Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет125/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
бергенде, алдарынан бағанағы шөп шашып жүрген екi малшы 
кездестi.
— Арбаларыңды тастаңдар. Бiр ауыз сөз айтпай, керi 
бұрылыңдар да, қойларды ауылға, Жалғандыққа қарай айдаңдар, 
— дедi Сүлеймен мылтығын жоғары көтерiп қойып. 
Адам түрiнен мылтықсыз-ақ сескенетiн мұның айтқанын 
аналар екi етпедi. Арбадан түсе қап, қойларға жаяу беттедi.
— Көке, мыналарды арбаға артып алайық та, — дедi бөшкенi 
иығына мықшыңдай көтерген бiр мiлиса.
— Үнiңдi шығармай, жүр осылай. Сөйлей берсең, арбаны да 
артып қоям мойныңа.
Қорадағылардың бiреулерiне бөшке, бiреулерiне терi 
ыдыстарды көтертiп, ал малшыларға қойларды айдатқан үш 
қарақшы Жалғандықтағы мешiттiң жанына келгенде Ажандар 
бiраз жұртты жиып тұр екен. Мешiт айналасындағы жұрттың 
жүздерi үрейлi. Белсендiлердiң зорлығынан әбден зәрезап 
болған олар “бұл жолы тағы қандай қасiретке тап болар екенбiз” 
дегендей, Сүлеймендер жақындағанда, сол үрейлi һәм аштықтан 
әбден арыған жүздерiн төмен салып, отыра-отыра кетiстi. Тек 
iштерiндегi жас балалар ғана бұларға қарап, тiке тұра бердi.
— Оу, халайық! — деп айқай салды Сүлеймен жұртқа таяп 
келiп. — Көтерiңдер бастарыңды! Мына бөшкелерде сары май, 
анау терi ыдыстарда айран бар. Алыңдар бәрiн талап! Ал мына 
қойларды қайсысың қаншауын айдап кетуге шамаларың келсе, 
соншасын айдап кетiңдер! Үйлерiңе апарып, сойып жеңдер.
Мешiт түбiнде әйел-еркегi аралас үрпиiсiп отырған елу-
алпыс адам осы сөзден кейiн бастарын көтерiп, жан-жақтарына 
қарасып, өзара күбiрлестi. Бiрақ ешқайсысы орындарынан 
тұрмады. Табан астында келген олжаға сенбей отырған сыңайлы. 
Балалар қойларға қарай жүгiре берiп едi, екi-үш әйел оларды 
ұстап қап, жандарына қайта сүйреп әкелдi.
— Неге тұрмайсыңдар?! Өз малдарыңды өздерiң алуға қорқып 
тұрсыңдар ма? Қорықпаңдар ешкiмнен!
Осы жолы Сүлейменнiң даусы әсерлi шыққаны соншалық, 
тiзерлей отырған жұрт дүр етiп, бiрден орындарынан тұрды 
да, малшылар мен мiлисалардың жанында тұрған ыдыстарға 


263
Сүлеймен қарақшы
бассалды. Бiрi терi ыдыстың аузынан айранды төге-мөге 
сылқылдатып жұта бастаса, ендi бiреулерi ағаш бөшкедегi 
майды қарпып асап жатты. Одан кейiн қойларға қарай жүгiрiстi. 
Аштықтан әбден титықтаған олар қойларды шикiлей жеп 
қоярдай, бiр-бiрлеп ұстап алып, үйлерi жаққа дедектете сүйредi. 
Сүлеймен бұлардың ендi ештеңеден тайынбайтынын сездi:
— Ей, бiр-бiр қой не болады сендерге?! Әлдерiң жеткенше 
топ-тобымен айдасаңдаршы, түге. Айтпақшы, Тәңкi, бағана 
айтқан Досбол пiркәншiгiңнiң үйi қайда? “Мәгәзiн, қойма бар” 
деп едiң ғой сонда. Баста бiздi соған! Ал, жұртым, бiраздарың 
үйлерiңе қой айдаңдар! Қалған бiразың бiзге ерiңдер! Қоймадағы 
ұнды керегiмiзше бөлiсiп алайық!
Әп-сәтте айналаны азан-қазан қылған адамдардың бiразы 
Сүлеймендерге ерiп, мәгәзiн-қоймаға келдi. Ергендердiң iшiнде 
әсiресе балалар көп. Олар да бiледi, мәгәзiнде тәттi қант пен 
кәмпит бар екенiн.
Тәңкi мен Сабашты алдына салып, қоймаға жеткенде 
Сүлеймен Ажанға бұрылды:
— Бiрдеңенi ұмытыппыз-ау. Сен дереу бұрыл да, мешiтке 
шап! Анау екi мiлиса мен малшылар бiзден қалып кетiптi ғой. 
Нәлетiлер жұртты үркiтiп жүрмесiн. Бәрiн айдап, осында әкел!
Осы кезде күйдiрген қыштан соғылған мәгәзiннiң iшiнен 
бiреу шыға келдi:
— Не қылған шу бұл? Өңкей жалаңаяқтар неғып жиналып 
қалған мұнда?! Тәңкi, жаныңдағы ат үстiндегiлер кiмдер? 
Құрт, артыңдағы тобырдың бәрiн көздерiн мөлитпей!
— Бұның кiм? — дедi Сүлеймен Тәңкiге.
— Пiркәншiк Досбол — осы.
— Аязбек, жаман әңгiдей ақырып тұрған неменiң мойнын 
бұрап алшы. Есi кiрсiн.
Досбол аттылардың кiмдер екенiн аңғарып үлгергенше, 
Аязбек оған жетiп барды да желкесiнен бүрiп, басын тақымына 
басты. Ол екi қолымен Аязбектiң санын сабалап, қиқылдап-
шиқылдаудан басқаға мұршасы жетпедi.
— Ендi мәгәзiнге кiрiп, iштегi заттардың бәрiн талаңдар!


264


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет