271
Сүлеймен қарақшы
Мыналардың ойнап тұрмағанына ендi көзi жеттi ме, әлде
мылтықтың суық ұңғысы жанын тiтiркендiрiп жiбердi ме, осы
кезде Құлтан:
— Әй, әй, қойыңдар. Әзiр өлгiм келмейдi. “Қой” дешi, Сүке,
мынауыңа, — деп дiрiлдей үн қатты.
— Айттым ғой жаңа. Нағыз қаһармандай болып өлу де
келмейдi сенiң қолыңнан. Қоя тұр, Ажан. Сәлден соң тек
қана залымдық бiткен мұның
кеудесiн бала-шағаға таптатып,
көкiректiгiн мұқалтайық. Жүрсiн содан, жұртқа өктемдiк қылмақ
түгiлi бiреудiң бетiне қарай алмай.
Осы кезде арғы жақтағы тоқал тамның бұрышынан сүйретiлiп
бiр кемпiр шықты. Бүгжеңдеген күйi бұларға қарап тұрды:
— Ойбай, бетiм-ау. Мынау байлаулы тұрған белсендi қайным
ба? Талайды осылай байлатып, мiлисаға айдатушы едi. Ендi өзi
айдалайын деген бе? Көтек, өрiкке шандып тастапты ғой. Бетiң
күйгiр қарабет, зауал ендiгi өзiңе жеткен екен-ау.
— Берi келiңiз, апа, берi келiңiз. Өздерiңiзге нақақтан-нақақ
зәбiр көрсетiп жүрген бұдан кек алғыңыз келе ме? Онда осы
ауылдағы кәрi-жастың бәрiн жинап келiңiз. Аяқтарыңызға
жығылдырып, кешiрiм сұратайын.
— Е, айналайын. Бұл
залым аяғымызға бас ұрғанымен,
қырылған балдар мен итжеккенге кеткен боздақтар орала қояды
деймiсiң. Бiрақ бұл да iстеген iсiне пұшайман жеп, бiрауық
өкiнсiн де. “Жина” десең, жинайын жұртты. Айтпақшы, бетiм-
ау, “жинайын” деймiн, өздерiң кiм боласыңдар? Ауылда қалған
аз ғана қалбалақтаған шал-кемпiрлер мен ашқұрсақ балаларды
алдап
жиып алып, төбемiзге жай түсiрiп жүрмеймiсiңдер?
— Жоға, апа. Бiз қайта сiздерге көмектескелi келдiк. Сiз
жұртты жинап келiңiз. Содан соң Құлтанның үйiндегi бар дүние-
мүлiктi өздерiңiзге таратып беремiз.
Кемпiр Сүлейменнiң сөзiне сенер-сенбесiн бiлмегендей,
аңтарылып бiраз тұрды. Сөйттi де бұрылып:
— А-ю-ю, Күлшәт, Есенкүл... анау жүгермектiң аты кiм едi...
И-ху, Жақаш, Ботабек, берi келiңдер. Мына бiр дәу бала Құлтанды
байлап қойыпты. Белсендiнiң үйiнен сендерге, ойбай, жоқ,
бәрiмiзге “нан әперемiн” дейдi. А-ю-ю, шығыңдар үйлерiңнен.