265
Сүлеймен қарақшы
— Кiлттi кiмге берейiн. Әлде өзiмде бола берсiн бе?
— Атаңның басы. Әкел берi! — деп Сүлеймен
одан кiлттi
алды. — Аязбектiң жанындағы бос атқа мiн. Бiздi Ақайдардағы
Құлтанның үйiне апарасың. Бiз онда жеткенше күн де батады.
Қараңғылықты пайдаланып, үстiнен басамыз.
— Ақайдар ауылы қазiр “Алғабас” деп аталады. Өкiмет солай
ұйғарған, — дедi Тәңкi атқа мiнiп жатып.
— “Алғабас” бүгiн түнде Құлтан үшiн “Артқабас” болады.
Бесеуi Бадамды кешiп өтiп,
Зағамбар тұсындағы қырдан
асқанша күн де батты. Тағы бiраз жүрiп, Ақайдар етегiндегi сайға
жеткен уақытта Тәңкi айтты:
— Сүке, Құлтанның есектей итi бар. Түн баласы бөтендi үй
маңына жолатпайды.
— Алдап нан берсек ше?
— Наныңыз түгiлi етке де қарамайды. Хайуанның түрi де
жаман. Жаяу болсаң, тура мойныңа,
атта болсаң, тура бетiңе
секiрiп, алып түседi. Оның үстiне Құлтан наганын басына
жастанып жатады.
— Ол кәпiрде наган бар ма?
— Болмай ше. Бүкiл Қазығұрт етегiндегi елдi бiр шыбықпен
айдап отырған адам оңай деймiсiз.
— Үйiне жақындап барайық. Итiнiң де, өзiнiң де бiр мәнiсiн
табармыз. Күллi
халықты ашықтырып қойып, иттерi мен
өздерiнiң қарнын тойдырып жүрген ондайлардың аяқтарын
аспаннан келтiрiп, тобаларынан жаңылтпайынша,
мен бәрiбiр
тыныштық таппан.
— Аттарды осында қалдырып, үйiне дейiн жаяу барғанымыз
оңды емес пе? — дедi Аязбек. — Есiк алдында алғыр итi,
жастығының астында наганы бар адамды айлакерлiкпен алмасақ,
өзiмiзге қауiп төнiп жүрер.
— Сонау Қоқан мен Алайда менi таппаған оқ пен ала алмаған
жау, ендi өз елiмде өзiмдi жайратар деймiсiң. Бұқпантайлап
баратындай, қапелiмде бас салатындай, Құлтан деген кiм? Атақты
қарақшы, қаһарлы құрбашы ма едi, тәйiрi. Тура осы атыммен тура
есiгiнiң алдына шейiн барып, абалаған итiнiң де, дәусiнген өзiнiң