
Осының бәрiн жарты сағаттай уақыт iшiнде бiтiрген төртеуi
сыртқа шыққанда ай-шай боп, таң да атып қалған едi.
— Артымызда екi өлiк пен жаралы Тұрдақ қалды. Сақтық
үшiн сенiң үйiңе емес,
бiздiкiне барайық, — дедi Аязбек.
— Жоқ, әйел-балаңның көзiнше мынау Құрақтан қалай жауап
аламыз. Одан да “Борлыдағы” өзiмiздiң жасырын үйiмiзге
барайық. Сен үйге барып, Атамқұлды қайтар. Соңырақ келерсiң.