Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет127/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
де өкпесiн суырып алмасам, несiне Сүлейменмiн?! Тайсақтамай, 
соңымнан жүре берiңдер!
Iңiр қараңғысында бес салтатты тасырлата ауыл iшiне 
кiргенде, бейсауат жүрген бiр адамның сұлбасы көрiнбек түгiлi, 
арсылдап үрген иттiң де даусы шықпады. Адамды қойшы, қараңғы 
болысымен үй-үйлерiне тығылар. Ал иттерге не көрiнген? 
Әлде, бұл ауылдың иттерi де, адамдары секiлдi белсендiлерден 
ығып, үн шығармайтын болған ба? Жоқ, олар да егелерi сияқты 
аштықтан бұралып, дыбыс шығаруға әлдерi келмей, таса-тасада 
бұғып жатыр ма? Әйтеуiр түн құшағы бауырына алған ауыл iшi 
тым-тырыс.
— Құданың құдыретi, мына ауыл тура бiр мола сияқты ғой. 
Терезелерден жалтыраған от та көрiнбейдi. Түгел қырылып 
қалғаннан сау ма өздерi? Еш болмаса шәуiлдеген иттiң де даусы 
естiлмейдi.
— Бағана көрдiк қой, Сүлеймен. Ауылдардың күндiзгi сиқы 
анадай болғанда, түнгi кейпi қай оңсын. Мына Тәңкiлер бұл 
жердiң тұрғыны тұрмақ, иттерiн де қаңғытып жiберген-ау 
шамасы.
— Қойыңыз, Аяке, олай демеңiз. Бұл ауылға менiң түк қатысым 
жоқ, — деп мәймөңкеледi Тәңкi.
— Iлгерiде түнгi ауылдың итi үрiп, жылқысы кiсiнеп, бұзауы 
мөңiреп жатушы едi. “Ел ауып, жұрт тозды” деген осы ма, әлде? 
Аспан ашық, жұлдыз жарқырап тұрса да, ауыл үстiндегi тамұқтың 
төрiндей шусыз қапас тыныштық көңiлiме жайсыз тиiп тұрғанын 
қараңдаршы. Елде еңсе көтерер арда азаматтың шынымен бiрi 
қалмағаны ма, — деп күрсiндi Сүлеймен. — Тәңкi, Құлтанның 
үйi осы маңда емес пе едi?
— Тура келе жатырмыз. Әне бiр алдымызда қараңдап көрiнген 
еңселi үй соныкi.
Айнала қараңғы болса да, жан-жақтағы қамыспен жабылған 
шошала үйлер мен тоқал тамдарға қарағанда, шынында, 
Құлтанның үй-жайы еңселi көрiнедi-ақ екен. Бергi жақтағы екi 
терезесiнен де шамның жарығы көрiнедi. Бұлар сол үйге таяғанда 
алдарынан арсылдап, бiр ит шыға келдi. Тәңкi өтiрiк айтпапты. 
Иттiң дәулiгi бiр-екi жасар тайқарға жетеғабыл. Даусы да жуан. 


267
Сүлеймен қарақшы
Күрк-күрк етiп үрген күйi жүгiрiп келдi де, алдағы Сүлейменге 
атылды. Сүлеймен аяғын үзеңгiден шығарып, иттi бiр тептi. 
Бiрақ тепкi оған тимедi. Ит тағы секiрiп атылғанда қарагер солға 
кiлт бұрылып айналды да, оны бiр тептi. Ат соққысы дүңк етiп 
қабырғасына тидi. Ит аунап түстi. Артынша қайта тұра келiп, 
қисаңдаған қалпы жанындағы Тәңкiге жармасты. Тәңкiнiң 
астындағы ат үркiп, кейiн шегiндi. Ал ит ер үстiндегi Тәңкiнiң 
аяғына жармасқан күйде айрылмай, атпен бiрге сүйретiлдi.
— Ойбай, аяғым, аяғым. Мына пәле аяғымнан тiстеп алды. 
Тәңкi бақырып, иттiң басын қамшысымен сабап жатыр. 
Алайда оның сабауын анау ит елең қылмай, аяғынан айрылар 
емес. Аттылар оған не дауа қыларын бiлмей, бiр сәт тұрысып 
қалысты. Тәңкiнiң жаны көзiне көрiнiп, ат үстiнде тыпырлап, 
айқайын одан сайын үдеттi.
— Өй, әкеңнiң… — деп Сүлеймен бiр ақырды да жөңкiп 
келiп, Тәңкiнiң аяғына жармасқан иттiң желкесiне жармасты. 
Сол күйi иттi тартып алып, мойнын тақымына қысты. Ит тектi 
арланның тұқымы ма, қыңқ деп дыбыс шығармады. Сүлеймен 
оны тақымына қысқан бойы есiк алдына дейiн сүйретiп барды. 
Осы кезде үйден бiр әйел, артынан денелi бiр еркек шықты. 
— Ой, оңбаған, көргенсiз нәлетi. Менiң үйiмнiң алдына атпен 
ойқастап келетiн қайсың бұл?! Нәзия, үйдегi наганда алып 
шықшы! Бiр атып, атын да, өзiн де жайратып тастайын, — деп 
ақырды еркек.
Оның анық Құлтан екенiн бiлген Сүлеймен тақымындағы иттi 
тастай салып, атынан секiрiп түстi. Есiк алдында тұрған еркек 
не болып жатқанын аңғарғанша, жанына жетiп барып, Құлтанды 
жағадан ала кеттi. 
— Өй, өй, кiмсiң-ей, сен?! Тоқта деймiн. Менiң кiм екенiмдi 
бiлесiң бе? Өй, атаңа нәлет! Тарт-әй, қолыңды! Түрмеде шiриiн 
деп жүрген бiреу ме, мынау, — деп Сүлейменнiң бiлектерiне 
жармасып, өктемсiп айқайлады.
Әлi танымадың ба менi, сұмырай?
— Ойбай, Нәзия, менi “сұмырай” дейдi-әй, мынау. Жүгiр, 
әкел шапшаң наганды! Бойы көк тiреп тұрған албастының 


268


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет