Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет117/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
басқан жерiне отаудай iз қалдырып бара жатқан, ұзындығы есiк 
пен төрдей, биiктiгi орта бойлы адамның бойына тұрғылас, жасы 
он алтыға келсе де әлi ұзақ жүрiске шыдамды — жылқының төресi 
қарагерге мiнген Сүлеймен. Қос алып ендi қандай оқиғаларға тап 
болар екен?...


245
Сүлеймен қарақшы
ҮШIНШI БӨЛIМ 
I
Суыт жүрген төртеуi үшiншi күнi Қамшық асуынан асып
Бiршiмулла қыратына жеттi. Бұл жерде де әлi қар жаумапты. 
Бiр түн қырат етегiндегi қалың долана ығында түнеп шыққан 
соң, Құмсан арқылы Шарбақты айнала өтiп, Өгем аяғындағы 
Құлпытас ойпатына түстi. Содан Өгем өзенiн жағалай жүрiп, 
бесiншi күнi Терiсбұлақ маңына тұяқ iлiктiрдi. Мұнда жеткенде 
қас қарайды. 
— Бүгiн осында түнейiк. Ертең сәске мезгiлiнде аттанып, 
алдымыздағы Заңғар қиясынан ассақ, Бадам бастауының тура 
үстiне тап боламыз. Ары қарай бiздiң ел таяқ тастам жерде, — 
дедi Сүлеймен.
— Осы уақытта бұл өңiрдi қалың қар басып жатушы едi. Биыл 
бұл жақта да қыс кешiгiп жатыр екен-ау. Әйтсе де мұнысы тәуiр 
болды. Әйтпесе, ой-шұқыры көп тау iшiнде омбы қар кешiп, 
әбден қиналар едiк.
— Иә, Төрекелдi, бұл да Құдайдың бiзге бiр қарасқаны шығар. 
Қане, аттан түсейiк. Мына топ аршаның түбi бiзге бiр түн пана 
болатын сыңайлы, — деп Сүлеймен жерге түстi. 
Сол күнi топ аршаның түбiне түнедi. Ертесiне күн төбеден 
ауғанда, Бадам бастауының басына келдi. Одан өтiп, Майлыошақ 
жотасына шыққан кезде алдарынан кең сайды бойлай орналасқан 
ауыл көрiндi. Ауыл көрiнгенде Сүлеймен атының басын тежедi. 
— Ойпырмай, мына ауылға не болған? 
— Бұл қай ауыл?
— Қоңырбөрiк деген ауыл. Апыр-ау, бiр үйден түтiн 
шықпайды. Мұнысы несi? Жүдә, тым-тырыс. Қыбырлаған жан 
да көрiнбейдi. Көшiп кетiп, қаңырап қалған ел сияқты ғой мынау. 
Жүрiңдер, менiң түп нағашымның үйiне барайық.
Шынында, ауыл арасы меңiреу тыныштық. Құдды бiр ауыл 
адамдары бұлардан қорқып, үй-үйлерiне тығылып алғандай. 
Көше-көшеде үрген ит, ойнаған бала болсайшы. Жұрттың 
бәрiн оба келiп, қырып кеткендей. Бұлар шеткi үйге жеткенде, 
алдарынан әбден ашығып, бұралқы күйге түскен бiр ит шықты. 


246
Сүлеймен қарақшы
Үрмейдi. Үрейiн деп едi, аузын кере ашқанымен даусы шықпады. 
Сосын басын жоғары көтерiп ұлығандай дыбыс шығарды. Ит 
болса да, бiр жаманшылықтың белгiсiн бiлдiргiсi келдi-ау, әстi. 
Бiрақ иттiң ұлығанын жаман ырымға балаған Аязбек:
— Тәйт әрi, хайуан! Кiсiнi көрiп тұрып ұлиын дей ме. Е, қара 
басыңа көрiнгiр, албасты мақұлық, — деп оған қамшысын сiлтей 
айқайлады. 
Ит оның айқайынан сескенбедi. Қайта басын төмен сала, 
телмiрген кейпiмен бұларға жақындай бердi. Сiрә, қу тамағына 
сеп болар бiрдеңе дәметкенi болар, құйрығын әзер бұлғаңдатып, 
көзiн аттылардан алмайды.
— Мынау әбден ашыққан ит қой, — дедi Ажан. — Ойпырмай, 
Қоқанда жүрiп естiгенiмiздiң бәрi рас болайын дедi-ау. 
— Ойбай-ау, қараңдаршы. Жан-жағымыздағы үйлердiң бәрiнiң 
есiктерi ашық. Адамдары қайда сонда? — дедi Ажан. 
Төртеуi осылай аңтарылып келе жатқанда, ауылдың пәс 
жағындағы үйлердiң арасынан бiр кемпiр көрiндi. Кемпiр бiр 
құшақ шөп пе, отын ба, құшақтап алып, еңiске қарай кетiп барады. 
Анау кiсiден жөн сұрайық, — дедi Төрекелдi.
Бәрi аттарын желдiрттi. Ат тасырынан артына бұрылған 
кемпiр құшағындағы отынын тастай салып, ары қарай қашты. 
Қашты деген аты ғана. Жүгiре берiп, тоңқалаң асты. Тұра 
сала, тағы жүгiрмек болып едi, әлi жоқтығынан ба, теңселiп 
кетiп, бiр қырынан құлады. Байғұс тыпырлай қозғалып, тұруға 
әрекеттенгенiмен орнынан тұра алмады. Содан жан-дәрмен 
еңбектей алға жылжыды.
— Мына сорлы бiзден неге сонша үрiктi? — дедi Сүлеймен 
оның бұл қылығын көрiп.
— Қайдам, тазыны көрген түлкiдей болып барады ғой өзi.
— Мұнда бiр сыр бар, Төрекелдi. Күлудi қоя тұр. 
Жерде төрт тағандап еңбектеген кемпiрге жете бергенде ол 
керi бұрылып, шоқиып отыра қалды да:
— Үйде ештеңем жоқ, ештеңем жоқ. Кәлхуздан бидай ұрлаған 
емеспiн. Жазда жинап алған алғының тамырын талқан етiп 
қойып едiм. Соны қайнатайын деп отын әкеле жатырмын, — деп 
жылай бастады. 


247


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет